"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАУДЫҢ БАСЫ…

11.05.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының әкімдігі мен семейлік жеке кәсіпкер арасында жерге қатысты дау туындап отыр. Осыдан төрт жыл бұрын Анар Байкенова есімді кәсіпкер аукционда Әуезов даңғылы бойындағы 300 шаршы метр жер телімін сатып алған. Мұнда ол офис салуды жоспарлаған. Қолында нысанды салуға арналған рұқсат құжаттары болғандықтан, кәсіпкер бірден құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Алайда қала әкімі Ермак Сәлімов өткен жылдың күзінде осы жерге келгенде құрылыстың заңсыздығына көз жеткізген. Содан бері жер дауына қатысты іс сотта қаралуда.

Әуезов даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында орналасқан жер телімі рекреациялық аумақтар қатарына  жатады әрі жалпыға ортақ жер учаскесі ретінде тіркелген. Сондықтан мұнда, заң бойынша, құрылыс нысанын жүргізуге болмайды. Кәсіпкердің офис салуына осы маңайдағы қала тұрғындары түбегейлі қарсы. Олардың айтуынша, мұндағы жасыл желек жойылып, балалар алаңқайы алынып тасталған.

— Менің мұнда тұрғаныма 38 жыл болды. Ағаштарды да өз қолыммен отырғызып едім. Дәл осы аумақта балалар асыр салып ойнап, біз серуенге шығатынбыз. Енді қазір біз отырғызған көшеттердің бірі де жоқ, аяусыз кесіп тастады. Құрылысшылардың ағаштарды кескенін ұялы телефоныма түсіріп алдым. Бәріміз бір кісідей жылап тұрдық,- дейді кәсіпкерге назын білдірген Ирина Безродная.

Мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Ерлан Әубәкіровтің сөзінше, ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелері жалпыға ортақ жерлер тізімінен алынып тасталған кезде ғана жекенің қолына өтеді. Ал аталмыш жер телімі әлі де қоғамға ортақ аумақ болып отыр. Бұдан бөлек, аукционға қойылған уақытта даулы жердің мекенжайы Затаевич көшесі, 35 «А» деп көрсетілген. Бірақ жер телімі Әуезов даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысында орналасқан. Сондай-ақ жер учаскесін сату, сатып алу туралы мәселе Қоғамдық кеңесте де, қала құрылысы кеңесінде де қаралмаған көрінеді.

— Осы сынды даулы жерлер қалада көп. Қоғамдық аумақтардың жекеменшікке қалай өтіп кеткенін нақты ешкім білмейді. Бұл — жылдар бойы қордаланған мәселе. Ондай жерлерді анықтап, мемлекеттің қарамағына қайтарамыз. Ал аталмыш жер учаскесіне келер болсақ, жер телімі аукционға заңсыз қойылған. Себебі бұл жер рекреациялық аумаққа жатады және ешқандай құрылыс нысандарын салуға рұқсат берілмейді. Даудың соңғы нүктесі сотта қойылады,- деді Ермак Бидахметұлы.

Соттың шешімі жергілікті биліктің, көше тұрғындарының пайдасына шешілсе, аталмыш аумаққа қайтадан көшеттер отырғызылып, «Менің аулам» жобасы бойынша абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Әкімнің айтуына қарағанда, Семейде жасыл желекке зақым келтіріп, көлік тұрақтарын заңсыз кеңейту сияқты іс-әрекеттер көп. Бүгінде кәсіпкерлердің заңға қайшы әрекеттеріне байланысты мониторинг жүргізілуде.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС