"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БІРГЕ ЖАРҚЫРАЙМЫЗ!» СЕМЕЙДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

22.05.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Астана қаласының 20 жылдығына орай, Семей қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектепте халықаралық «Бірге жарқыраймыз!», «Менің жасыл қалам Семей» экологиялық фестивалі өтті. Фестивальға қала әкімі Ермак Сәлімов, «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту» қоры төрағасының орынбасары Татьяна Немцан, білім саласының мамандары, ұстаздар мен ата-аналар, жастар қатысты. Айта кетейік, фестивальдың ұйымдастырушысы – «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту» қоры және БҰҰ «Даму» бағдарламасы.

Фестивальдың басты идеясы – ақылды технологияларды қалаларда тұрақты түрде дамыту, суды үнемді пайдалану, энерготиімділікті арттыру, тұрмыстық қалдықтарды бөліп тастау, балаларға төтенше жағдай кезінде жасалатын іс-қимылдарды үйрету.

— Астана қаласынан бастау алған фестиваль Семей шаһарында жалғасуда. «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің де мақсаты экологиялық мәселелердің алдын алып, «жасыл» экономиканы дамыту болатын. Бұл – қоғамда «жасыл» экономиканы дамытып, экологиялық мәселелердің алдын алуға ықпал етері сөзсіз. Қоршаған ортаны қорғай отырып, біз болашағымыздың жарқын болуын қамтамасыз етеміз,- деп атап өтті Ермак Бидахметұлы.

— Астана, Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Сәтбаев қалаларынан кейін алтыншы сіздердің шаһарларыңызға келіп отырмыз. Ары қарай еліміздің әр аймағында экологиялық фестиваль ретінде жалғастырмақпыз. Басты мақсат – оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар арасында экологиялық мәселені көтеру, экологиялық мәдениеттің деңгейін арттыру. Фестиваль өткен қалаларда 2-3 мыңнан    астам      адам   атсалысты. Семей қаласының жергілікті атқарушы билік өкілдерімен қоса, кәсіпкерлері де идеямызға қолдау танытып жатыр. Бұл тамаша,- деп атап өтті «Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау» қоры фандрайзинг департаментінің директоры Ермек Мажитов.

№3 орта мектептің оқушысы Ақнұр Серікқалиеваның айтуынша, ұлт саулығы жолында халықаралық шараның маңызы зор. «Қоршаған ортаның тазалығы мен таза ауасы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында қолдау тапты. Елді, жерді көркейту, көгалдандыру халық денсаулығы үшін маңызды. Бұл — жай ғана экологиялық шара емес, өмірлік маңызы бар дүние. Жас ұрпақтың өнегелі бастамасы өміршең болсын,- деп атап өтті.

Бұл күні шеберлік сыныптары, шығармашылық зертханалар, қалдықтарды жинаудың және сұрыптаудың тиімді әдістері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Белсенділер Түйемойнақ аралынан бастап Ертіс өзенінің жағалауында сенбілік өткізіп, 500-ге жуық тал отырғызды.

Шара аясында мұғалімдердің ұсыныс-пікірлері де ескерілді. Қоршаған орта проблемасын экология пәні шеңберінде ғана емес, басқа пәндердің аясында оқытуды кіріктіру мәселесі қарастырылып жатқаны да айтылды.

Қорытындысында фестивальдың үздік қатысушылары «Бірге жарқыраймыз!» атты шараны ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, еліміздің 16 қаласын қамтыған соң, фестиваль Армения елінде жалғаспақ.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС