"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БҰЛ КЕШ БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕШЕ

25.05.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінгі күнге дейін 40 мыңға жуық түлектің алтын ұясына айналып, қанат қақтырған Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай жоспарланған бірқатар ауқымды іс-шаралар шеңберінде 21 мамыр күні 706 бітіруші түлекке диплом табыстау кеші өзгеше сипатта Семейдің Орталық алаңында өтті. «КазГЮИУ mega party» мерейтойлық концерті ұйымдастырылып, Қазақстан эстрадасының бір топ әншілері өнер көрсетті. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен университет ректоры Шырын Құрманбаева үздік бітірген түлектерге дипломдар табыс етті.

ҚазИГЗУ-дің тарихы 1998 жылдан, Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалынан бастау алады. Жоғары оқу орындарын оңтайландыру және нығайту үрдісіне байланысты Семей қаласының заң институты мен Мұхтар Әуезов атындағы университеттің бірігуі нәтижесінде Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті болып қайта құрылды. Қазіргі таңда университетте 5 мыңнан астам студент 28 бакалавриат, 9 магистратура және 6 PhD докторы мамандықтары бойынша білім алуда. Оқу ордасында заң, гуманитарлық, ақпараттық технология және экономика сынды үш факультет бар, 12 кафедра жұмыс істейді.

«Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Біз сөз етіп отырған білім ордасы 20 жылдың ішінде талай білімді шәкіртті түлетіп ұшырды. Бүгінде олардың барлығы дерлік республиканың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде.

— Құрылғанына көп уақыт болмаса да, университет білім беру жүйесінде ойып тұрып орын алды. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам, заман талабына сай оқыту жүйесі – бұл ҚазИГЗУ-дің жетістігі. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Жастардың болашағына жолдама беру – абыройлы іс. Осы орайда жастардың рухани жаңғырып, білім алуына зор үлес қосып жатқан ордалы оқу орнының ұжымына зор алғыс айтқым келеді. Елорданың 20 жылдығымен қатар келген мерейтойларыңыз құтты болсын! Білімді болуға ұмтылу – қанымызда бар қасиет. Бәсекеге қабілетті маман болудың басты факторы – білім. Білім мен ғылым қуған жастарға Семейдің есігі қашанда ашық. Білім алып, топтан озып, табысты болыңдар! Ел аман, жұрт тыныш, болашақ жарқын болсын! — деді өзінің құттықтау сөзінде шаһар басшысы Ермак Сәлімов.

Әкімнің құттықтау тілегінен кейін сөз алған университет ректоры, саяси ғылымдар докторы Шырын Құрманбаева биылғы жылдың 21-ші мамыры тарихи айтулы күн екенін, жиырма жылда тындырылған ілкімді істердің көп екенін айтып, бітіруші түлектерге ақ жол, сәт сапар тіледі.

Оқуда озат болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан бітірушілерге қала әкімі мен университет ректоры қызыл дипломдарды тапсырды. Кеш қонақтары ретінде шақырылған «Семей таңы — Вести Семей газеттері» ЖШС директоры Риза Молдашева, филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек сынды танымал азаматтар түлектерге диплом тапсыру құрметіне ие болды.

Думан Кенжеғазин — қолына диплом алып, үлкен өмірге қадам басқан түлектердің бірі. Ақпараттық технологиялар және экономика факультетін үздік тамамдаған ол төрт жыл бойы, оқумен қатар, қоғамдық жұмыстарға да атсалысты. Қазір «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Семей қалалық бөлімшесінің қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүр. Келешегінен зор үміт күттіретін Думан өз университеті жайында мақтанышпен айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

— ҚазИГЗУ маған сапалы білім берді. Қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігімнің арқасында жан-жақты тәжірибе жинақтадым. Университет басшылығы үнемі қолдау білдірді. Ұстаздарым ақыл-кеңесін аямады. Соның нәтижесінде көкейіме біраз дүниелерді түйдім. Осы орайда оқытушыларыма алғыс білдіргім келеді. Алда жоспарлар көп. Ел дамуының даңғыл жолында өз үлесімді қоса бермекпін,- дейді жас маман Думан Кенжеғазин.

Белгілі тележурналист Нұрсұлтан Құрманның тізгіндеуімен өткен кеш соңы Айбек Бекбосынов, Маржан Арапбаева, Ерболат Құдайберген, Әли Оқапов сияқты өнер жұлдыздарының орындауындағы ән мен күйге ұласты.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС