"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН НАН ТӘТТІ

28.05.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семейдегі Бизнес және сервис колледжінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Оған «Силикат» ЖШС, «Семей кеме жөндеу зауыты» ЖШС сияқты іргелі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысып, жұмыс іздеген жастарға бос жұмыс орындарын ұсынды. Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арнайы білімі жоқ және өз ісін ашамын деген жастарға шаштараз, аспаз, массаж жасаушы сынды кәсіптерді оқып үйренуге шақырды.

Осы орайда «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалының директоры Эльзира Жүнісованы сөзге тартқан едік.

— Біз қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен биылғы бітірушілер мен бұрынғы бітіріп кеткен түлектерді жұмыспен қамтуға ықпал етпекпіз. Мақсат — жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарына, олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ауылдан қалаға келген жастарға кәсіпорындар мен мекемелердегі бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмыссыздарға бағыт көрсету, өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. Жастар қол қусырып қарап отырмай, өздері де жұмысқа орналасуға ниет білдіруі керек,- дейді Э.Жүнісова.

Эльзира Жүнісованың айтуынша, қазір жұмысшы мамандығына еңбек нарығында сұраныс көп болғанымен, жастар осы мамандықтар бойынша жұмыс істеуге құлықсыздық танытып отыр.

— Жасыратыны жоқ, жасырын жұмыссыздық та орын алып отыр. Осының бәріне қоғам мүшесі ретінде бейжай қарауға болмайды. Қолдан келгенше жастардың белгілі бір кәсіптің құлағын ұстауға қол ұшын созуымыз керек. Бұл мәселе қала бойынша әлі толық зерделеніп болған жоқ. Сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланып, жастарды жұмыс орындары туралы құлағдар етіп отырамыз. Ал оқу орындарына беретін мамандықтары бойынша қандай бос жұмыс орындары бар екенін электронды пошталарына жібереміз,- дейді Э.Жүнісова.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне келгендер қатарында Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің биылғы бітіруші түлегі Мадина Сәрсенбаева да бар. Қаржыгер-экономист мамандығы бойынша білім алған ол осы жылы бірден жұмысқа орналасып кетуді мақсат етіп отыр. Оның сөзіне қарағанда, әзірге жұмыс орнының еңбекақысы емес, тәжірибе жинақтап, білікті маман атану маңызды.

Жалпы, осы жолғы жәрмеңкеде қаламызда жастарға лайықты жұмыс орындары ұсынылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысуға ниет білдірген азаматтардың да құжаттары тиісті орындарда қабылданатын болады.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС