"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!

28.05.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Соңғы қоңырау сыңғырлады. Тағы бір оқу жылы аяқталып, жас түлектер үлкен өмірге қанат қақты… 25 мамыр күні еліміздегі мектептердің барлығында Cоңғы қоңырау салтанаты өтті.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы 80 жылдық тарихы бар №18 жалпы орта білім беретін мектепте түлектерді құттықтап, сәт сапар тіледі.

— Құрметті ұстаздар, ата — аналар, мектеп бітіруші түлектер және оқушылар! Оқу жылының аяқталуымен барлықтарыңызды құттықтаймын,- деген Ермак Бидахметұлы мектеп бітірушілерге жылы лебізін білдірді. — Түлектер мектеп партасымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағайын деп отыр. Қымбатты түлектер, алдағы өмірде Сіздердің кім болатындарыңыз маңызды емес, бәлкім, ұстаз, инженер, қаржыгер, ақын боларсыздар. Ең бастысы — 11 жыл бойы ұстаздарыңыз бойларыңызға сіңірген адалдық, әділдік, тәрбиелілік, еңбекқорлық сынды адами қасиеттер. Аталған игі қасиеттер өмірден өз орындарыңызды тауып, «кірпіш болып қалануларыңызға» жол ашады деп ойлаймын.

Мектептегі салтанатты жиынға арнайы қатысқанын жеткізген қала әкімі білім ошағының 80 жылдық мерейтойына еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті алыс-жақын шетелдерден де мектеп түлектерінің келуі мектеп пен ата-ана, түлектер арасындағы қарым — қатынастың жоғары деңгейде екенін көрсететінін атап өтіп, оны мектеп әкімшілігі мен педагогтердің еңбегімен тікелей байланыстырды.

— Қазір елімізде жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, сапалы білім беретін мектептердің материалдық – техникалық базасы нығайған. Бұл үрдіс Семей қаласында да жалғасын тауып келе жатыр,- деген қала әкімі бұл ретте ұстаздар қауымына да артылар жүктің зор екенін атап өтті.

Салтанатты жиында түлектермен бірге сынып жетекшілерінің де толқып тұрғанын байқауға болады. 11 «Б» сыныбының жетекшісі Ирина Цветкова:

— Бүгін ерекше күн, соңғы қоңырау. Түлектер үшін толқулы сәт. Шәкірттеріме сәттілік тілеймін,- десе, 11 «А» сыныбының жетекшісі Жанар Нысанғалиқызы:

— Оқушыларымыз армандаған армандарына, мақсаттарына жетсін. Қалаған мамандықтарының иесі болсын, оларды тек биіктерден көрейік,- деген тілегін білдірді.

Енді 11 жыл бойы біліммен, тәрбиемен қаруланған түлектер де ұстаздар мен ата-аналарының үмітін ақтау үшін барын салмақ.

— Бүгін, міне, біз алтын ұя мектебімізден түлеп ұшқалы тұрмыз. Барлық түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтарына оқуға түссін деген тілегім бар. Ата-аналарымыздың, ұстаздарымыздың үмітін ақтайық. 11 жыл бойы біліммен, тәрбиемен сусындатқан мектеп ұжымына, еркелігімізді көтеріп, дұрыс бағыт-бағдар берген ұстаздар қауымына айтар алғысымыз шексіз,- деді жас түлек Темірлан Бейсенбин.

Айта  кетейік, қаламызда  жалпы 43 464 оқушы оқу жылын аяқтады. 11 сыныпты 1 920 шәкірт бітірген. Олардың 67-сі «Алтын белгіге», 56-сы үздік аттестатқа үміткер. Ал өткен жылы қала мектептерінен түлеп ұшқан 1 701 түлектің 54-і «Алтын белгіге», 72-сі үздік аттестатқа ұсынылған. Түлектердің 72 пайызы, яғни 1 231 оқушы ҰБТ-ға қатысып, орташа балл 82,2 көрсеткішін көрсеткен. Республика бойынша орташа балдың 80,2 болғанын ескерсек, біздің шәкірттердің көрсеткіші қуанарлықтай. Ал биыл түлектердің 75,7 пайызы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріпті. Олардың сыннан сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірген қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнар Оразбекова жыл санап білім саласындағы көрсеткіш көтеріліп келе жатқанын айтады.

Биылғы Соңғы қоңырау салтанаты Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін тарихи оқиға деуге болады. Себебі биыл білім ошағы қабырғасынан 12 сыныпты аяқтаған алғашқы түлектер үлкен өмірге қанаттанбақ.

Аталмыш мектепте 7-12 сынып аралығында білім алатын 693 оқушы оқу жылын ойдағыдай аяқтаса, 137 бала партамен қоштасқан. Олардың 5-уі — «Алтын белгіге», 29-ы — үздік аттестатқа үміткер. Қазіргі күні 14 түлек шетелдік және отандық маңдайалды оқу орындарының гранттарын ұтып алған.

Соңғы қоңырау салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова арнайы қатысып, мектеп ұжымы мен түлектерге арнаған ыстық ықыласқа толы тілектерін жеткізді.

Барлық мектептердегі салтанатты жиында 2017-2018 оқу жылында білім мен өнерде, спорт пен шығармашылықта үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылар, ұстаздар марапатталып, мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС