"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ БАСТЫ НАЗАРДА

15.06.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Суға шомылу маусымының басталуына орай, Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы 12 маусым күні БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. БАҚ өкілдерімен кездесу барысында қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы жазғы суға түсу маусымы, өрт қауіпсіздігі жайында жан-жақты сөз қозғады.

Баспасөз мәслихатында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Марат Дәулетин өткен жылы суға шомылу маусымында 7 адамның суға кеткенін атап өтті. Ал биылғы суға түсу маусымы басталар – басталмастан екі адам суға кетіп үлгерген. Оның бірі Жезкент кентінің тұрғыны болса, екінші адамның кім екені анықталу үстінде.

Марат Дәулетин шомылу маусымы басталмас бұрын барлық білім ордаларында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналар мен балалардың құлағдар болғанын, қазақ және орыс тілінде жаднамалар таратылғанын айтты. Қазір арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізетін топ пен құтқарушы үйірмелері жұмыс істеуде. Су көліктерінің, оның ішінде гидроциклдер санының артуы да басты мәселеге айналған.

— Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шомылу маусымы басталғаннан бері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп су қоймалары мен шомылуға арналмаған орындарда әр аптада рейдке шығуда. Сала мамандары рейдте арнайы жаднамалар таратып, балаларға ескерту жасап жүр. Шомылуға келушілердің қарасы түстен кейін көбейеді. Қала тұрғындары, арты қайғылы оқиғаларға алып келмес үшін, сақтық пен қауіпсіздікті ұмытпағаны абзал,- дейді Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының Семей қалалық бөлімшесінің басшысы Айтбек Сатыбалдин.

Өрт қауіпсіздігіне қатысты журналистер сауалына Семей қаласы ТЖБ Мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімі (МӨББ) бастығы Ернар Жәлелов жауап берді. Оның айтуынша, 2017 жылы 212 өрт оқиғасы орын алып, 132 адам құтқарылыпты. Оның 32-сі — балалар. Тілсіз жаудың кесірінен 4 адам қаза тапқан. Ал биылғы жылы 273 гектарды қамтыған орман өртінің орын алғаны семейліктердің есінде.

— Біз қол қусырып отырған жоқпыз. БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Ауылдық жерлерде әкімдік қызметкерлерін қатыстыра отырып, орман және дала өрттерін өшіруге байланысты оқу-жаттығу шараларын тұрақты өткізіп тұрамыз. Балалардың демалу орындарына да тұрақты рейдтер жүргізудеміз. Табиғат аясында демалушылардың өртке жол бермеулері тұрақты назарда, — деді Ернар Ермекұлы.

Семей өңірінде 6 өрт сөндіру посты бар. Олардағы техника 80 пайызға жаңартылған екен. Биыл тағы да жаңа техникалар алу көзделуде. Сәтін салса, Бөкенші ауылында да өрт сөндіру постын орнату жоспарлануда. Бұл пост тұрғындарының саны 3 мың 730 адам болатын 3 ауылды қамтымақ.

— Өткен жылы 9 дала өрті және 25 өрт ошағы орын алды. Осының 12-сін ерікті өрт сөндірушілер өз күштерімен ауыздықтады. Сондай-ақ орын алған 37 орман өртін жергілікті шаруашылықтар, біздің араласуымызсыз, өздері өшіре білді,- деді Ернар Жәлелов.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС