"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛДЕРІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАСЫН

15.06.2018
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жаһандану дәуірі шаһар тұрғындарын жүргінші мен жүргізуші деп екі үлкен топқа бөліп тастады. Соңғы жылдары қай шаһарда болмасын жол құрылысы кезінде жер асты өткелдері назардан тыс қалып, қаржы бөлу жағы мүлдем тоқтап тұр. Бұл мәселеден біздің Семей де тысқары қалып тұрған жоқ.

Осы қазіргі қалыптасып отырған жағдай семейлік жаяу жүргіншілердің орынды наразылығын туғызып отыр. Бұл наразылық Семей қаласының жолдарын жөндеуге бөлінген 2 млрд. 400 млн. теңгеден жер асты жолдарын жөндеуге бір тиынның да бөлінбеуінен туындап, қала тірлігіне бейжай қарамайтын жандар орынды дабыл көтерді.

Бүгінгі таңда Семей қаласында 8 жер асты өткеліжәне бір жер үсті өткелі бар,бірақ солардың төртеуі ғана замана талабына жауап береді.

«Семей таңы» газеті журналистерінің жүргізген зерттеуі нәтижесінде шаһарымыздағы жер асты өткелдерінің басым көпшілігі КСРО құрдымға кеткеннен бері еш күрделі жөндеу көрмеген екен. Солай болғанымен де қала әкімшілігі осы мәселені шешуге зор ынта танытып отыр. Дегенмен осы өткелдерден жаяу жүргіншілердің, аз жүруіне және көп жүруіне қатысты, шағын және орта бизнес өкілдері аталған объектілердің жартысында өз істерін ашуға құлық танытып отырған жоқ. Билік пен бизнес арасындағы әріптестіктің қаламыздағы 4 жер асты өткелін тиімді игеруге мүмкіндік бергенін ашық айтуға тиіспіз.

— Шәкәрім даңғылындағы жер асты өткелі көпжылдан бері апатты жағдайда. Басшылықтағылар бұл жағдайдың орын алуын жөндеуге бөлінетін ақшаның жоқтығына апарып тірейді. Шындығында, бұл жерде жарық атымен жоқ. Кішкентайы барлардың сәбиарбасыөткел баспалдағымен әзер жоғары көтеріледі. Қыста жылтыр мұздан тайып жығыла жаздайсың. Ал мынау қаланың қақ ортасындағы өткел. Кей өткелдерді көптен бері түнгі мезгілде қаңғыбастар мекен етіп жүр. Осыны жергілікті билік қаперіне алса екен,- дейді Семей қаласының тұрғыны Анна Сергеевна.

Қаладағы 4 жер асты жолы сауда-саттық пен шағын кәсіпкерлікті жүргізуге қолайлы болып отыр. Ал бір сағатта автобустан 3-4 адам ғана түсетін Достоевский аялдамасы жанындағы жер асты өткелі туралы бұлай дей алмаймыз. Біз осы жер асты жолдарында саудасын қыздырып жатқан бизнес өкілдерінің жұмысына разы болдық. Тып-тинақтай тазалық көңілімізді көктем етті.

Осы журналистік зерттеу барысында қаламыздағы жер асты өткелдерін екі топқа бөлу керек деген тоқтамға келдік. Бірінші топқа жататындарға орта және шағын бизнес құлық танытып, белгілі бір деңгейде оған жұмсалатын шығынның жартысын көтеріп алып, іші-сыртын күтіп ұстауды өз мойнына алса, екінші топқа жататындар тікелей тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы басқаруында қала береді. Міне, осы тікелей қала билігі қарауында қалған жер асты өткелдері жұрт алаңдаушылығын орынды туғызып отыр.

Осы мәселеге қатысты Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысыСерікқали Жұмановқа жолығып, пікірін білдік.

— Жұрттың арасына тараған Семейдегі жол жөндеуге бөлінген қаржы жер асты өткелдеріне дежұмсалуға тиіс деген қате пікірді бізде естіп жатырмыз. Бұл ақшаның жер асты өткелдерін жөндеуге еш қатысы жоқ. Жалпы, Семей қаласында 8 жер асты өткелі бар. Барлығы біздің есебімізде тұр. Қолданыстағы заң бойынша осы жер асты өткелдерінде өз кәсібін ашамын дегендердің қолын қаққан жоқпыз. Қайта Семей қаласының қаржы бөлімімен бірлесіп, қолымыздан келген бар жағдайды оларға жасап жатырмыз. Бұл әріптестік 1998 жылдан бері жалғасып келеді. Осы жерлерді жалға алғандар күтіп ұстау мен тазалығын қолға алады. Осылайша, Әуезов даңғылындағы, Базар маңындағы және Қабанбай батыр мен Қайым Мұхамедханов көшелеріндегі жеке кәсіп иелері өз шаруаларын дөңгелетіп жатыр. Қалған 4 нысанды «Зеленстрой» мекемесі арқылы өзіміз күтіп ұстаудамыз. Бір қынжылтары — өткелдердің ішін жарықтандыру үшін біз қойған электр шамдарын мәдениеті төмен кейбір тұрғындар бұрап алып кетеді. Қайта-қайта қоя бергенге бізге бөлінген бюджет қаржысы көтермейді. Оның үстіне біздегі әр тиын есептеулі.Бір өкініштісі,соңғы 5 жылдан бері күрделі жөндеуге мүлдем ақша бөлінбей келеді. Биыл мен осы жер асты өткелдеріне су кірмесін, жауын іші мен маңын көлкітпесін деп қаржы бөлуді сұрадым. Екі өткелдің төбесіне жөндеу жасау үшін сметалық-құжаттамалық есептеуді дайындап, 16 миллион қаржы алдық. Осы бөлінген қаржыға екі өткелдің төбесін жабамыз. Жөндеу жұмысы басталып та кетті. Аманшылық болса, маусым айының соңында бітіреміз. Қазір Қабанбай батыр көшесіндегі өткелдің төбесі жабылып бітті. Бұл жұмыстарды мердігер компания «Металлист» ЖШС атқаруда,- деді бөлім басшысы.

Қаламыздағы биылғы тағы бір жағымды жаңалық Орталық алаңдағы жер үсті өткелінің пайдалануға берілуі болды. Серікқали Жұмановтың сөзіне сүйенсек, жер үсті өткелі 2014 жылы құны 74 миллион теңгеге бағаланып жоспарлаған екен. Құрылысы 4 жылға созылып, биыл көктемде аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

— Осы сияқты өткелді халық көп жүретін Медицина университеті және №21 мектептің жанынан салуды ойға алған болатынбыз. Бірақ қазір оның құны 100 миллион теңгеден асып кететін болып тұр. Әрі салынған өткелде түсіп-шығуы қиын мүгедектерге жағдай жасалмай қалды. Бұл біздің кінәміз емес. Игерілмеген қаржыға құрылысты салып бітіретін мердігерді зорға таптық. Қала әкімі Ермак Сәлімов ШҚО әкіміне шығып, сақалды құрылысқа нүкте қойып, шаһар тұрғындарына сыйлық жасады. Жеңіс мерекесі қарсаңында ашып, жұртты бір қуантты,-дейді Серікқали Жұманов.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

9 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

9 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

9 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

14 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

14 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

14 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС