"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛАЙША ҚИЯМЫЗ, ҰШЫРСА ҰЯМЫЗ!

19.06.2018
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Оқушылық өмірмен қоштасу – өмірдегі жарқын әрі толқынысты сәттердің бірі. Бұл күні болашаққа арманмен және сеніммен қадам басқан әр түлек қуаныш пен қобалжу сезімдерін бойдан өткеретіні анық. Осындай қимас кештердің бірі жұма, 15 маусым күні Семейдегі Орталық алаңда өтті.

Биыл Семей қаласында 1926 түлек мектеп бітіріп, оның 67-сі «Алтын белгі», 57-сі үздік аттестат иегері атаныпты. Түлектерді осы маңызды күнмен құттықтауға шаһар басшысы Ермак Сәлімов арнайы келді.

— Мектеп бітіріп, балалық шақты артта қалдырып, жаңа белестерге қадам басқалы отырған түлектер үшін бүгін ерекше күн. Алдарыңызда жауапты міндет тұр. Ол – мамандық таңдап, өз болашақтарыңызды айқындау. Мемлекет басшысы: «Білім – ұлы күш. Адамзатты терең ойға кемел білім жетелейді»,- деп атап өткендей, ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Еліміздің болашағы – білімді жастар. Биыл қаламызда 1926 түлек мектеп бітіріп, үлкен өмірге жолдама алды. 67 оқушы «Алтын белгіге» ие болды. 57 оқушы үздік аттестат алды. Бұл — тынымсыз еңбектің жемісі, оқушының жеңісі. Сіздердің қалаған мамандықтарыңыздың иелері болуларыңызға тілектеспін. Қуаныш ұзағынан болсын. Білім алып, топтан озып, табысты болыңдар. Үлкен өмірге басқан қадамдарың сәтті болсын. Баршаңызға ақ жол тілеймін!- деген шаһар басшысы Ермак Сәлімов «Алтын белгі» иегерлеріне салтанатты түрде аттестат табыстады. Өз кезегінде түлектер де «Болашақтың қаласы» атты кітаптарын шаһар басшысына тарту етті.

— Біз, Семей қаласының 2018 жылғы түлектері, туған қаламыздың болашағы жайлы аса зор мақтанышпен, үлкен сүйіспеншілікпен айтамыз. Қазақстанның болашағы — дені сау, білімді ұрпақ. Олай болса, адамзат баласының денсаулығы үшін біз пайдасы көп, зияны жоқ дәрі-дәрмектерді тұтынуға тиіспіз. Фармацевт мамандығын таңдай отырып, еліміздің дамуына үлесімді қосамын деген ойдамын. «Болашақтың қаласы» жобасында біз Семейді тәуелсіз Қазақстанның ең дамыған, үздік қалалары қатарынан көреміз,- дейді жас түлек Айдана Саматова.

22 жыл бұрын Семей қаласындағы №12 орта мектепті тамамдаған түлек, қазір танымал кәсіпкер, туған мектебі жанынан стадионның салынуына себепкер болған, Қазақстан спидкубинг қоғамдық бірлестігінің негізін салған және жуырда ғана аталған спорт түрінен Семейде өткен халықаралық турнирді ұйымдастырған Арман Машимов та кеш қонақтары қатарынан табылды.

— Осыдан жиырма екі жыл бұрын, тіпті бір жыл бұрын да түлектер алдында сахнада сөз сөйлеймін деп ойламаған едім. Мен кино немесе эстрада жұлдызы емес, өз елін, туған қаласын жүрегімен сүйетін қарапайым ғана семейлікпін. Бүгін, Сіздердің естеріңізде мәңгі қалатын күнде, көпшілік алдында тілек айтып тұрмын. Себебі мен де Сіздер сияқты туған қаламды жақсы көрдім және жақсы көре беремін. Біздің айтқан сөзіміз емес, ісіміз ғана ел есінде қалады. Сондықтан, құрметті түлектер, болашақ ұрпаққа істеріңізбен үлгі болуға тырысыңыздар,- деді А.Машимов.

Сондай-ақ Семейдегі №35 мектептің түлегі, танымал радиожүргізуші, әнші Нариман Сұлтанбеков те сол күні түлектерге құттықтауын жаудырып, олардың болашақта үлкен белестерден көрінулеріне тілектестігін білдіріп, қуаныш иелеріне арналған авторлық әнін шырқады.

Түлектердің қоштасу вальсінен соң Орталық алаңдағы думан би кешіне ұласып, от шашумен тамамдалды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

14 минут бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

19 минут бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

21 минута бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

28 минут бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

30 минут бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

43 минуты бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

45 минут бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС