"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

26.06.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, қала әкімі Ермак Сәлімов сала мамандарын құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

— Құрметті әріптестер, сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жоғары жауапкершілікті, кәсіби білім мен біліктілікті, адалдық пен белсенділікті талап ететін мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі жоғары екені өздеріңізге аян. Себебі ол өз қызметінің барлық салалары мен маңыздылығын білуі қажет. Осы орайда мен сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен деңгейлеріңізді жоғары бағалайтынымды айтқым келеді. Бүгінгі статистика да соны дәлелдеп отыр. Осы уақытқа дейінгі қызмет жолымда көптеген өңірлерде жұмыс істегендіктен, Семей қаласының мемлекеттік қызмет саласында білікті мамандар шоғырланған деп сенімді түрде айта аламын.

Семейге келген бірінші вице -министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Даниал Ахметов атқарылып жатқан шаруалар барысына жоғары бағасын берді. Бұл арадағы сіздердің де еңбектеріңізді жоққа шығаруға болмайды. Бүгінде, облысымызбен бірге, Семей қаласы да жаңарып, жасарып келеді. Жолдар жөндеуден өтуде, қалаға бірнеше жылдан бері алғаш рет ыстық су берілді, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жандануда. Сіздердің де жақсы және жайлы жерде қызмет етулеріңіз үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Құрметті әріптестер, төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен жеңіс тілеймін,- деген Ермак Сәлімов көпшілік алдында ант қабылдаған жас мемлекеттік қызметшілерге куәліктер табыстады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жемісті еңбегі, жоғары кәсіпқойлығы және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін қала әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторының жұмыс бөлімінің бас маманы Ербол Саркүшіков, Знаменка ауылдық округі аппаратының бас маманы Мақпал Айдарханова, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Анар Буртаева, Айнабұлақ ауылдық округінің бас маманы Әйгерім Омарова, Новобаженово ауылдық округінің бас маманы Айжан Шоманова, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас мамандары Анар Қуанғалиева, Анаргүл Бүркітбаева, Толқын Берікбекова, Озерки ауылдық округі аппаратының бас маманы Бақытгүл Тұрғанбаева және басқалары марапатталды. Сонымен қатар бір топ мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Жанна Қабдолдақызының алғыс хатымен марапатталса, Астана қаласының 20 жылдығына арналған мемлекеттік қызметшілердің XVI облыстық спартакиадасында І орын алғаны үшін Семей қаласының командасына арнайы кубок табыс етілді.

Мереке кешкісін Абай театрында өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС