"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ – ҚАЗАҚТЫҢ АДАСТЫРМАС ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

23.08.2018
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

23 тамыз – ұлы Абайдың туған күні. Ұлылар елінің ұрпақтары жылдағы дәстүрмен хакім ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Биыл ұлы ақынның дүниеге келгеніне 173 жыл толып отыр. Шара барынысында ақының әндері шырқалып, жас ақындар  өлеңдерін оқыды. Ескерткіш басына Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, жалынды жастар жағы да көп жиналды.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова өзінің құттықтауында бүгінігі таңда біздің адастырмас темірқазығымыз Абай және оның мол мұрасы екенін айтты. Құттықтауын қала әкімінің орынбасары қазақ тілінде жеткізді.

— Бүгін біз ұлы ақын Абайдың рухына тағзым ету үшін жиналып отырмыз. Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйген асыл бабамыз осы күнді армандап кетті. Берекеміз артып, елдігіміз нығайды. Сол арманға бүгінігі ұрпақ қол жеткізді. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Абай лебі, Абай үні — заман тынысы, халық үні» деген даналық сөзі бар. Заман ауысып дүние өзгерсе де, халқымыз Абайдан айныған емес. Бүгінігі «Рухани жаңғыру» жолында біздің адастырмас темірқазығымыз Абай және оның мол мұрасы. Ендеше, ерлік пен өрлікті, елдік пен бірлікті ту еткен баба сөзі бізге аманат. Аманатқа қиянат жасамаған дана халқымыз ұрпағын ұлы жолға бағыттарына сенімдіміз. Абай рухы бәрімізді ұлы мұраттарға жетелей берсін, — деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Ескерткіш басына жиылған қауым ұлы ақынның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Бұдан кейін ақын рухына арналған шара шаһарымыздағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде жалғасын тапты. Онда «Абай туралы естеліктер» және «Ата-анаға көз қуаныш» кітаптарының тұсау кесер рәсімі өтті. Тұсау кесер рәсімі Дүйсенбек Қошқарбеков, Молдабек Жанболат, Зейнолла Тоқаев сынды аға буын өкілдеріне берілді. Кітаптар мемлекеттік тапсырыс арқылы 500 данамен жарыққа шыққан. Айта кетейік, кітаптар сатылымға шықпайды, тек кітапханаларға ғана таратылады.

— Қасиетті Құрбан айт мерекесінің үшінші күні Абайдың туған күнімен қатар келіп отыр. Ұлы ақының мерекесімен құттықтаймын. Жыл сайын біз әр түрлі шаралар өткізетінбіз. Бүгінгі шара бұрығыдан өзгеше. Бүгінде Абай естеліктеріне толы «Абай туралы естеліктер» және балаларға арналған «Ата-анаға көз қуаныш» кітабын жарыққа шығардық. Абай шаңырағы, Абай мұрасы — қазақтың көзі ашық зиялы қауымы үшін қашанда киелі мекен, — деді Абай музейінің директоры Болат Жүнісбеков.

Абай туралы естеліктер бұрын соңды осындай тиражбен шықпағанын баса айтуға болады. Жекелеген естеліктер газет беттерінде, журналдарда жарияланып жүрді. Бірақ дәл  осындай жинақталған түрде, үлкен көлемде бірінші рет жарыққа шығып отыр

Ал «Ата-анаға көз қуаныш» атты екінші кітапта Абайдың шығармалары балаларға арнайы лайықтап шығарылған. Ол түрлі-түсті форматта жарыққа шықты. Бұған дейін Абай шығармалары балалар үшін арайы басылым болып шықпаған. Бұл кітап алғаш рет жас оқырмандарға арналып отыр.

Сонымен қатар Абайдың туған күніне арналған «Ұлылар мұрасына тағзым» және биылғы жылы ашылған «Этнографиялық бөлім», «Абай жолы», «Үш қайнар» көрме залдары көпшілік назарына ұсынылды.

Құралай ОМАШ, Cемей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС