"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖОБАЛЫҚ ОФИСІ АШЫЛДЫ

10.09.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаcын жүзеге асыру барысында еліміздің әр өңірінде «Рухани жаңғыру» жобалық офистері ашылып, жұмыс жүргізуде. Осындай офистердің бірі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде ашылған. ШҚО-ға сапары барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Ғалымқызы Балаева 8 қыркүйек күні Семейге келіп, аталмыш офис жұмысымен танысты.

«Рухани жаңғыру» жобалық офистерін ашудағы мақсат — қазақстандықтардың әлеуметтік белсенділігі мен Отан алдындағы жауапкершілік сезімін нығайту, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарымызды, тарихымызды жаңғырту, бағдарламаны іске асыру барысы туралы халықты хабардар ету және халықпен бірлесе әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру. Аталған бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға барлық азаматтар қатысуға мүдделі. Сондай-ақ тұрғындар жобалық офиске келіп, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

— Университет қабырғасында құрылған жобалық офис жарты миллион халыққа жұмыс істейді деп сенеміз. Халықпен кері байланыс жасауда қиындықтар туғандықтан, байланыс орталығын аштық. Электрондық адресіміз де бар. Жергілікті әкімдік рұқсат етсе, көшеге банерлер ілу ойымызда бар,- деген университет ректоры Мейір Ескендіров оқу орны қолға алған бірқатар жобалармен таныстырып өтті.

– «Мәңгілік Ел» академиясын ашу жоспарымызда бар. Адам өмір бойы білім алуы керек. Ал жаңа идеялар тууы үшін шығармашылық орын керек. Осы мақсатта жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып шығармашылық алаң құрмақпыз. 1 қазанда университет қабырғасында қазақ тілін оқытатын орталық ашылады. Бұл әлемдегі қазақ тілін үйренем деген адамдардың басын қосатын жоба болмақ. Шетте тұратын ағайындармен хабарластық. Сұраныс бар,- деді М.Ескендіров.

ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Ғалымқызы «Рухани жаңғыру» жобалық офистерінің маңыздылығына тоқталды.

— «Рухани жаңғыру» бір жылдық бағдарлама емес. Сондықтан жобалық офистер шынымен де жұмыс істеуі керек. Ұйымдастырылған шаралардың жоғары деңгейде өтуі маңызды. Жоба халыққа қызықты болуы тиіс және кері байланысты жақсарту керек. Офис жұмысына азаматтардың зор ықыласпен араласқаны маңызды. Бұл орайдағы біздің мақсатымыз – Президент алға қойған міндеттерді орындауға қол жеткізу, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңаға бейімделу, дамыған 30 елдің қатарына кіру. Елбасы айтқан рухани жаңғырудың 6 қағидасы біздің өмірімізге енуі керек. Ол үшін әркім оны өз өмірінен бастауы қажет. Ауылдар мен аудандар, қалалар, облыс орталықтары түгел қамтылуы тиіс. Бүгінгі қоғамда адамның білімге құштарлығы табыстың кілті болып отыр. Әр азамат қоғамның даму бағытын түсініп, өзін соған бағыттауы керек. Әрбір табысты адам – табысты қоғам, табысты қоғам – табысты ел. Ал табысты ел – бәсекеге қабілетті ел. — Ауылда үйде отырған ана «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін түсінбеуі мүмкін. Егер ол өз баласына ұлттық қасиеттерді сіңіре отырып, оның тұлға ретінде дамуына жағдай жасаса, басқа тілдерді үйренуіне көмектессе, мақсатымыздың орындалғаны. Балаға ана тілін үйрету, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды бойына сіңіру тікелей анаға байланысты. Ал ұлттық коды қанына сіңген бала жаңалыққа бейім болып өседі. Әкелердің де рөлі үлкен. Әке жастайынан баланы еңбекке бейімдеп, дұрыс мамандық таңдауына ықпал етеді. Егер бала өз мамандығына бейімделіп өссе, одан жақсы маман шығады. Жақсы маман еңбек ұжымында жақсы нәтиже көрсетеді. Өкінішке орай, қазіргі қоғамда мамандық таңдауда қиналатын түлектер көп,- деді Аида Ғалымқызы.

Сондай-ақ ол 20 қыркүйекте Астана қаласында жобалық офис басшылары қатысуымен жиын өтетінін, барлық жобалар сонда қаралатынын айтып өтті.

— «Рухани жаңғыру» қысқа мерзімді бағдарлама емес. Халық бағдарламаның шын мәнінде жүзеге асуына атсалысып, ой-пікірін білдіріп, белсене қатысуы керек. Рухани жаңғыру офистері үлкен игілікті істің бастамасы болып отыр. Семейдегі адамдарды тартып, қоғамның санасы түбегейлі өзгеруіне жұмыс жасау керек. 20 қыркүйектен кейін Астанада барлық жобалық офис басшыларын, әкім орынбасарларын жинап, жаңа мақсаттарды айқындаймыз. Үздік шыққан жобаларды республика деңгейінде қолданысқа енгіземіз. Алдымызда бұдан да ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің басты тұтынушыларымыз жастар болмақ, — деді ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева.

Аида Ғалымқызына студенттер де көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Соның бірі «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына қатысты болды.  Айта кетейік, жоба аясында қазақ әдебиетінің жауһар туындылары ағылшын, француз, испан тілдеріне аударылған.

— Елбасы тапсырмасымен қыркүйек, қазан айларында Дубайға, Ресей мен Қытайға іссапармен барамын. Егер осы үш мемлекетпен келісімшартқа қол қойсақ, қазақ кітаптары әлемнің алты тіліне аударылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарық көргеніне 2 жыл толуына орай, яғни 12 сәуірде, аударылған кітаптарды шетелдерде таныстыру рәсімін өткізбекпіз. Әрі қарай түркі тілдес халықтардың тілдеріне, кәріс тіліне тәржімалау жоспарымызда бар. Негізгі мәселе нені аударатынымызда. Шығармалар тәуелсіздік жылдарында жазылған мазмұнды туындылар болуы керек. Егер жақсы туынды жасап жатсаңыздар, сіздер де антологияға енулеріңіз мүмкін,- деді А.Балаева жастарға.

Осыдан кейін Аида Балаева оқытушылар құрамымен кездесіп, «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған оқулықтардың сапасы жөнінде пікір алмасты. Оқытушылар өткен оқу жылының соңында университет кітапханаларына түскен оқулықтармен танысқандарын және аударма тілінің жатық әрі түсінікті жазылғанын жеткізді.

— Бұл оқулықтар — әлемнің ең алпауыт мемлекеттерінде оқытылып жатқан кітаптардың аудармасы. Біз енді ескіше емес, жаңаша білім алу жүйесіне көштік. Кембридж, Оксфорт, Сорбонна университеттерінің оқулықтары қазақ тіліне аударылды. Бұл студенттер Қазақстанда да жоғарғы деңгейде білім алады деген сөз. Елбасымыз еліміздегі оқу орындарын мемлекеттік немесе жекеменшік деп бөліп-жармай, оқулықтарды барлығына бірдей жеткізіп отыр. Басқа ешбір мемлекет жастарға осыншалықты көңіл бөлген емес. Бұл біздің мемлекеттің қуаттылығын көрсетеді. Ұлттық аударма бюросы құрылып, аударма ісінде серпіліс пайда болды. Аудармашылық жоғары сұранысқа ие мамандыққа айналды. Тіл білетін, мәтінді жетік тілмен тәржімалай алатын аудармашылар үлкен сұранысқа ие болуда. Оқулық көлемі жағынан туындаған қиындықтар уақыт өте келе түзеледі. Екіншіден, «100 жаңа оқулық» жобасы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерді. Мұның бәрі ұлт болашағын ойлаған Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі,- деді А.Ғалымқызы.

Сондай-ақ ол «100 жаңа оқулық» жобасы аясында кітаптарды тәржімалау әрі қарай жалғасатынын, қазіргі күні 30 оқулық баспаға дайындалу үстінде екенін айтып өтті.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

31.10.2026
Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

Білім – қоғамның дамуы мен елдің болашағын айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына кепілдік...

Толығырақ...Details

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

30.10.2026
Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

Еңбек ету, мамандық таңдау, атқарған жұмысы үшін лайықты ақы алу – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында...

Толығырақ...Details

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

30.10.2026
Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Абай облысында кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын, ашықтығы мен әлеуметтік жауапкершілігін бағалауға бағытталған «Адал кәсіпкер – 2026» өңірлік байқауының қорытынды марапаттау рәсімі...

Толығырақ...Details

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

30.10.2026
Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мың Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Балықтандыру жұмыстары 29–30 қазан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

3 часа бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

3 часа бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

3 часа бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

23 часа бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

23 часа бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

1 день бұрын

Абай облысында биыл 233 құрылыс нысаны пайдалануға берілді

1 день бұрын

Абай облысында гидротехникалық құрылыстардың дайындығы тексерілуде

1 день бұрын

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

1 день бұрын

Семейде жастар Президент Жолдауының негізгі бастамаларын талқылады

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС