"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аягөз аудандық ауруханасында заманауи реанимация бөлімі ашылды

08.12.2025
Аягөз аудандық ауруханасында заманауи реанимация бөлімі ашылды
34
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз қаласындағы орталық аудандық аурухана жанынан бой көтерген жаңа реанимация бөлімшесінің жұмысымен танысты. Жоба «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

1976 жылы пайдалануға берілген аудандық аурухана бүгінде 220 орындық стационармен және ауданға қарасты барлық емдеу мекемелерімен бірлесіп жұмыс істейді. Мұнда 800-ге жуық медицина қызметкері еңбек етіп, 50 мыңға тарта тұрғын медициналық көмек алады.

Жаңа реанимация бөлімі 10 төсекке есептелген. Бұған дейін реанимация бейімделген, тар бөлмеде орналасып келген болса, енді кең де жарық ғимаратта жеке оқшауланған палаталар, диализ бөлмесі, бейнебақылау жүйесі, қан сақтайтын қойма, дәрігерлердің жұмыс және демалыс бөлмелері қарастырылған.

Бөлімше жасанды тыныс алдыру аппараттары, мобильді рентген, жоғары сапалы УДЗ, видеофибробронхоскоп, дефибриллятор және өзге де өмірлік маңызды реанимациялық құрылғылармен жабдықталуда. Дәрігерлердің айтуынша, жыл сайын мұнда шамамен 500 науқас, соның ішінде 60-қа жуық бала емделеді деп жоспарланған. Осылайша жаңа нысан ауыр жағдайдағы пациенттерге дер кезінде жоғары деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабековтің мәліметінше, қазір бөлімшеде 5 дәрігер, 4 мейірбике, 4 анестезия маманы қызмет атқарады. «Құрылғылардың барлығы жаңа. Қазіргі реанимациядан бөлек, алда тағы бір маңызды жобаны бастап жатырмыз. Ауруханаға магнитті-резонанстық томограф орнату үшін жапсаржай салу жоспарлануда. Сол кезде бұл мекеме толыққанды көпсалалы аурухана мәртебесіне ие болады», – деді ол.

Жаңа нысанды аралап көрген аймақ басшысы Берік Уәли реанимация бөлімшесінің Аягөз ғана емес, көршілес аудандар тұрғындары үшін де маңызды екенін атап өтті. «Көктемде келгенімізде мұнда шаң-тозаң, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан еді. Қазір көз қуантады. Бұл бөлімше ауыр науқастарды оңалтуға үлкен мүмкіндік береді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді облыс әкімі.

Жаңа ғимаратта ем алып жатқан тұрғындар да ризашылықтарын білдірді. «Кең, жарық ғимарат салып, Аягөз халқына жағдай жасағандарыңызға алғыс айтамыз. Дәрігерлер мен мейірбикелердің еңбегі зор. Мұндай заманауи медициналық нысан ауданымызға өте қажет еді», – дейді емделуші Күлзат Мұсабаева.

Аягөз аудандық ауруханасында заманауи реанимация бөлімі ашылды Аягөз аудандық ауруханасында заманауи реанимация бөлімі ашылды Аягөз аудандық ауруханасында заманауи реанимация бөлімі ашылды Аягөз аудандық ауруханасында заманауи реанимация бөлімі ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

3 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

3 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

3 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

3 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

3 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС