"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛЫНА ҚАРАП ӘКІМІН ТАНЫ

13.09.2018
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

12 қыркүйек, сәрсенбі күні Семей қаласының баспасөз орталығында Новобаженово ауылдық округінің әкімі Кенжетай Өміртаев және Приречный ауылдық округінің әкімі Алғатай Байдомалақов БАҚ өкілдерімен жүздесіп, ауылдарында атқарылып жатқан жұмыстармен жан – жақты таныстырды.

Баспасөз мәслихатында алдымен Приречный ауылдық округінің әкімі Алғатай Байдомалақов сөз алып, округтегі жұмыстар жайында жан-жақты баяндады. Ауыл әкімі ауылдық округтің әлеуметтік — экономикалық жағдайына тоқталып, кәсіпкерлік, білім, денсаулық, спорт, мәдениет салаларындағы жетістіктерін паш етті, өзекті мәселелерін де ашық айтып, қолға алған жұмыстары жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асатын істердің ішінде балалар алаңын жасауды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

— Биылғы жылы атқарылған барлық жұмыстарға 34 млн. 480 мың теңге қаражат жұмсалды. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы шеңберінде Приречный ауылында демалыс алаңдары жасалды. Округке қарасты елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 578 000 мың теңге бөлінді. Мұздыбай ауылындағы «Мұздыбай-1» шаруа қожалығы екі пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысын аяқтады. Бұл құрылыс шығыны 172 млн. теңгеден асыпты. Сондай–ақ келесі жылға округке қарасты Жарқын және Гранитное ауылдарына футбол алаңдарын, Мұздыбай және Жарқын ауылына балалар ойын алаңын орнатуға қаражат бөлу жоспарланып отыр,- дейді ауыл әкімі Алғатай Жігерұлы.

Ал Новобаженово ауылдық округінің әкімі Кенжетай Өміртаев бір жылда атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Әкімнің айтуынша, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келе жатыр. Жұмыссыздар саны азайып, әлеуметтік нысандар жаңарған. Алда тағы да атқарылатын жұмыстар көп дейді ауыл әкімі.

— «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамыту мақсатында шағын несиелер алу үшін қомақты қаражат бөлінді. Сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Бұлақ ауылында орталық су жүйесі іске қосылды. Новобаженово ауылында құны 442 млн. теңгені құрайтын орталық сумен жабдықтауды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмыстың 90 пайызы іске асты. Нысанды өткізу қазан айының аяғына жоспарланған. Су жүйесі іске қосылса, 568 үй сумен қамтамасыз етілетін болады,- деді Кенжетай Әбрешұлы.

Әкімдердің атқарған жұмыстары баяндалған соң, БАҚ өкілдері көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

08.07.2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу тәртібі, төлеу мерзімі және салықтық жеңілдіктер туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Ақпараттық хабарлама

08.07.2026

«ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС («Semei tańy», «Вести Семей», «Біздің Бесқарағай», «Наш Бескарагай», «Жаңа уақыт», «Новое время», «Жаңарған Жаңасемей», «Жаңасемей сегодня»...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

08.07.2026
«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясында «Қуатты өңірлер – қуатты ел» атты стратегиялық сессия өтіп, онда сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан...

Толығырақ...Details

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

07.07.2026

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулысына анықтамалық ақпарат (2026 жылғы 7 шілдедегі № 89-НҚ) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы...

Толығырақ...Details

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

3 часа бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

23 часа бұрын

Ақпараттық хабарлама

1 день бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

1 день бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

2 дня бұрын

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

3 дня бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

3 дня бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

5 дней бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

5 дней бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС