"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕНАТОРЛАР СЕМЕЙДЕ

13.09.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осы апта басында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Іссапардың бірінші күнінде олар облыс орталығына ат басын бұрып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасында, Ұлттық ұланның 5518 бөлімінде, Күршім шекара отрядында болды. Сондай-ақ Майқапшағай өткізу бекетінің жұмысымен танысты.

10 қыркүйек күні 2535 әскери бөлімінің Күршім шекара отрядында Сенат комитетінің отырысы өтіп, оған аймақ басшысы Даниал Ахметов, республиканың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының басшылығы, шекаралық аудандар әкімдері қатысты. Мұнда мемлекеттік шекараның шығыс шебіндегі қазіргі ахуал, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде сөз болды. Отырыс барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов қаржыландыруға қатысты мәселені көтерді. Айтуынша, шекарашыларға 1 миллиард 94 миллион теңгеге жуық қаржы керек. Аталған қаражат Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның Шығыс Қазақстан облысы аумағынан өтетін бөлігінің бойында орналасқан бөлімшелердің инфрақұрылымдарын дамытуға жұмсалмақ.

Жиында сөз сөйлеген сенаторлар Төлеубек Мұқашев, Серік Жақсыбеков, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Талғат Мұсабаев, Нұржан Нұрсипатов өзекті деген бірқатар мәселелердің басын ашты. Олар мемлекеттік шекараны күзету және қорғау, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсаттары үшін жер телімдерін рәсімдеу, шекаралық аймақтарды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама қабылдау, сондай-ақ саудаға қатысты кейбір шектеулерді алып тастау, валюталық шектеуді жұмсарту қажеттігін тілге тиек етті.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, Үкіметке жіберілетінін, қаралған барлық мәселелер депутаттардың бақылауында болатынын атап өтті.

Сенаторлардың шығыс аймағындағы сапары Семей қаласында жалғасын тапты. Қыркүйектің 11-і күні Комитет төрағасы бастаған топ қаладағы 54835 әскери бөлімінің авиабазасына келіп, Ми-7, Ми-17, Ми-24 және Си-145 сынды әскери және азаматтық техникалардың үлгілерімен танысты. Мұндағы жаңа техника — Eurocopter Ec145 тікұшағы. Бұл — Қазақстанда құрастырылған еуропалық өнім. Аталмыш техника әскери, антитеррористік, сонымен бірге бейбіт мақсаттарда қолданылады. Авиабазада өткен сенаторлармен кездесу кезінде кешенді ғимараттың болмауы, авиациялық техникалар тұрағын күрделі жөндеуден өткізу, ұшқыштарды дайындауға арналған жаттығу құралдарының жоқ болуы сияқты маңызды проблемалар көтерілді.

Осыдан соң сенаторлар «Шы-ғыс» өңірлік қолбасшылығы штабында болып, Шығыс Қазақстанның әскери қорғаныс әлеуеті жөніндегі мәселені талқылады. Кейін делегация мүшелері «Семей Инжиниринг» АҚ-ға, 28738 әскери бөлімге келіп, нысандардың жай-күйін білді.

— «Семей Инжиниринг» кәсіпорны үнемі даму үстінде болады. Өйткені біздегі танк паркі ауқымды, әрі әрбір техника уақыт өте келе сынады, ескіреді. Негізі, танкілерді жөндеуге үш жыл уақыт кетеді. Бұл, әрине, тым ұзақ. Осы ретте Комитет төрағасы Дариға Назарбаева осы зауыттағы әскери техникаларды жөндеу мерзімін қысқартуды мақсат етіп отыр. Семейдің өндірістік базасы кез келген әскери техниканы жөндеуге қауқарлы,- дейді сенатор Талғат Мұсабаев.

Нысандарды аралау барысында Сенат депутаттары әскери қызметшілердің дайындығы мен әскери бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуы жоғарғы деңгейде екенін ерекше атап өтті.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС