"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНАЛАР — АСЫЛ ЖАНДАР

28.09.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Аналар күні мерекесі тойланды. 24 қыркүйек күні Қалалық Мәдениет сарайында бұл мейрамды семейліктер де атап өтті. Достық үйі мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шараға Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, Семей қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев және Аналар кеңесінің төрайымы Нағима Мойынбаева қатысты. «Мерейлі отбасы – 2018» байқауының жүлдегерлері Қанаевтар отбасы және ақ жаулықты батыр аналарымыз қадірлі қонақтар ретінде шақырылды.

Адам бойындағы бар ізгі қасиеттер ананың аялы алақанынан тарайды. Сондықтан бұл өмірдің мәні мен сәні болған асыл аналарымыз қандай құрметке болса да лайық. Тағылымы мол шарада Семей қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев құттықтау сөз сөйледі.

— Еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі жолында, ер адамдармен қатар, нәзік жандылардың да қосар үлесі мол. Баланы дүниеге әкеліп, өсіріп-жеткізген, мықты азамат етіп тәрбиелеген аналарға неге алғыс айтпасқа? Бәріміздің үйімізде біздің тілеуімізді тілеп отыратын аналарымыз бар. Бүгінгі шара осы асыл жандарға арналып отыр. Бұл шараның негізгі мақсаты – аналарға құрмет көрсету, жастарға үлгі ету, отбасылық құндылықтарды насихаттау. Бүгінгі мерекенің қонақтары — отбасында көп бала тәрбиелеп отырған, қоғамға еңбек сіңіріп жүрген ару аналар. Аналарымыздың берер тәрбиесі мықты болса, еліміздің іргесі де берік болады. Тағы бір айта кетерлігі, Достық үйінде «Ақ орамал» атты акция бастау алды. Сол акцияға сәйкес, Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен қонақтарымызға сыйлық ретінде ақ орамал жауып, құрмет көрсетіп жатырмыз. Барша аналарымызды шын жүректен мерекелерімен құттықтаймын!- деді қалалық Достық үйінің директоры.

Бұл күні асыл әжелер жас аналарға ақыл-кеңесін айтты. Қаламыздың көркейіп, дамуына өз үлесін қосқан нәзік жандыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Өңіріміздің өнерпаздары жырдан шашу шашып, аналарға құрмет көрсетілді.

Иә, ақ жаулықты аналар қай қоғамда болмасын отбасының ұйытқысы болған. Шаңырақтарын шаттыққа бөлеп отырған асыл жандарға біздің елде құрмет жоғары.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС