Қалалық әкімдіктің қолдауымен Семейде тоғыз Workout спорт алаңы ашылды. Оған қалалық бюджеттен 90 миллион теңге бөлінген.
Осындай алаңның бірі қаланың орталығындағы «Мәңгілік Ел» көшесінен орын теуіп отыр. Алаңның ашылу салтанатына қала әкімі Ермак Сәлімов қатысып, балалармен бірге лентасын қиды. Айта кетейік, workout алаңдарын салумен «Металлист» ЖШС компаниясы айналысқан.
— Халық денсаулығын жақсартып, жастарды спортқа тарту мақсатында қалалық әкімдіктің қолдауымен қалада тоғыз уоркаут спорт алаңы ашылды. Мәслихат қолдау көрсетсе, шет аудандардағы көшелерден де ашуға болады. Біздің компанияда қаланы сүйетін нағыз патриоттар жұмыс істейді. Сондықтан қаланы көркейту жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз, — дейді «Металлист» ЖШС компаниясының бас инженері Бауыржан Іргебаев.
Workout спорт алаңдары шаһардағы Өзбек, Экспресс, Гарнизон, Дальняя сияқты халық көп шоғырланған аудандарға орнатылған.
Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»





