"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ: БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ

01.10.2018
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл еліміздің  жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жыл. Осынау жылдар ішінде жинақтаушы жүйе талай өзгерістерді еңсеріп, бүгінде ең үздік әлемдік тәжірибелердің стандарттарына сәйкес халыққа қызмет көрсетіп келеді.

1997-1998 жылдары елімізде бастау алған зейнетақы реформасы ортақ жүйеден жинақтаушы жүйеге біртіндеп көшуді мақсат етті. Бұған экономикалық, әлеуметтік, демографиялық себептер негіз болды. Тарихтан мәлім, тоқсаныншы жылдардың соңында қазақ елі өндірістің тоқтап қалуы, көптеген компаниялардың шығынға ұшырауы, бюджет төлемдерінің кешігуі мен қысқартылуы сынды жағдайларды бастан өткерді, салдарынан зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар дер кезінде төленбеді.

Статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, 1997 жылы салық төлеуші  қызметкерлер мен зейнеткерлердің ара салмағы бір жарым және бір бірлікті құрады. Зейнетақы жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін, бұл көрсеткіш кем дегенде төрт және бір бірлік болуы керек, яғни бір зейнеткерге 4 жұмыс істеуші адамнан келуі тиіс. Бұл — әлемдік тәжірибеде дәлелденген жайт. Олай болмаған жағдайда, теңсіздіктің салдарынан туындаған шығындарды мемлекет бюджет есебінен жабуға және тиісінше бюджет тапшылығын жою үшін салықтарды көбейтуге мәжбүр болады. Сондықтан көптеген елдер зейнетақы жүйесін жинақтау немесе оның аралас үлгісіне көшуді жүзеге асыра бастады. Ал кеңестік кезеңдегі мемлекеттер арасында Қазақстан бұл жолға бірінші болып түсті.

Иә, қазақстандық зейнетақы жүйесі түрлі қиын-қыстау кезеңдерді, дағдарыстарды бастан кешірді. Соған қарамастан дамуын тоқтатқан емес. Жалпы зейнетақы жүйесін бірнеше деңгейге бөліп қарастыруға болады. Мәселен, 2013 жылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ құрылып, оған барлық жекеменшік зейнетақы  қорларының жинақтары берілді. Бұл ретте зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып саналады, ал оның сақталуына мемлекет инфляция деңгейін ескере отырып, кепілдік береді деген ең басты қағидат сақталды. Қазір мемлекет 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар азаматтарға  базалық зейнетақы төлеуді жалғастыруда. Алайда биыл шілде айынан бастап базалық зейнетақы тағайындаудың тәртібі өзгерді. Енді базалық зейнетақының көлемі еңбек өтілінің мерзімі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатынасу өтіліне байланысты болады. Екінші деңгейге сәйкес, 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыскердің табысынан аударылған міндетті зейнетақы жарнасының он пайызынан және 2014 жылдың басында енгізілген — қауіпті өндірісте еңбек ететіндерге жұмыс беруші тарапынан төленетін бес пайыздық зейнетақы жарнасынан тұрады. Бұл жинақтар салымшының меншігі және мұраға беріледі. Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналары. Осы салым арқылы салымшы өзінің зейнетақы капиталын өсіре алады. Осылайша, қазір республикамызда зейнетақымен қамтамасыз ету жолында мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы байланыс күшейтіліп, дифференциалды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі қалыптасып үлгерді.

— Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іске қосылғанына жиырма жыл болса да, халық оның қалай жұмыс істейтінін жете түсіне бермейді. Ал мұндай түсінбеушілік зейнетақы жүйесіне деген сенімсіздікті тудырады. Әрі бұрын болған келеңсіз жайттар да қоғам арасында жағымсыз пікір қалыптастырып, Қордың беделі мен абыройына біршама кері ықпалын тигізгені жасырын емес. Қазіргі күні Қор тарапынан тұрақты кездесулер ұйымдастырылып, халық игілігі үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Ашық есік күндері өткізілуде. Бұл қарапайым тұрғындарға жинақтаушы зейнетақы жүйесі жайында мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Әрине, ел-жұртты қарттыққа жинақталған қаражатының болашағы, қандай зейнетақы алатыны, оның қалай сақталатыны сияқты мәселелердің толғандыратыны заңды құбылыс. Сондай-ақ зейнетақы туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістердің әсері, жеткілікті зейнетақыға қол жеткізу үшін не істеу керек екендігі – мұның бәрі салымшыларды алаңдатады. БЖЗҚ қызметін пайдаланушылар үшін Қор кеңселеріне бармай-ақ қызмет алуға мүмкіндік беретін электронды сервистер енгізілуде. Бұл бізді, яғни салымшыларды қуантады. Себебі, әр салымшы Қор сайтындағы жеке кабинетіне кіріп, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦП) арқылы төлемдерінің көлемі туралы ақпарат алып, зейнетақы есепшотының жағдайын қадағалай алады. Бұл өте тиімді,- дейді қаржы саласының ардагері Кайникамал Нұрғалиева.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында «БЖЗҚ» АҚ директорлары Кеңесінің шешімімен Қордың 2017-2021 жылдарға арналған корпоративті даму стратегиясы қабылданған болатын. Ол зейнетақы жинақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттырып, қамтамасыз етуге бағытталған. Ағымдағы жылы әйел адамдардың зейнеткерлікке шығу жасын біртіндеп ұлғайтуға, Қордан алынатын төлем тәртібіне қатысты бірқатар өзгерістер орын алса, екі жылдан кейін шартты-жинақтаушы компоненті енгізілмек. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл жүйенің артықшылығы сол – шартты зейнетақы шотындағы қаражат бітсе де, төлем өмір бойы жасалады. Ол үшін жүйеге аз дегенде бес жыл қатысу керек. Алайда бұл жинақ мұраға қалдырылмайды.

Бүгінде Қор ерікті зейнетақы жинақтарын дамыту саласындағы әлемдік тәжірибені зерттеуде.  Келер жылы зейнетақы жүйесіне енгізілетін тағы бір жаңалық – бірыңғай жиынтық төлем. Бұл төлем зейнетақы жүйесінен шет қалған миллиондаған адамды зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру жүйесіне тарту үшін енгізілмек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС