"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АГРОСЕМЕЙ — 2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

03.10.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жұма, 28 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «АгроСемей — 2018» ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің халықаралық көрмесі өтті. Шараны Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті облыстық, қалалық әкімдіктік пен ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен ұйымдастырған. Көрмеге еліміздің және Ресей, Болгария, Белоруссия, Украина, Германия, Қытай мемлекеттерінің ғалымдары қатысты.

Дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан өткен халықаралық көрме агроөрнеркәсіптік кешенде нарықтық қатынасты дамытуға, экологиялық таза азық өнімдерімен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы және тағамдық өнімдерді өндірудің озық технологиясын көруге, облыстың экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияны тарту мен халықаралық нарықтық құрылымда агроөнеркәсіптің деңгейін дамытуға мүмкіндік береді.

Шара барысында төрт павильон келушілер назарына ұсынылды: Шығыс Қазақстан облысының асыл тұқымды жылқы, сиыр, қой мен құс; азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері, кинология саласындағы инновациялық технологиялардың жетістіктерін насихаттау, яғни қазақтың тазы, төбет тұқымды иттерінің көрмесі, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттайтын қолданбалы өнер көрмесі.

Көрменің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген университет ректоры шараның Қазақстан экономикасы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

— Сүйікті қаламыздың, егеменді еліміздің өркендеп дамуына әрбір азамат өз үлесін қосуы керек. Біз тек жастарды тәрбиелеп, білімге үйретіп қана қоймай, жаңа идеяларды жүзеге асырып, жетістікке жетуіне мүмкіндік беруіміз қажет. Бүгінгі көрме, студенттермен қатар, Қазақстанның аграрлық саласында қызмет атқаратын мамандар мен кәсіпкерлер үшін де өте маңызды. Біз, біріншіден, халқымызды, екінші кезекте, жерімізді бағалауымыз керек. Себебі кең-байтақ, табиғи бай, құнарлы жеріміз болмаса, қазақ халқының егемендігі мен жақсы тұрмысы болмас еді. Көрме сәтті өтсін,- деді Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров.

Агрокөрмеге, қаламыздан бөлек, облыстың, республиканың және алыс-жақын шетелдердің ауыл шаруашылығы саласының мамандары — агрономдар, мал дәрігерлері, зоотехниктер, өнім өндірушілер мен ғалымдар келді.

— Мен үшін қазақ елінің құрметті қонағы ретінде келіп, көрмеге қатысу — айрықша оқиға. Бұл шара, университетпен қатар, Қазақстанның агроөнеркәсібінің дамуы мен жетістікке жетуіне ықпал етеді. Кейінгі 10 жылда аграрлық саласы қарқынды дамыған мемлекеттер экономикалық тұрғыдан үздіктер қатарында. Бұл ретте қазақ елінің де әлеуеті өркендеп келеді,- деді Экономика және менеджмет бойынша Швейцариялық қосалқы білім беру жоғары мектебінің ректоры, профессор Доминик Джордан.

Сонымен қатар С.Н.Вышелесский атындағы эксперименталдық ветеринария ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Михаил Мистеика мен Швецк атындағы ветеринарлық медицина және биотехнология ұлттық университетінің акушерлік-гинекология және жануарларды өсірудің биотехнологиясы кафедрасының профессоры Стефаник Василь Қазақстан елінен алған әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ университеттер арасындағы достық қарым-қатынас жалғасын тауып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүзеге асыратындықтарын айтты.

Шараның ашылу салтанатынан кейін келушілер агрокөрмені аралады.

Құралай ҚАЙЫРЖАНҚЫЗЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС