"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ФУТБОЛ САБАҒЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

09.10.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы «№44 орта мектебі» КММ-де «Дене тәрбиесінің әр үшінші сағатына «Футбол сабағын» кіріктірудің ерекшелігі» атты облыстық тәжірибелік семинар өтті. Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорт шараларын өткізу зертханасының жетекшісі Сағдат Садықов, ШҚО аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен пилоттық мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдері қатысты.

Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын одан әрі қалыптастыруға байланысты ҚР Мемлекет басшысының 2017 жылғы 10 наурыздағы тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Футбол федерациясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, «Футбол сабағы» атты тақырыптық жобаны іске асыруда. Орта мектептердегі мыңдаған бастауыш сынып оқушысы футболмен жақынырақ танысуда.

Қазіргі таңда жоба аясында Қазақстан Футбол федерациясы мамандары жобаға қатысып жатқан мұғалімдер үшін қазақ және орыс тілдерінде арнайы әдістемелік нұсқаулық жасап шығарды. Мұғалімдерге берілген әдістемелік оқулықтардан басқа, ҚФФ мен ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қатысушылар үшін шеберлік сыныптары мен семинарлар ұйымдастырылған. Инструкторлар мен үйлестірушілер ретінде Қазақстан Футбол федерациясының, аймақтық федерациялардың, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының өкілдері және мектеп мамандары атсалысатынын атап өтті ұйымдастырушылар.

Семинарда жоспарланған теориялық-практикалық бөлімдерде «Футбол сабағы» жобасы бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған әдістемелік оқулықтар талқыланды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми — практикалық дене тәрбиесі орталығының спорт шараларын өткізу зертханасының жетекшісі аталмыш жоба жайлы өз ойымен бөлісті:

— Жобаның басты мақсаты — қазақстандық балалардың денсаулығын нығайту үшін тағы бір жағдай жасау. Ал спорттық мақсаттарға тоқталсақ, оның міндеті – селекциялық жұмыс жүргізу. Бапкерлер мектеп жасынан футболға бейімі бар балаларды назарға алады. Егер ондай оқушылар табылып жатса, оларды арнайы резерв мектептеріне жіберуге тырысамыз. Футбол ойыны оқушыларды тәртіпке үйретеді, ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, қайрат-жігерін шыңдайды. Бұл жоба футбол спортының абыройын асырып, оны насихаттауға септігін тигізеді,- деді Сағдат Садықов

Семинар соңында барлық қатысушыларға ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми–практикалық дене тәрбиесі орталығының сертификаттары берілді.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 день бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

3 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

3 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

6 дней бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

6 дней бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

6 дней бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

6 дней бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС