"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮНСІЗ ҚАЛУҒА БОЛМАДЫ…

26.02.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Бастауын істі бастаймын, аяқтау қиын әманда»,– деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, Бесқарағай ауданы жайлы бастаған әңгімені аяқтау қиын болып тұр…

Ә дегеннен ашығын айтуымыз керек, облыс басшылығы Бесқарағайдан көмегін аяп жатқан жоқ. Аудан әкімінің халық алдындағы есебіне аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өзі қатысып, тұрғындар тарапынан түскен әр өтініш-тілек пен жергілікті биліктің жұмысына қатысты арыз-шағымдарды  мұқият тыңдады.

Сонымен, Бесқарағай ауылындағы жолдарды жөндеуге 50 миллион теңге, жергілікті колледжге 120 миллион теңге, аудан орталығындағы жекенің қолына сатылып кеткен автовокзал үйін қайта сатып алуға 4 миллион 500 мың, жатақхана құрылысына 250 миллион, орталықтандырылған су құбырын жөндеуге қосымша қаржы бөлуге тағы уәде берді. Биыл бір ғана ауданның қажетіне 500 миллион теңге көмек берілетінін облыс басшысының өзінен естіген халық та бір серпіліп қалды.

Тұрғындарды ерекше алаңдатып отырған мәселе — күн жылына су құрсауында қалатын 81 үйдің жағдайы. Жыл сайын қар ери бастағанда көл үстінде қайықпен жүзгендей халді бастан кешіретін тұрғындарға жергілікті билік: «Осы жолы аман шықсаңдар, келесі жылы тұйықтан шығудың бір амалын жасаймыз»,- деп құрғақ уәде берумен келеді… Қауіп сейілген соң, берілген уәде келесі жылға дейін ұмытылады… Халықтың билікке деген сеніміне селкеу түсіріп жүрген жағдай… Егер әкімдіктің осы апат аймағында тұратын халыққа үй салу ниеті анық болса, өткен жылдан бері жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, құрылыс жұмыстары әлдеқашан басталып, тіпті аяқталуға тиіс болатын. Қалай ойлайсыздар, Крыловтың «Шырылдауық шегірткесін» еске салмай ма?

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің кез келген істе көмек көрсетуге дайын екендігін халықтың өзі көрді. Естіді. Қуанды. Облыс әкімінің келуі аудан халқының көңіліне үміт ұялатқандай болды… Көпшілік көкейіндегі сауал: аудандағы атқарушы және өкілетті билік облыс басшылығына осы уақытқа дейін жағдайды айтып, қаржы сұрамаған ба? Олай болса, сұрамаған балаға емшекті ешкімнің бермейтіні де белгілі.

Дегенмен біздің көңілімізде аудан басшылығына қояр сауал көп. Жоғарыда айтып кеттік, тәуелсіздіктің елең-алаңында меншіктің қолына өтіп кеткен аудан орталығындағы бұрынғы автовокзал ғимаратын қайтарып алуға 4 миллион 500 мың теңге ақша қажет екен. Аймақ басшысы ол қаржыны да облыстық бюджет есебінен тауып беруге уәде бергенін де айтып кеттік… 2019 жылғы аудан бюджетімен танысып отырып, бірқатар «қызық» жағдайларға куә болдық. Мысалы, мәслихаттың хатшысына қызметтік көлік сатып алуға аудандық бюджеттен 9 миллион теңге бөлініп отыр. Хатшы жаяу жүрген жоқ. Қазір еліміздің бас қаласы Астанада ғана емес, тағы да басқа бірқатар мемлекеттік мекемелер қызметтік көліктен түсіп, қоғамдық көлікке отырып жатқанда, проблемадан бас көтере алмай отырған аудандағы депутаттар корпусының жетекшісі бюджеттен өзіне жаңа автокөлік сатып алуға қаржы бөлгізеді… Ауданда барлық мәселенің төрт түлігі сай болып тұрса мейлі, жаңа көлікке мініп жүйтки берсін. Сексенге тарта шаңырақ қар ерігенде күйіміз не болады деген үреймен күн кешіп жатқанын, сайлаушыларының автовокзалдың жоқтығынан қыстың аязды күндерінде дірдектеп тоңып, жазда аптап ыстыққа қақталып жол азабын тартып жүргенін көре тұра, мәслихат хатшысының өзіне жаңа автокөлік алғанын қалай түсінуге болар екен? Мәслихаттың сессиясында бюджетті бекіткен кезде, хатшыға көлік алғанша, сол 9 миллионның жартысын бұрынғы меншікке сатылып кеткен автовокзалды қайтарып алуға жұмсап, халықтың проблемасын шешкеніміз дұрыс деп суырылып шығып ұсыныс айтқан бір депутат болды ма? Халық сенім артқан қалаулылар неге үнсіз қалды?

Бесқарағайдағы атқарушы және өкілетті билік бюджет қаржысының сауын сиыр емес, халықтың қажетін шешуге арналған ел ырысы екенін есте ұстауы тиіс еді ғой. Халыққа өзінің мінетін көлігі мен тұратын үйінің жайлы болуын ғана ойлайтын емес, тұрғындардың қажеті жолына асфальт болып төселетін билік қажет.

Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Батталовтың баспанасы бола тұра қызметтік пәтер алғандығы туралы бұдан біраз уақыт бұрын жазғанбыз. Мақала жарық көргеннен кейін, біздің редакцияда болған аудан әкімінің орынбасары өзінің үйінің қабырғасын көк басып кеткен соң жаңа қызметтік баспана алғандығын айтқан болатын. Әкімнің орынбасары қабырғасы көк басқан үйде тұра алмайды екен, ал басқа халық ше? Осы жерде есімізге Бауыржан Момышұлы жайлы ел аузындағы мына бір оқиға оралған еді.

Бауыржан Момышұлы алғашқыда шағындау пәтерде тұрады да, қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып: «Сіздің өтінішіңіз орындалды, келіп кең пәтердің ордерін алыңыз»,- дейді. Батыр Бауыржан барып бес бөлмелі пәтердің ордерін алады. Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.

— Неге мұңайып тұрсыз, шешей?- дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан әйелдің қасына тоқтап.

Әйел қалалық кеңестің осы үйден екі бөлмелі пәтер бермек болып уәде еткенін, бірақ дәл ордер берерде бермей қалғандығын айтады.

—  Маған деген үйді үш бөлмелі пәтермен біріктіріп, бір полковникке беріпті. Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол солдат еді,- дейді.

Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне-бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады.

— Мұңаймаңыз, шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз, пәтеріңіз өзіңізге тиеді,- дейді де, Бауыржан мініп келген машинасына отырып алып, қайтадан пәтер ордерін берген шенеунікке тартады.

— Мен маған біреуге тиесілі пәтерлерді бер деген жоқпын,- дейді ол қолына ордер ұстатқан қызметкерге келіп. — Мына ордерді жыртыңыз да, пәтерді бұрын уәде етілген адамдарға беріңіз!

Осылай деп ол қолындағы ордерді қайтарып береді. Қалалық кеңес кызметкері қалбалақтап:

—  Екі пәтерді қосып, Сізге қамқорлық жасап, ол адамдарға пәтерді кейінірек беруге ұйғарып едік.

— Молчать!- дейді Бауыржан көзі ежірейіп, мұрты одан сайын тікірейе түсіп. — Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ. Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып, бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?!

— Түсінікті, түсінікті, жолдас Момышұлы. Тек Сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.

— Ол — солдаттың анасы ғой! Солдаттың анасы деген сөздің мағынасын түсінесіз бе?  Солдаттың анасы – Отанның анасы! Енді ұғынықты ма сізге?

Қызметкер басын изейді. Расында да ол біраз уақыттан кейін Бауыржанның үйіне телефон соғып, жаңа пәтердің бұрынғы иелеріне ордер жазылып берілгенін хабарлайды.

— Ордер алғандардың қуанышында шек болған жоқ,- дейді қызметкер. – Әсіресе қарт ана қатты қуанды.  Сіздің Бауыржан  Момышұлы  екеніңізді білгенде  және «Солдаттың анасы — Отанның анасы» деген сөзіңізді айтқанымда ол жылап жіберді. «Кітаптарын   оқығанда   Момышұлы   дәл   сондай   азамат   шығар   деп   ойлаушы   едім, қателеспеген екенмін»,- деді.

— Хабарыңызға рақмет,- деп Бауыржан трубканы іліп қояды.

Бұл — қазақтың НӨМІРІ БІРІНШІ БАУЫР-ЖАНЫНЫҢ азаматтығын байқататын оқиғалардың ең қарапайым мысалы…

Бауыржан деген есім соғысқа дейін біздің халықта кездеспеген.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлының ерлігі жайлы ел арасында тараған аңызға бергісіз ақиқат жаңа туған қазақ балалары арасында осы есімнің көбеюіне себеп болды.

Дүниеге келгенде халықтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлындай ер болсын деген ниетпен аталған азаматтар қазір аз емес. Сол Бауыржандар арасында ақын да, әртіс те, әкім де бар… Терең үңіліп қарасақ, «Бауыржан» деген сөздің түкпірінде «бауырмал жан» деген мағына жатқанын көреміз. Бүгінгі тақырыпқа тамыздық болып отырған Бауыржан Батталовты да ата-анасы осы батыр бабаның құрметіне халқының жанашыр азаматы болсын деп атағанына күмән жоқ… Өкінішке орай, Бесқарағайдағы батырмен аттас әкімнің орынбасарының қылығы бүгін көпшіліктің көңілінен шықпай-ақ отыр. Қазақияның қолда барда қоныштан басатын ауруына ұшырады ма, кім білсін?

Соңғы кездері Бесқарағай ауданынан редакцияға көмек сұрап, өтініш айтып келушілердің көбейіп кеткендігі бізді алаңдатып отырғанын да жасырмаймын. Аудан басшыларымен де сөйлестік, ел ішіне де бардық. Бардық та, жаздық та… Аудан әкімі Батырбаев мырза сынды дұрыс қабылдады деп те айта алмаймын…

Сөзімізді тағы да Қадыр ақынның: «Түлегі сендер, тілегі сендер, тірегі сендер сол елдің» деген өлең жолдарымен Бауыржан және басқа да елге тұтқа болар деп үміт артар азаматтарға құлаққағыс етіп аяқтағымыз келіп отыр…

Риза Молдашева, ШҚО мәслихатының депутаты{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

05.09.2025
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесіне қарасты Тарбағатай округы партия ко- митетінің хатшысы, Тачен қаласының...

Толығырақ...Details

КӨРШІ ЕЛМЕН БАЙЛАНЫС ҮЛКЕН ІСТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

05.09.2025
КӨРШІ ЕЛМЕН БАЙЛАНЫС ҮЛКЕН ІСТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасындағы жұмыс сапары аясында Бейжің қаласында өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VIII отырысына қатысты. Қазақстан...

Толығырақ...Details

Астанада тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзикл түсірілді

05.09.2025
Астанада тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзикл түсірілді

2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығымен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

05.09.2025
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті. – Сіздер осы...

Толығырақ...Details

Көкпектіден Семейге жаңа маршрут ашылды

05.09.2025
Көкпектіден Семейге жаңа маршрут ашылды

Semeytany.kz - 2 қыркүйектен бастап «Семей – Көкпекті – Теректі» бағытында «Mercedes-Benz Sprinter» шағын автобусы жүре бастады. Бұл аудан тұрғындарына...

Толығырақ...Details

Шығыс кентіндегі жаңа мектеп: су желісінің 800 метрі тартылды

05.09.2025
Шығыс кентіндегі жаңа мектеп: су желісінің 800 метрі тартылды

Semeytany.kz — Облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі бірқатар нысандарды аралап, «Келешек мектептері» аясында Шығыс кентінде салынып жатқан 300 орындық мектепке...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

7 часов бұрын

КӨРШІ ЕЛМЕН БАЙЛАНЫС ҮЛКЕН ІСТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

7 часов бұрын

Астанада тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзикл түсірілді

8 часов бұрын

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

8 часов бұрын

Көкпектіден Семейге жаңа маршрут ашылды

8 часов бұрын

Шығыс кентіндегі жаңа мектеп: су желісінің 800 метрі тартылды

8 часов бұрын

Берік Уәли «УК ЮНИС»-те: өнімді көбейтіп, жаңа нарыққа шығу тапсырылды

8 часов бұрын

Берік Уәли Семейдегі «Дизайн Мебель» өндірісін аралады

9 часов бұрын

Семейде үш жаңа полиция бекеті іске қосылды

9 часов бұрын

Семейдегі жедел жәрдем станциясына жаңа көлік берілді, инфрақұрылым жаңғыртылады

9 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС