"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Енелер мектебінен тәлім алған

06.03.2019
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Отбасы — алтын ұя» десек, оның аясына сыятын ана тәрбиесі, ене мектебі сынды қазақы дәстүрдің асылы саналатын құндылықтар қатар айтылады. Әсіресе қыз баласын «жат жұрттық» деп, болашаққа «оң босағадан» бастап даярлаған қазақ халқында бұл ұғымдардың маңыздылығы тіптен жоғары. Шағын мемлекет саналатын жанұя институты әлеуметтік маңыздылығын азайтқан қазіргідей заманда ұлт дәстүрінің осынау жалғастығының тінін үзбей келе жатқан отбасылар да аз емес. 8 Наурыз қарсаңында ата салтын берік ұстанатын сондай шаңырақтың біріне бас сұққан едік. Бізді отбасының әкесі Берік Баяжанов ағамыз бен ұлы Думан Берікұлы қарсы алды.

Біздің кейіпкеріміз, осы шаңырақтың келіні Гүлмира Мусинова —  шаһарымыздағы белді оқу орындарының бірі  ҚазГЮИУ-де 12 жылдан аса қызмет атқарып келеді, бүгінде университет ректорының ұйым-дастыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Келін болып босаға аттағанына жеті жылдан асқан. Төркін жұрты — Мақаншы өңірі, Жарбұлақ ауылы. Көпбалалы отбасында өскен Гүлмира қазақы отбасындағы әр келін ене мектебінен өтуі ләзім деп санайды. Айтуынша, ана тәрбиесінен кейін жарының анасынан алар өнегеге еш нәрсе жетпейді, оны ешбір кеңесші-психологтің қағидалары алмастыра алмайды.

— Өмірден көрген-түйгені көп өзімнің әкем Сұлтан мен анам Кенже  бізге жақсы тәрбие беруге тырысты. Анам мені отбасылық өмірге ерте даярлады. Нақыл сөздерін үнемі құлағыма құйып отыратын. Әсіресе ене мен келіннің ажырамас сыйластығы туралы менің ішкі түйсігімді қалыптастырды десем болады. Ал  мен үшін екінші ең үлкен тәрбие мектебі — жұмыс орным, анығырақ айтқанда, университет ректоры, ақылшы анамдай болып кеткен Шырын Асылханқызы болды. Елімізге танымал қайраткер, аяулы жар, әже болып отырған, әйелдердің эталоны іспеттес басшымыздан үйренгенім көп, — дейді Гүлмира.

– Зайыбым Думан екеуіміз отбасылық өмірді жаңа бастадық. Тәжірибеміз көп болмаса да, шаңырақтың шаттығына себеп болар жайтқа қанықпыз. Біздің мақсат-мұратымыз, бірінші кезекте, бала өсіріп, ата-енемізге немере сүйдіру, екіншіден, олардың жүзіне кірбің алдырмай, күтіп, ақ батасын алу. Ал біз үшін бөлек шығып, жеке отау тігу туралы сөз болған емес. Келіп түскен босағама балдай батып, судай сіңу, ата-ененің алғысына кенелу —  мен үшін үлкен бақыт. Ал  ене мектебінің берер пайдасын еш жерден, тіпті ғаламтордан да ала алмайсың. Бұл ретте мен үшін ең үлкен тәрбие көзі — өзім «мама» деп атайтын алтын мінезді енем Адай Төлтайқызы. Алғаш танысқан күннен «балам» деп, маңдайымнан сүйіп қарсы алған мамам бүгінгі күнге дейін қолымнан қақпай қамқорлық танытып келді. Айтарын қас-қабағынан ұқтыратын, сабырлылық пен имандылық тұнып тұрған балажан адам. Мамам «Ұлың адал болғанша, келінің адал болсын» деген нақылды жиі айтады, мен де осыны естіп отырып, соған сай болуға тырысамын. Атамды «папа» деймін, мамамның жанында немерелерін айналып-толғанып жүретін, аңқылдаған ақ жүректі, «ботам, балам» деп отыратын мінезі керемет ата менде ғана бар деп мақтанамын. Анамның жиі айтатын «Ата-енеңнің алғыс-батасын алсаң, өмірің де жарқын болады» деген сөзі жадымда, — дейді Гүлмира Сұлтанғазықызы.

Кейіпкеріміз ата-енемен бірге тұрудың бала тәрбиесі үшін де маңызы айрықша екенін, әже-атасының бауырында өскен балалар мейірбан, ой-өрісі кең, көпшіл болып келетінін айтады. «Ата-апасының еркелері» кішкентай Мансур мен Әділ — ойын балалары. Әнуар бесікте. Ал оларды айналып-толғанып отырған әжесі Адай Төлтайқызы қызметтегі ұл мен келініне қолайлы жағдай жасап, бала тәрбиесін қолына алған. Шұбартау сынды өңірдің тумасы Адай апа жаңа заманның әжесі болса да, бесік жырын айтып, немерелеріне ертегі оқып та береді.

Адай апа да өзінің 96-ға келіп өмірден өткен марқұм енесі туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

— Жарықтық енем өмірден өтерде риза екендігін айтып, «Жаратқанның берері көп болсын!..» деп батасын беріп кетіп еді. Сол кісінің тілегі қабыл болған шығар. Бүгінде қыз ұзатып, келін түсіріп, «қолымызды жылы суға салып отырған» жайымыз бар. Қыз бала тәрбиені отбасынан алады ғой, сондықтан құда-құдағиыма да айтар алғысым зор. Үлкеннің алдынан кесіп өтпейтін келінім Гүлмира – қызымдай. Сұрағандарға балаларым мен келінімді, күйеу балаларымды бөлмей, «8 балам бар» дейтінім сол, — дейді әулеттің ақылшысы болып отырған абзал ана.

Шұбартау өңірінің тумалары Берік аға мен Адай апай бүгінде тұңғыш ұлынан кейінгі үш қыздарын құтты орындарына қондырып, ұлы мен келінінің қолында, немерелерін тәрбиелеп, қазақы дәстүрді берік сақтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп отырған қарапайым ғана берекелі отбасы. Ұлдары Думан Берікұлы — қалада ғана емес, Шығыс Қазақстан өңіріне белгілі дәрігер, акушер-гинеколог. Алаш Қозбағаровтың бүгінгі күнгі ізбасары деп айтуға болады. Қазіргі таңда Семей медицина университетінің PhD докторанты, ана мен бала денсаулығының қамқоршысы.

Апасы әсіресе ер-азаматқа құрмет көрсету сынды ізгі қасиеттерді ертеңгі күні әулет анасы атанар қыздардың бойына жас күнінен сіңіру қажет деп біледі. Десек те Адай Төлтайқызы дәстүрлі ене мектебі заманмен бірге жаңарып, дамып отыруы тиіс деген ұстанымда. Сол себептен ұлы мен келінінің өз қызметтерін мінсіз атқарып, ғылыммен шұғылдануларына да жағдай жасап отырады. Қамқор әжеге немере қарап, қызығына кенелуден артық бақыт жоқ.

— Осындай ата-анамыздың тәрбиесін бойымызға сіңіріп отырған Думан екеуіміз олардың үмітін ақтап, разылығын алсақ  дейміз, — дейді кейіпкеріміз.

Келінді ұрпақ жалғастыру-шысы ғана емес, әулеттің ырысы, құт-берекесі, ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білетін үлкен әулеттегі шаттық сырының бір ұшы осында болса керек.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

21 час бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

22 часа бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

22 часа бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

22 часа бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

23 часа бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

1 день бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

2 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

2 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

2 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС