"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕЙСЕНҒАЗЫ ЧУКАЕВ: ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛУДЕ

26.03.2019
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде елімізде жерді пайдалану мәселелері бойынша заң аясында тың шаралар қабылдануда. Бұл ретте жерді түрлі мақсатта игеру мен қорғау барысын қадағалау сынды үлкен міндет тұр. Ал аталмыш бағыттағы жұмыстар қатары «ШҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ тарапынан қатаң назарға алынған. Тақырып аясында басқарма басшысы Сейсенғазы Жұмағалиұлы Чукаевпен сұхбаттасқан едік.

— Сейсенғазы Жұмағалиұлы, алдымен басқарманың қызметі және оның негізгі міндеттері туралы айтып өтсеңіз…

— Сұрағыңыз орынды. Сауал төркініне ойыссақ, жергілікті атқарушы органдардың дербестігін және жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚР Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығымен ҚР мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасында функциялар мен өкілеттіктер ажыратылған болатын. Осыған байланысты 2015 жылдың ақпанында облыс әкімінің шешімімен облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі – Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы құрылды. Бас міндеттер — мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ҚР жер заңдарының сақталуын, ҚР заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi қамтамасыз ету.

Ал осы мақсаттарды іске асыру үшін басқарма ҚР Жер кодексінің 147-бабының 2-тармағымен белгіленген функцияларды атқарады. Ең негізгілері — жер учаскелерін өз еркімен басып алу, мақсатына сай пайдаланбау, сонымен қатар ұзақ уақыт бойы пайдаланбау бойынша жұмыс жүргізу. Аталған функциялар ҚР Кәсіпкерілік кодексімен және ҚР ЖК тексеру нысанында, сонымен қатар профилактикалық қадағалау түрінде мемлекеттік бақылау барысында іске асырылады.

Айта кеткен орынды, тексерулер азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады, онда субъект туралы мәліметтер, сонымен бірге бұзушылық фактісі көрсетілуі тиіс. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтар анықталса, әкімшілік жауапкершіліктен басқа, жер заңнамасын бұзған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады, сондай-ақ оларға орындауға міндетті нұсқаулар беріледі.

— Осы орайда туындайтын заңды сауал: жер заңнамасының бұзылу фактілері болғанда басқармаға қалай өтініш беруге болады?

— ҚР КК 144-бабының 1-тармағына сәйкес, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнетін қатердің алдын алу және оны жою мақсатында бақылау мен қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша жоспардан тыс тексеріледі.

Осылайша, басқармаға өтініш жазған кезде өтініш берушілер тексеру объектісінің толық және дұрыс атауы, тексерілетін субъектінің тұратын жері немесе заңды мекенжайы, анықталған бұзушылықтарды растайтын мәліметтер, яғни жеке тұлғалар үшін – фото немесе видеотүсірілім, мемлекеттік органдар үшін – кадастрлық нөмірі және учаскенің орналасқан жері көрсетілген жер учаскелерін тексеру актісі керек.

— Ал жер заңнамасын бұзушыларға қандай шаралар қолданылады?

— Тексеру қорытындылары бойынша инспектор бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартады және нұсқама береді. Нұсқаманың мерзімі бұзушылықтың түріне байланысты болады. Заңнаманы бұза отырып жер учаскесін пайдаланғаны үшін нұсқаманың мерзімі 3 ай, ал жерлерді ұзақ уақыт пайдаланбағаны үшін 1 жылды құрайды. Жеке және заңды тұлғалармен қатар, жер қатынастарын реттейтін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жағынан да бұзушылықтар жіберіледі. Оларға да әкімшілік және тәртіптік жазалар түрінде шаралар қолданылады, сонымен бірге бұзушылықтарды жою және оларды ары қарай болдырмау туралы нұсқаулар беріледі.

— Айыппұл сомасы қандай және оларды қысқарту мүмкіндігі бар ма?

— Бұл ретте айта кететін жайт, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136, 137, 138, 340 және 462-баптары бойынша инспекторлардың хаттама толтыруға құқығы бар. Айыппұлдың мөлшері жер заңнамасын бұзушылық түріне, сонымен бірге субъектінің санатына байланысты болады және 5-тен 700-ге дейін айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мысалға, ҚРӘҚК-нің 136-бабы бойынша мемлекеттік жерлерді өз еркімен басып алғаны үшін айыппұл жеке тұлғаларға 75 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 АЕК құрайды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚК баптарына сай, инспектор жеңілдететін мән-жайларды, мысалға, кінәлінің өкінуі, сонымен қатар бұзушының әлеуметтік дәрежесін ескере отырып, айыппұлдың жалпы сомасының 30 %-нан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы. Бұдан басқа, бұзушы кінәсін мойындағанда, сонымен қатар айыппұлды жеті күн ішінде төлеуге мүмкіндігі болған жағдайда, оның сомасы 50 %-ға қысқартыла алады.

— Басқарма нұсқамаларын орындамаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

— Жалпы, заң талабына сай, бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін субъектілер анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты басқармаға беруге міндетті. Ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, басқарма екі жұмыс күні ішінде тексеру субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

Сұрау салуды алғаннан кейін тексерілетін субъект үш жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты басқармаға беруге міндетті. Ақпарат берілмеген жағдайда, заңға сай жоспардан тыс тексеріледі.

— Айыппұл және нұсқамалардан өзге, заңнамамен белгіленген басқа да шаралар бар ма?

— Заңға сай бұзушылықты жою қажеттілігі туралы нұсқама жер учаскесіне құқық ауыртпалығы ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатады. Яғни бұзушылықтар жойылғанша жер учаскесіне қатысты азаматтық-құқықтық келісімдерді жасауға тыйым салынады.

Бұдан басқа «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 509-бабына сәйкес, объектілер салуға арналған және тиісті мақсатта пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша базалық салық мөлшерлемелері жер учаскесін мақсаты бойынша пайдалану және ҚР заңнамасының бұзушылығын жою туралы жазбаша ескертуді табыс еткен күннен бастап он есеге ұлғайтылады.

Сонымен бірге Жер кодексінің талаптарына сай тексеру мәліметтері жер учаскелерін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету үшін оның орналасқан жері бойынша аудандық және қалалық әкімдіктерге бағытталады.

— Бүгінде Алакөл көлі, Бұқтырма су қоймасының және басқа да суаттардың жағалауындағы жерлердің пайдаланылу мәселесі өткір тұр. Басқарма тарапынан қандай шаралар қолданылуда?

— Облыста 2016 жылдың 30 желтоқсанында облыс әкімі Д.Ахметовпен бекітілген пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді алып қоюды қамтамасыз ету бойынша Жол картасы қолданыста екенін атап айтқан жөн. Облыс әкімінің орынбасары Ш.Байбеков және облыс прокурорының орынбасары В.Шабер тарапынан өткен жылдың 28 мамырында бекітілген ауылшаруашылық мақсатындағы, сонымен бірге құрылыспен байланысты жерлерді алып қою бойынша алгоритм әзірленген. Аталған құжаттар рекреациялық аймақтардың аумағындағы пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және оларға қатысты мемлекеттік органдардың нақты іс-әрекеттерін белгілейді. Осылайша, басқармамен, келіп түскен мәліметтердің негізінде, Сібе, Алакөл көлдерінің және Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы 1000-нан аса пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды. Барлық субъектілерге бір жыл мерзімі ішінде жерлерді пайдалану қажеттілігі туралы нұсқамалар берілді. Осы ретте өткен жылы нұсқамалардың орындалмауына байланысты жалпы ауданы 41,6 га 83 учаске алынып қойылды.

— Су айдындары жағалауында шлагбаумдар және басқа да қоршаулар орнату заңды ма?

— ҚР Су кодексінің 65-бабының -тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруіне қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады. Ондай жайт орын алса, жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасалады. Әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үшін 2-42 АЕК дейін айыппұл салынады. Ал аталған фактілер бойынша әкімшілік істерді қарау ішкі істер органдарының құзыретіне жатады.

— Мемлекет меншігіне алынған жерлер көп пе, олардың ары қарайғы тағдыры қандай?

— Жалпы, өткен жылы алдыңғы жылдың орындалмаған нұсқамалары бойынша жалпы алаңы 111,9 га құрайтын 162 жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыздар берілді. Ал мәжбүрлеп алынған жер учаскесі мемлекеттен сатылып алынған жағдайда, мұндай жер учаскесі заңға сәйкес, ҚР азаматтық іс жүргізу заңнамасында және ҚР атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттыққа қойылады.

Ал ауылшаруашылық жерлері бойынша Мемлекет басшысының 2017 жылдың 18 тамызындағы мақсатты пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын барлық ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюды қамтамасыз ету және оларды ағымдағы жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Басқармамен аудан және қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен сәйкес шаралар қолдану бойынша тұрақты бірлескен жұмыс атқарылуда.

— Жер учаскелері мәжбүрлі түрде алынған тұлғалардың оны қайтадан алуға мүмкіндігі бар ма?

— Жер учаскелері мәжбүрлеп алынған меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміне енгізіледі және олар үш жылдың ішінде жер учаскелерін ала алмайды. Аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган, аудандық атқарушы орган, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсынатын ақпараттың негізінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетімен жүзеге асырылады.

— Былтырғы жылдың мамыр айында ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілгені белгілі. Олардың Сіздің қызметіңізге қаншалықты қатысы бар?

— Иә, өткен жылдың 4 мамырында № 151-VI ҚР Заңымен ҚР ЖК өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, басқарманың ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерде мемлекеттік бақылауды жүргізу функциясы аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне берілген. Осыған байланысты қазіргі уақытта әкімдіктер жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін сәйкес кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.

Осылайша, әкімдіктер жергілікті жерде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау, жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердi болғызбау жөніндегі iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне бақылау жасайды. Басқарма аталған жұмыстар бойынша мониторинг жүргізеді.

— Көбінесе жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін бергенде заңнама нормаларын сақтамайды, оларды беруден бас тарту туралы шешімдерді ешбір себепсіз шығарады. Мұндай мәселелер бойынша шешімдердің заңдылығын кім бақылайды?

— Жергілікті атқарушы органдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер әкімдерінің қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына бақылау жүргізу функциясы басқармаға берілген. Ал облыстардың, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығына бақылау жүргізу ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің құзыретінде қалдырылды. Осылайша, өткен жылы басқармаға жер заңдылығы саласында жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдерінің заңдылығына бақылау жасау міндеті берілді. 18 жергілікті атқарушы органдарға қатысты тексеру жүргізудің нәтижесінде 11 шешім бойынша жер заңдылығының бұзылуы анықталды. Көбінесе ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзу бойынша жер учаскелерін конкурссыз, сауда-саттықсыз табыстау, сонымен қатар жер учаскелерін табыстау туралы шағымдарды қарау мерзімдерін бұзу болып отыр. Әкімшіліктерге анықталған жер заңнамасының бұзушылықтарын жою мәселелері бойынша нұсқамалар берілді. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде әкімшіліктің төрт лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

— Соңғы сауалымыз, облыс аумағында өз еркімен салынған құрылыстарға қатысты қандай жұмыстар жүргізілуде?

— Иә, бүгінде мұндай жұмыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілуде. Қазіргі мәліметтер бойынша, басқарма тарапынан автотұрақтар мен автоорындарға арналған жер учаскелерінде мемлекеттік меншіктегі жерлерді өз еркімен басып алу фактілері анықталған. Мысалға, Өскемен қаласында – ауданы 0,54 га жерде 30 факт, Семей қаласында – ауданы 73,02 га жерде 38 факт, субъектілер жалпы сомасы 11,2 млн. теңгеге айыппұл салынумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ЖК 164-1-бабының тәртібіне сәйкес, тексеру мәліметтері жер учаскелерін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету үшін оның орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдарына бағытталған. Сонымен қатар заңсыз орнатылған дүңгіршектерді орнынан алуға қатысты әкімдіктермен бірлескен жұмыс ағымдағы жылы жалғастырылатын болады.

— Сұхбатыңызға рақмет. Еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

16.02.2026
Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған. Ресурс қазақстандықтарға...

Толығырақ...Details

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.02.2026
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков алдағы республикалық референдум қарсаңында аға буын өкілдерімен жүздесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жөнінде...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

16.02.2026
Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен...

Толығырақ...Details

Семейде «Ауыл» партиясы алдағы Конституция бойынша референдумды қолдауға арналған жиын өткізді

16.02.2026
Семейде «Ауыл» партиясы алдағы Конституция бойынша референдумды қолдауға арналған жиын өткізді

2026 жылғы 16 ақпанда Абай облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Қайрат Смағұловтың басшылығымен Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн...

Толығырақ...Details

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

16.02.2026
Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

Шәкәрім университетінде «2026 жылғы Конституциялық реформа: халық таңдауы және тарихи жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған университеттің профессорлық-оқытушылар...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

13.02.2026
Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

​Бүгін Абай облысында жетекші қоғамдық-саяси күштердің қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында өңірлік коалиция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

6 часов бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

6 часов бұрын

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

6 часов бұрын

Семейде «Ауыл» партиясы алдағы Конституция бойынша референдумды қолдауға арналған жиын өткізді

6 часов бұрын

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

10 часов бұрын

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

3 дня бұрын

Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

3 дня бұрын

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

3 дня бұрын

Динара Шукижанова: Новая Конституция создает прочную основу для развития бизнеса

3 дня бұрын

Республика көлемінде «Шекара аруы – 2026» бейнебайқауы өтуде!

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС