"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай облысының ардагерлері Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.

16.02.2026
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков алдағы республикалық референдум қарсаңында аға буын өкілдерімен жүздесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жөнінде баяндады. Іс-шара алдағы жауапты кезең алдында ақсақалдардың батасын алып, парасатты пікірін тыңдау мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге 70-тен астам ардагер қатысты.

Жиында Шалқар Байбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен басталған жалпыұлттық референдум үдерісінің маңызын атап өтті. Жаңа Конституция жобасының ел болашағына әсері, әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі және азаматтық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған тетіктері жөнінде кеңінен айтып берді.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кездесуді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Алин жүргізді. Өңірдің құрметті азаматтары сөз сөйлеп, реформаның тарихи мәніне тоқталды.

Ардагерлер тарихи сабақтастық, мемлекет тұрақтылығы, жастар тәрбиесі мен ұлттық бірлік мәселелерін көтеріп, өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып пайымды пікір білдірді.

«Құрмет» орденнің иегері, Абай облысына еңбек сіңірген Төс белгісінің иегері, Семей қаласының Құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев «Біз, үлкендер елдің ащы-тұщысын көрдік. Мен бұған дейін бірнеше референдум мен сайлауға қатыстым. Түптеп келгенде халық әрқашан дұрыс шешім қабылдайды. Бүгінгі өзгерістердің мәнін түсінеміз. Ғылым, білім, өндіріс пен шаруашылық біріккенде ғана мемлекет дамиды. Жастар да бұл науқанда белсенділік танытып, ел болашағы үшін дауыс береді деп сенемін. Абай елі деген атқа лайық болып, бір кісідей жұмылып, ортақ шешімге келейік», — жастарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Құрмет» орденнің иегері, Абай облысына еңбек сіңірген Төс белгісінің иегері, Семей қаласы мен Абай ауданның Құрметті азаматы Отантай Қәрібжанов «Конституция – әр мемлекеттің айнасы. 1995 жылғы Ата Заң мен бүгін ұсынылып отырған жаңа редакция арасында елеулі айырмашылық бар. Мәтіннің 84 пайызына өзгеріс енгізілуі – бұл жай түзету емес, ауқымды жаңғыру. Біз жобаны мұқият оқып, зерделедік. Бұл – жастар үшін де, елдің болашағы үшін де маңызды құжат. Осындай тарихи кезеңде белсенділік таныту – әр азаматтың жауапкершілігі», — деп жаңа жобаны ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды қадам екенін жеткізді.

Ардагерлер халық болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, ел бірлігі мен берекесін тілеп, бата берді.

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС