"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ

17.02.2026
СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ
75
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2025 жылдың ақпаны. Қыс ортасынан ауғанымен, ызғары әлі толық  қайтпаған шақ. Бірақ ауада көктемнің білінер-білінбес лебі бар. 2022 жылы Абай облысы болып қайта құрылғаннан бері көңілдерінде үміт пен күдік арпалысқан аймақ халқы үшін бұл мезет тағы бір маңызды жаңалықпен есте қалды. Аймаққа жаңа әкім келді.

Облыс қайта құрылғанда елдің  күткені көп еді. Экономикалық серпіліс, жаңарған инфрақұрылым, жаңа жұмыс орындары… Бірақ уақыт өткен сайын үміт пен күмән қатарласа берді… Бірі «бетбұрыс енді басталды» десе, енді бірі «күткен өзгеріс баяу» деп күңкілдеді. Бұл жаңа облыстың тағдырына алаңдаған жұрттың табиғи көңіл-күйі еді.

Облыс әкімінің ауысуы — жай ғана кадрлық өзгеріс емес. Ол — адамдардың ертеңге деген сеніміне әсер ететін сәт. Сондықтан бұл жаңалықты аймақ тұрғындары әрқалай қабылдады. Бірі жаңа серпін күтті, бірі тұрақтылықтың бұзылуынан қорқақтады…

СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ

СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ

Жаңа әкім туралы пікір де екіге жарылды. Бірі оны орталыққа жолы ашық, облысты өркендетуге мүмкіндігі бар тұлға ретінде қабылдаса, енді бірі «журналист әкім бола ала ма?» деген күдікті де жасырмады. Шынында да, қалам мен кабинет, сұхбат пен шаруашылық, мақала мен магистраль бір-біріне қабыса бермейтін әлем секілді көрінетіні  де заңды.

Сонымен, бүгін, 17 ақпанда, Берік Уәлидің Абай облысы әкімі қызметіне кіріскеніне бір жыл толды. Бір жыл — күнтізбеде қысқа ғана уақыт. Бірақ кейде уақыттың ұзақтығы емес, оның қалай өткенін таразылау маңыздырақ.

«Әкімді мақтады» десеңіздер — еріктеріңіз. «Артық кетті» десеңіздер — ол да өз таңдауларыңыз. Мен бүгін бір адам жайлы ода емес, бір жыл ішінде атқарылған жұмыстарды саралап, нақты деректерге сүйеніп сараптама жасамақпын.

2025 жыл тек Берік Уәли үшін емес, жалпы Абай облысы үшін сынаққа толы уақыт болды. Сол уақыттың шындығын жасырып та, бояп та жазғым келмейді. Өйткені уақыттың әділ таразысы — эмоция емес, нәтиже.

Бұл кезең Абайдың 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Абай аты аталған жерде өлшемнің де биік болуы заңдылық қой. 2025  жыл даңғаза тойдың емес, аймақтың өркендеуіне ерекше жан бітірген  еңбектің жылы болды.

Жаңа әкім қызметін  кабинетте отырып қабылдаудан бастаған жоқ. Таңғы қаланың бос көшелерімен жүріп, тіршіліктің тамырын көзбен көруден бастады. Шалғай ауылдарға барды.

Бір ауылға бір емес, бірнеше рет барды. Кейде уәденің салмағы кабинетте емес, ауылдың шаңды жолында сезілетіндей көрінеді. Өйткені ауыл — есептің емес, етене байланыстың өлшемі. Мұнда адамдар уәдеге емес, көзге қарайды. Көз алдамайды. Берік Уәли шалғай ауылдарға қайта айналып баруды  жай жұмыс кестесі емес, сенімге апарар жол деп санайтын сияқты.

СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ

Экономикада сандар сөйлейді. Бірақ кейде сол сандардың артында адамдардың үміті тұратынын ұмытып кетеміз. Бір жылдың ішінде өңірге инвестиция тартылып, жаңа жобалар жан бітіре  бастады. Қалада жаңа нысандар бой көтерді. Бұл бір күндік  іс емес, баяу жанданып келе жатқан тамыр соғысы сияқты.

Ауыл шаруашылығы да назардан тыс қалған жоқ. Қара жердің иісі, еңбекке үйренген алақанның табы — бұл өңірдің жаны. Өнім көлемі өсіп, техника жаңарып, шаруаларға қолдау күшейді. Бұл — ауыл әлі де тіршіліктің тірегі екенін еске салған кезең болды.

Инфрақұрылым — көзге бірден көрінбейтін, бірақ өмір сапасын айқындайтын маңызды сала. Жылу, су, жол — бәрі де бір күнде шешілмейтін түйіндер. Дегенмен осы бағытта өзгеріс көп екені байқалды. Жаңа мектептер ашылып, медицина нысандары жаңарып, жедел жәрдем қызметі күшейе бастады.

«Таза Қазақстан» бастамасы да өңірде ерекше қарқын алды. Бұл тек сенбілік емес, ортақ жауапкершілік сезімін оятуға жасалған қадам болды. Қала мен ауылдың келбеті  адамдардың ішкі мәдениетінің айнасы екені облыс әкімі тарапынан сан мәрте айтылды. Жай айтылып қойған жоқ, талап етілді.

Баспана мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жаңа үйлер салынды. Семей қаласының жаңа кеңістігін қалыптастыру туралы бастамалар көтерілді. Бұл Семейдің ертеңіне салынған ұзақ мерзімді инвестиция екені сөзсіз.

Семей өңіріндегі бүгінгі мәдени қозғалыс пен шығармашылық тыныстың жаңа лебін байқау да қиын емес.

Абай кітапханасының жаңаруын көпшілік көпшілік жай жөндеу емес, уақыт пен жадыны жаңғырту деп қабылдады. Мұнда өткен әр кездесу, әр кеш руханиятты бағалайтын жанға қуаныш сыйлады. Шалғайда жүрген өнер адамдары туған жеріне жиі ат басын бұрып, тіпті елге оралғандары да бар.

Бұл — жай сапар емес, рухани гравитация. Туған жердің тартылысы барын көрсететін белгі. Мұндай құбылыстар үнсіз жүреді, бірақ өңірдің жан дүниесін өзгертетін күшке ие.

Бұқаралық спортқа да бетбұрыс жасалды. Жаңа спорт нысандары салынып, ірі жобалар бастау алды. Бұл — тек инфрақұрылым емес, өңірдің болашағына салынған инвестиция.

Ауыл тақырыбына келгенде ерекше назар аудартқан бастамалардың бірі — «Қаладан – ауылға» жобасы. Бұл — өңірдің демографиялық және экономикалық теңгерімін қалпына келтіруге бағытталған қадам.

Пилоттық алаң ретінде  ұлылардың туған жеріндегі Медеу ауылдық округі таңдалды. Бүгінде төрт жүзден астам тұрғыны бар бұл елді мекенде тіршілік үзілмеген. Мектеп, медициналық пункт, клуб, интернет ауылдың тамыры соғып тұрғанын көрсетеді. Инфрақұрылымды жаңарту да қатар жүріп жатыр. Су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ

Жоба аясында көшіп келушілерге нақты қолдау қарастырылған. Баспана, мал шаруашылығын бастауға мүмкіндік, жұмыс орындары ұсынылады. Алғашқы ниет білдірушілер де бар. Жоба баяу басталғанымен, ауылға деген көзқарастың өзгеріп келе жатқанын аңғартады.

Маңыздысы, бұл жобаға жергілікті шаруашылық иелері де қолдау білдіруге дайын. Яғни ауыл тағдыры ортақ жауапкершілікке айнала бастағанын көрсетеді.

Берік Уәлидің бір жылдық жұмысына қысқаша шолу жасай отырып, кадрлармен жұмыс әдісіне де тоқтала кеткен артық болмас. Бұл кезеңде жаппай кадрлық ауыс-түйіс болған жоқ. Мемлекеттік тілдің қолданылуына басымдық беріліп, ұлтжандылық пен іскерлік қасиет ерекше байқалды. Халық мінсіз нәтижені емес, өзгерісті күтті. Өзгеріс көп.

Ендігі сөз уақыт пен нәтиженің еншісінде.

Бір жыл — тарих үшін қысқа, бірақ тағдыр үшін кейде шешуші рөл атқарып жатады. Осы бір жылдың ішінде бәрі түбегейлі өзгерді деу артық болар. Бірақ өзгеріс барын байқамасақ, әділетсіздік болар еді.

Сенім бір күнде тумайды. Әр орындалған уәде, әр басталған іс арқылы қалыптасады. Абай облысында сол сенімнің алғашқы негізі қаланды…

Бұл — қорытынды емес.

Бұл — жолдың басы ғана.

БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА:

Әлеуметтік желідегі семейлік жетім қыздың тағдыры туралы ақпаратқа көзіміз түсті. Балалар үйінде өскен Айым есімді қыздың өмір жолы ауыр сынақтарға толы екен. Ол 15 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Тағдыр тәлкегі мұнымен бітпей, бір аяғынан айырылған.

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің жетім қыздың  баспана мәселесін шешіп, санаторийге демалыс ұйымдастырғанын естідік.

Сонда балалар үйінің тәрбиеленушісінің үні өзге әкімдердің құлағына 15 жыл бойы жетпеген бе деген сауал көңілде тұрып алды…

Адамға қамқорлық жасау, бәлкім, қызметтік міндеті де болар. Бірақ кейде дәл осындай сәттерде билік пен халықтың арасын адамдық өлшем жалғайды.

Тек СЕНІМГЕ СЫЗАТ ТҮСПЕСІН!

Риза АСАНҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

06.05.2026
Семейде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Елім деп...

Толығырақ...Details

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

30.04.2026
Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында өткен баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты....

Толығырақ...Details

Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

26.04.2026
Жарма ауданындағы киелі бұлақ маңы тазартылып, көшет отырғызылды

Semeytany.kz – Жарма ауданының Ортабұлақ ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасының «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында экологиялық шара өтті. Тазалық жұмыстары жергілікті халық...

Толығырақ...Details

Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

26.04.2026
Семейде 200-ден астам ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары басталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Семей қаласында ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпірден кейін өңір басшысы Берік...

Толығырақ...Details

Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

21.04.2026
Абай облысы Қытаймен шекаралық жобаларды күшейтпек

Semeytany.kz – Абай облысы мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесіне қарасты Тарбағатай округі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері онлайн форматта өткен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

2 дня бұрын

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

2 дня бұрын

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

2 дня бұрын

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

2 дня бұрын

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

2 дня бұрын

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

2 дня бұрын

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

2 дня бұрын

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

4 дня бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

4 дня бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС