"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Нақты істерге негізделген жаңа кезең

17.02.2026
Нақты істерге негізделген жаңа кезең
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен осыдан тура 1 жыл бұрын, 2025 жылдың 17 ақпаны күні, Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

 

Президент өзінің қасында бірнеше жыл қызмет етіп, тәжірибе жинаған азаматқа туған жеріне қызмет етуге мүмкіндік берді. Алғашында идеолог маманның шаруашылыққа келуін әркім әр түрлі бағалады. «Балапанды күзде санайды» дейтін халықтың өкіліміз ғой, бір жылда атқарған жұмыстарға шолу жасауды жөн көрдік. Бағасын жергілікті тұрғындар бере жатар…

Бір жыл көп уақыт емес. Бір ғимаратты салу үшін жоспарлау, сараптамадан өткізу, бюджеттен қаржы қарастыру және құрылыс жұмыстарын бастауға дейін кемі 2 жыл уақыт кетеді.

Алайда Берік Уәли осы қысқа мерзімде өңірде ұзақ жылдар қордаланған инфрақұрылымдық түйткілдерге жүйелі түрде кірісіп, экономикаға серпін беретін жобаларды іске қосты, әлеуметтік саясатта нақты нәтижелер байқалды. Ең алдымен, жергілікті жұрт өңір басшысының жұмыс стилі өзгелерге ұқсамайтынын байқады. Кабинеттен гөрі аудан-ауылдарды, қараусыз қалған аулаларды аралау, тұрғындармен ашық сөйлесу, мәселені қағазда емес, нақты іспен шешуге ұмтылу мәселесі алдыңғы қатарға шықты.

Аймақ басшысы өткен жылдың 161 күнін аудандарда өткізіп, кейбір өңірлерге бірнеше рет сапарлағаны – соның айғағы. Шалғай ауылдарға дейін барып, әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындардың мұң-мұқтажын көзбен көріп, құлақпен есту басқарудың басты өлшеміне айналды. Мұндай тәсіл тек «кездесу өткізу» үшін емес, нақты тапсырма беріп, орындалуын бақылауға негізделгені байқалды. Соның нәтижесінде әр салада қозғалыс бар: инвестиция, өндіріс, жол, жылу, су, туризм, білім, денсаулық, жұмыспен қамту бағыттары қатар ілгеріледі.

Бір жылдағы басты нәтижелер мен бастамаларға кеңірек тоқталайық.

 

Экономикаға серпін: инвестиция және индустриялық аймақ

2025 жылды Абай облысы үшін инвестиция көлемі мен жобалардың ауқымы тұрғысынан ерекше кезең ретінде атауға болады. Бір жылдың ішінде өңірде жалпы құны 24,1 млрд теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба іске қосылып, 391 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл – облыс экономикасының нақты секторына капитал тарту, өндіріс көлемін ұлғайту және халықты тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған маңызды қадам.

Семей қаласындағы индустриялық аймақтың әлеуеті де күшейтілуде. Қазіргі таңда индустриялық аймақ аумағында жалпы инвестиция көлемі 35 млрд теңге болатын және 1 018 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды көздейтін 3 ірі жоба жүзеге асырылу сатысында тұр. Мұндай жобалар өңірдің тек саудаға ғана емес, қайта өңдеу, өндіріс, логистика бағыттарына бет бұрып келе жатқанын білдіреді.

Инфляцияны тежеу, ішкі нарықты отандық өніммен қамту мақсатында агроөнеркәсіп пен сақтау-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Harvest» агро-индустриалды кластері, сондай-ақ қойма және сауда ғимараттары қарастырылған көпфункциялы базар құрылысы. Мұндай жобалар, бір жағынан, жұмыс орындарын ашса, екінші жағынан, өңірде өндірілген өнімді сақтап, өңдеп, нарыққа тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Ауыл шаруашылығында өсім бар, өңдеу бағыты күшейеді

Өңірде мал санының артуы – ауыл шаруашылығындағы жалпы өсімнің бір көрінісі. Қой шаруашылығын дамыту бойынша 2026–2030 жылдарға арналған салалық бағдарлама әзірленіп, «Игілік» бағдарламасы арқылы 300 мың бас асыл тұқымды ұсақ мал сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жоспар алдағы жылдары ауылдағы табысты арттыруға, ет және мал өнімдерінің көлемін көбейтуге ықпал етуі тиіс.

Ең маңыздысы, өңір тек шикізат өндіріп қана қоймай, оны өңдеу бағытына нақты қадам жасап отыр. «Eurasia Agro Semey» кәсіпорны базасында жылына 11,4 мың тонна өнім шығаратын ет комбинатын іске қосу көзделген. Қайта өңдеу кәсіпорындарының көбеюі – ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын өсіріп, өңір экономикасын тұрақтандыратын фактор.

 

Инфрақұрылым: жылу желісі, су жүйесі және өмір сапасы

Абай облысы үшін ең өзекті мәселелердің бірі – ескірген инфрақұрылым. Бұл, әсіресе, жылу желілері мен су жүйесіне қатысты. Өткен жылу маусымына дайындық барысында облыс аумағында жылу желілеріндегі анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп, бұл мақсатқа Үкімет резервінен және бюджеттен 11,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 23 жылу көзі жөнделіп, 22 шақырым жылу желісі ауыстырылды.

Ең басты көрсеткіш – тозу деңгейінің төмендеуі: облыс бойынша жылу желілерінің тозуы 59,3%-дан 55,6%-ға, ал Семей қаласы бойынша 61,5%-дан 58,2%-ға төмендеді. Әрине, бұл мәселе бір жылда толық шешіліп кетпейді. Бірақ жылу жүйесін жаңарту бағытында нақты жұмыс жүріп жатқаны, қаржы бөлініп, нақты нысандар жөнделгені – тұрғындар үшін ең маңызды өзгеріс.

Сапалы ауыз сумен қамту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылды. Облысты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 24,9 млрд теңгеге 32 жоба іске асырылды. Су – тіршіліктің өзегі. Сумен қамту – тек тұрмыстық жайлылық емес, денсаулық, санитария, ауылдың көшу-кону үдерісі сияқты әлеуметтік факторларға да тікелей әсер етеді.

 

Жол саласы: аудан мен ауылдың қатынасы жақсаруда

Жол – облыс экономикасының «қан тамыры». 2025 жылы автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп ұстау, қайта жаңғырту және жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге 31,9 млрд теңге бөлінді.

Осы қаржыдан облыстық маңызы бар жолдардың 109 шақырым болатын 7 учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге 5,6 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар аудандық маңызы бар жолдардың 138 шақырым болатын 14 учаскесі жөнделіп, 5,5 млрд теңге игерілді. Елді мекен ішіндегі көшелерге де назар аударылды: жалпы ұзындығы 17 шақырым болатын 29 көшеге орташа жөндеу жүргізуге 1 млрд теңге бөлінді (Аягөз қаласы, Қабанбай және Мақаншы ауылдары).

«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 20 ауылдағы 61 шақырым болатын 74 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2,8 млрд теңге игерілді. Бұл – ауыл ішіндегі қатынастың жақсаруы, мектепке, ауруханаға, жұмысқа қатынаудың жеңілдеуі, қауіпсіздік пен тұрмыс сапасының артуы деген сөз.

Жолды күтіп ұстауға 3,1 млрд теңге бөлініп, шұңқыр жөндеу, белгі орнату, қар тоқтататын қалқандарды қалпына келтіру, өртке қарсы жер жырту сияқты маусымдық, бірақ аса қажет жұмыстар орындалды. Маршруттық тәсілмен 202 мың шаршы метрден астам және 29 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілгені де күтіп ұстау сапасын арттыруға бағытталған қадам.

Алдағы жылға жоспарлар да айқын. 2026 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 20,8 млрд теңге қарастырылған. Облыстық маңызы бар жолдардың 44,5 шақырым болатын 4 учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге 4,5 млрд теңге бөлінеді (соның ішінде Аягөз–Қарауыл бағытындағы учаскелер, Ақшоқы шатқалына кіреберіс, Мақаншы – Жалаңашкөл бағытындағы жолдар).

Облыстық жолдарды күтіп ұстауға 3,7 млрд теңге бөлініп, ауыр жүк көліктерінің салмағын автоматты түрде өлшейтін жүйелерді орнату жоспарлануда (Бородулиха – Шемонаиха учаскесі). Аудандық маңызы бар жолдардың 60,2 шақырым болатын 10 учаскесінде, сондай-ақ 69 көшеде орташа жөндеу жүргізуге 6,6 млрд теңге бөлу көзделген.

Кешенді даму жоспары аясында көпірлер құрылысы мен реконструкциясына басымдық беріліп отыр. Семей қаласындағы автомобиль көпірін реконструкциялау барысында жобада қарастырылған 9 тіректің 8-і салынды, соңғы тірек бойынша құрылыс жалғасуда. Металл құрылымдар толық жеткізіліп, нысанды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Курчатов қаласында 42 шақырым жолды қайта жаңғырту үшін 700 млн теңге бөлініп, жобаның жалпы құны — 1,3 млрд теңге (аяқталуы 2026 жылға жоспарланған). Ақсуаттағы Тебіске өзені арқылы өтетін көпірді, Жармадағы Үшбиік ауылындағы көпірді жаңғырту, Көкпектідегі Тассай ауылындағы көпір құрылысы сияқты жобалар да ауданаралық байланысты күшейтеді.

Кешенді даму жоспары аясында көпірлер мен көшелерді жөндеу және қайта жаңғырту жобаларына 11,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарда да ауқымды жұмыстар атқарылды: «Қазавтожол» филиалы 584 шақырым болатын екі учаскеде реконструкциялау жұмыстарын жүріс бөлігі бойынша толық аяқтады (Талдықорған – Қалбатау – Өскемен және Қалбатау – Майқапшағай бағыттары). Бұдан бөлек, 258 шақырым болатын 10 учаскеде орташа жөндеу жүргізілді.

 

Темір жол логистикасы: өңір әлеуетінің жаңа мүмкіндігі

Өңірдің транзиттік әлеуетін арттыратын маңызды жоба – Қазақстан – Қытай шекарасында үшінші шекаралық темір жол өткелін салу. «Семей – Ақтоғай» учаскесіне (Бақты – Аягөз бағыты) шығатын бұл жобаны іске асыру үшін облыс әкімдігі 10,5 мың гектар жерді резервке алған. Темір жолдың жалпы ұзындығы — 297 шақырым, ал құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталады деп жоспарланған.  Бұл – өңір экономикасы үшін ұзақ мерзімді стратегиялық маңызы бар жоба.

 

Туризм: Алакөлді кешенді дамытуға бетбұрыс

Абай облысының туристік бренді саналатын Алакөл жағалауын дамыту бойынша бір жылда жүйелі шаралар қабылданды. Өткен жылы жағалауды көркейтуге 1 млрд теңге, биыл 2,4 млрд теңге бөлінген. Абаттандыру, көшелерді жөндеу, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қатар жүргізілуде.

Қауіпсіздік бағытында Қабанбай ауылында құтқару станциясы аяқталды, өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр. Жағалауда 117 бейнебақылау камерасы және 6 антенна-діңгек құрылғысы орнатылып, шомылу маусымына дейін аумақ мобильді интернетпен толық қамтылады деп жоспарлануда.

Алакөл аумағының бас жоспарына өзгерістер енгізу басталып, биыл қыркүйекте аяқталады деп көзделген. Нәтижесінде туристік аумақ 300 гектардан 3 000 гектарға дейін ұлғайып, келушілер саны тәулігіне 20 мыңнан 75 мың адамға дейін артуы мүмкін.

Жағалаудың шегінуі – өзекті мәселе. Қауіпті 360 метр аумақ анықталып, өткен жылы 120 млн теңгеге 60 метр жағалау нығайтылды. Бұл «Роял Релакс», «Астория», «Ассоль» демалыс орындары аумағында су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік берді. Қалған аумақты толық нығайту үшін 15,2 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Электр қуатының тапшылығы мен желілердің тозуы да назардан тыс қалмаған: магистралды желі мен трансформаторлық қосалқы станция салуға арналған құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде (жоба құны — 7,3 млрд теңге, қорытынды наурызда шығады деп күтілуде). Биылғы маусымға дайындық үшін электр желілері мен ішкі қосалқы станцияларды жөндеуге 275 млн теңге қарастырылған.

Туризм тек абаттандырумен шектелмейді: ол — жаңа нысан, жаңа сервис, жаңа жұмыс орны. 2025 жылы туризм саласында 8,9 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылды. Семейде «Pana Unique Semey» бес жұлдызды қонақ үй-мейрамхана кешені (6,5 млрд теңге) салынды, 107 жұмыс орны құрылды. Бесқарағайдағы Старая Крепость аумағында 1 млрд теңге болатын демалыс базасы, Жыланды маңында 200 млн теңге болатын «Zhylandy Eco Village», Семей – Павлодар тас жолында құны 1,2 млрд теңгені құрайтын  Keruen Inn қонақ үйі іске қосылды.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау: сан да, сапа да бар

2025 жылдың үш тоқсаны қорытындысы бойынша облыс әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде тұрақты динамика көрсетті. Жұмыссыздық деңгейі 4,7% болып, жоспарланған межеден төмен қалыптасты. Жастар арасындағы жұмыссыздық — 2,4%, бұл республикалық көрсеткіштен де төмен.

Жыл ішінде 23 772 адам жұмысқа орналастырылды (жоспар 104%-ға орындалды). Әлеуметтік осал топты кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында 205 грант берілді. «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы аясында 103 микрокредит бөлініп, жоспар артығымен орындалды.

Цифрлық білім беру арқылы да еңбек нарығына бейімдеу күшейген: Skills.Enbek.kz арқылы 2 865 адам тіркеліп, 2 741-і оқуды аяқтаған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 845 адам тіркеліп, 534 адам оқуын тамамдаған.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 343 жұмыссыз азамат жолданып, оқуды аяқтағандардың 90,2%-ы жұмысқа орналастырылғаны – бағдарлама тиімділігінің нақты көрсеткіші.

Әлеуметтік көмекті нақтылауға арналған мобильдік қосымшаның іске қосылуы да маңызды жаңалық болды. Соның нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2024 жылмен салыстырғанда 4 275 адамға, немесе 23,7%-ға азайған. Жалпы, 14 111 адам (2 781 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек алып, төлем сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қатысты да маңызды жаңалық бар: қайтарылған активтер есебінен құрылған арнайы мемлекеттік қор қаражаты арқылы Семейдегі №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жанынан 2,6 млрд теңгеге қосымша корпус салынды. Бұл – қызмет сапасын арттыруға және қамтуды кеңейтуге мүмкіндік.

 

Білім: жаңа мектептер, қосымша білім және инфрақұрылым

Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметіне сәйкес, облыста 35 мектепте орын тапшылығы 7,4 мың орынды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 5 мектеп салу жоспарланған. Қазіргі таңда 4 мектеп пайдалануға берілді: Семейдің Қарағайлы ауданында 1 200 орындық, Водный кентінде 600 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық, Аягөзде 600 орындық мектептер іске қосылды. Семейдің Восточный кентіндегі мектеп құрылысы аяқталып, IV тоқсанда оқу процесі басталмақ.

Семейдегі №30 және №4 мектептерге 500 орындық жапсаржайлар салынуда. Ал 2026–2027 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қарағайлыда 1 400 орындық Binom School, дарынды балаларға арналған лицей-интернат, Ақсуат пен Екпін ауылдарында 300 орындық мектептердің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар «Абайға тағзым» акциясы аясында Астана әкімдігі бір «Келешек мектебін» сыйға тартуды жоспарлап отыр.

Қосымша білім беру жүйесі де кеңейіп келеді: 2025 жылдың соңында Семейде Оқушылар сарайы ашылды. Мақаншы мен Жаңасемей аудандарында музыка мектебі мен шығармашылық үйі ашылып, 300 бала қамтылды. Курчатовта жеке инвестор есебінен ғимарат қалпына келтіріліп, шығармашылық үйіне берілді – мұнда 305 бала қосымша білім алады. Абай ауданындағы Кеңгірбай ауылында 40 орындық сауықтыру лагері салынып жатыр (дайындық 90%), 2026 жазында іске қосылып, бір маусымда 200 баланы қамтиды.

 

Денсаулық сақтау: ауылдан басталған жаңғыру

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту – тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер ететін сала. 2023–2025 жылдарға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы толық аяқталды. Бұл ауыл тұрғындарына медициналық қызметті қолжетімді етуге мүмкіндік берді.

Аягөз және Үржар аудандарында ауруханаларды жаңғырту жүріп жатыр. Аягөзде 2025 жылы жансақтау бөлімшесіне арналған жапсаржай құрылысы аяқталды (құны — 1,5 млрд теңге). Биыл МРТ орнатуға арналған жеке ғимараттың құрылысы аяқталады деп күтілуде. Үржарда инсульт орталығы ғимараты салынып жатыр (құны — 3 млрд теңге, 2026 жылғы маусым айында аяқталады деп жоспарланған).

Материалдық-техникалық база да айтарлықтай жаңартылуда: 2025 жылы 6,5 млрд теңгеге 2 996 бірлік медициналық жабдық сатып алынып, техника тозуы 46,4%-ға дейін төмендеді (2024 жылы 49,5%). Бұл жерде айырмашылық анық: 2024 жылы 2,8 млрд теңгеге 472 бірлік жабдық алынған болса, 2025 жылы бұл көлем бірнеше есе артқан.

Семейде алдағы жылдарға арналған стратегиялық жобалар әзірленуде: 300 орындық көпбейінді аурухана (70 млрд теңге), 200 орындық балалар ауруханасы (60 млрд теңге), қан орталығы (6,8 млрд теңге), жедел жәрдем қосалқы станциясы (8 млрд теңге), Ядролық медицина және онкология орталығының хирургиялық корпусы (12 млрд теңге). Бұл жобалар аяқталса, облыстың медициналық әлеуеті мүлде жаңа деңгейге шығары анық.

 

Бір жылдағы бағыт айқын, жұмыс нақты

Берік Уәлиұлының бір жылдық жұмысы өңірдегі басты екі бағытты айқын көрсетті. Бірінші — елмен жақын байланыс және жергілікті мәселеге «осында және қазір» жауап беру, екінші – ұзақ мерзімді ірі жобалар арқылы өңір экономикасын әртараптандыру және инфрақұрылымды жаңарту.

Әрине, шешімін күткен мәселе аз емес. Жылу желілерінің тозуы мәселесі толық шешілген жоқ, электр қуатының тапшылығы, мектеп орындарының жетіспеушілігі сияқты проблемалар  алдағы кезеңнің де күн тәртібінде тұра береді. Бірақ бір жылда басталған нақты жобалар мен бөлінген қаржы, орындалған жұмыстар «сөзден — іске» бетбұрыстың бар екенін көрсетеді.

Ең маңыздысы – басталған жұмыстар тоқтап қалмай, жүйелі жалғасын табуы. Өйткені өңірдің бүгінгі қарқыны сақталса, Абай облысының экономикалық әлеуеті де, халықтың тұрмыс сапасы да жаңа деңгейге көтерілуі әбден мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

16.02.2026
Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған. Ресурс қазақстандықтарға...

Толығырақ...Details

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.02.2026
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков алдағы республикалық референдум қарсаңында аға буын өкілдерімен жүздесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жөнінде...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

16.02.2026
Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен...

Толығырақ...Details

Семейде «Ауыл» партиясы алдағы Конституция бойынша референдумды қолдауға арналған жиын өткізді

16.02.2026
Семейде «Ауыл» партиясы алдағы Конституция бойынша референдумды қолдауға арналған жиын өткізді

2026 жылғы 16 ақпанда Абай облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Қайрат Смағұловтың басшылығымен Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн...

Толығырақ...Details

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

16.02.2026
Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

Шәкәрім университетінде «2026 жылғы Конституциялық реформа: халық таңдауы және тарихи жауапкершілік» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған университеттің профессорлық-оқытушылар...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

13.02.2026
Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

​Бүгін Абай облысында жетекші қоғамдық-саяси күштердің қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында өңірлік коалиция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Нақты істерге негізделген жаңа кезең

1 час бұрын

СЫНАҚ ПЕН СЕНІМ

2 часа бұрын

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

15 часов бұрын

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15 часов бұрын

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

15 часов бұрын

Семейде «Ауыл» партиясы алдағы Конституция бойынша референдумды қолдауға арналған жиын өткізді

15 часов бұрын

Конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел

20 часов бұрын

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

4 дня бұрын

Студенттермен кездесуде жаңа Конституция жастарға елеулі мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді

4 дня бұрын

Мади Мырзағараев: Әділдікке деген сенім қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС