"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

16.02.2026
Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті.

– Намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар! Соның арқасында көк Туымыз желбіреді. Еліміздің мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған Дубайдағы дүбірлі дода – халықаралық маңызы бар оқиға. Бұл аса тартысты жарыс деп айтсақ, қате болмайды. Себебі барлық командалар бес күн бойы өте күрделі мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген тосқауылдарды еңсеруі қажет болды. Бірақ біздің жауынгерлер барын салды, әскери міндеттерді мінсіз орындап, ақыры ең жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Мұндай жарысқа әр мемлекет өзінің ең мықты сарбаздарын жібереді. Соған қарамастан ел үмітін ақтап, үздіктердің үздігі атану оңай емес екені анық. Бұл кездейсоқ жетістік емес. Әр жетістік – зор ерік-жігер мен қажырлы еңбектің жемісі. Әр жеңіс – мықты кәсіби дайындық пен асқан шеберліктің айқын көрінісі. Өздеріңіз білесіздер, былтыр осы беделді жарыста Қазақстан құрамасы екі күміс жүлдені еншіледі. Биыл да сол жеңіс жолын жалғастырып, зор сенім артқан ұлттық командамыз абыроймен оралды. «Қазақстан С» командасы теңдесі жоқ, яғни абсолютті чемпион атанды. Бұл – тамаша жетістік, бұл жеңіс осы турнирдің тарихында қалады. Жылдар зымырап өтеді, бірақ сіздердің балаларыңыз, осы қуанышты күндердің куәсі болған, сіздерді қолдаған, сіздерді мақтан тұтқан барлық адамдар бұл жеңісті әрдайым ерекше сезіммен еске алып, айтып отырады. Ал «Қазақстан А» командасы екінші орынға ие болды. Бұл да өте жақсы, бәрімізді қуантқан керемет нәтиже, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында өрт қаупі жоғары маусым басталды: негізгі қауіп жаз айларына сәйкес келеді

14.04.2026
Абай облысында өрт қаупі жоғары маусым басталды: негізгі қауіп жаз айларына сәйкес келеді

Өңірде өрт қаупі жоғары кезеңнің мерзімі белгіленіп, жедел әрекет етуге қажетті күштер мен құралдар дайындалды. Негізгі қауіп дәстүрлі түрде жаздың...

Толығырақ...Details

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

14.04.2026
ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі алты жыл бойы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әскери қызметшілердің тағдырын...

Толығырақ...Details

Биыл өңірде 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды

13.04.2026
Биыл өңірде 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды

Абай облысы ветеринария басқармасы биылғы жылдың I тоқсанында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Облыс бойынша 3...

Толығырақ...Details

Абай облысында жылу желілері жаңартылып, Семейде ірі инженерлік жобалар іске асады

13.04.2026
Абай облысында жылу желілері жаңартылып, Семейде ірі инженерлік жобалар іске асады

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтканов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жылумен қамту жүйесінің жай-күйі мен...

Толығырақ...Details

Семейде жаз мезгілінде ыстық су кезең-кезеңімен беріледі

13.04.2026
Семейде жаз мезгілінде ыстық су кезең-кезеңімен беріледі

Семей қаласында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін тұрғындарды ыстық сумен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл туралы қала әкімі Әділет Қожанбаев...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс

10.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Тағы бір мәселе. Ғылымның әлеуетін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында өрт қаупі жоғары маусым басталды: негізгі қауіп жаз айларына сәйкес келеді

15 часов бұрын

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

16 часов бұрын

Биыл өңірде 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды

2 дня бұрын

Абай облысында жылу желілері жаңартылып, Семейде ірі инженерлік жобалар іске асады

2 дня бұрын

Семейде жаз мезгілінде ыстық су кезең-кезеңімен беріледі

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс

4 дня бұрын

Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту — аса маңызды міндет ️– Мемлекет басшысы

4 дня бұрын

Ата заңымызда алғаш рет ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді

4 дня бұрын

Президент ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды

4 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС