"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда

13.02.2026
Абай облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» облыстық Коалициясы республикалық бастама аясында құрылуда
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

​Бүгін Абай облысында жетекші қоғамдық-саяси күштердің қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция аясында өңірлік коалиция мүшелерінің отырысы өтті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның, сондай-ақ өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді.

Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы Күшті әрі Әділетті Қазақстан құрудың берік іргетасына айналып, саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі жаңғыртатынын атап өтті. Бұл бастама биліктің барлық тармағының тұрақты әрі үйлесімді жұмысын қамтамасыз етіп, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және елдің орнықты дамуына жол ашады.

Өңірлік коалиция жетекшісі, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков өз сөзінде: «Жаңа Конституция – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Ол әділеттілік қағидаттарына негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады. Біздің міндетіміз – осы тарихи шешімнің маңызын әрбір азаматқа түсіндіру», – деді.

Абай облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Мейрамхат Айнабеков: «Конституциялық өзгерістер – бұл тек құқықтық түзетулер емес, бұл – қоғамның сапалы жаңғыруы. Ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттары өңірлік деңгейде де нақты істер арқылы көрініс табуы тиіс», – деді.

Сондай-ақ отырыс барысында «Aуыл» партиясы филиалының төрағасы Қайрат Смағұлов, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Кенесбаев, «Respublica» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш, «Ақ жол» партиясы филиалының өкілі Ермек Абильмажинов, Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Темірлан Бақтияров, сондай-ақ коалиция мүшелері сөз сөйледі. Әлихан Бөкейхан университетінің проректоры Айрат Базенов академиялық қауымдастық атынан пікір білдіріп, жаңа конституциялық өзгерістердің құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудағы рөлін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылымды, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарға толық сәйкес келетінін атап өтті. Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағдарланған мемлекеттік институттардың неғұрлым тұрақты әрі тиімді моделін қалыптастыратыны баса айтылды.

Өңірлік коалиция мүшелері еліміздің институционалдық жаңғыру жолында маңызды кезеңнен өткеніне тоқталды. Атап айтқанда, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының нығаюы, Конституциялық Соттың жұмыс істеуі, заңсыз шығарылған активтердің мемлекетке қайтарылуы, ұлттық ресурстарды әділ бөлу қағидатының күшеюі – әділдік пен теңдікке негізделген жаңа саяси мәдениеттің нақты көрінісі екені айтылды. Барлық шешімдер әділдік, теңдік және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік құндылықтарына сүйенетіні атап өтілді.

Сөз сөйлеген өңірлік коалиция мүшелері осы шешуші кезеңде Жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызын халық арасында кеңінен түсіндіру үшін облыстағы жетекші қоғамдық-саяси күштердің бірлесуі аса маңызды екенін жеткізді.

Абай облыстық коалициясының құрамына саяси партиялардың өңірлік құрылымдары, облыстық қоғамдық бірлестіктер, мәслихат депутаттары, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері, кәсіподақ ұйымдары, салалық қауымдастықтар мен жастар бірлестіктері енгені атап өтілді. Бұл – өңірдегі белсенді әрі беделді азаматтарды біріктірген кең ауқымды алаң.

Жуырда коалиция мүшелері облыс аумағында ауқымды түсіндіру жұмыстарын бастайды. Алдағы референдум қарсаңында ашық диалог ұйымдастыру, азаматтардың саналы түрде қатысуына жағдай жасау мақсатында еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымымен және тұрғындармен кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар шалғай елді мекендер де назардан тыс қалмайды. Себебі әрбір қазақстандық азаматтың дауысы – ел болашағы үшін шешуші мәнге ие.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 неделя бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

2 недели бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

2 недели бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

2 недели бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

2 недели бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

2 недели бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС