"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮНІҢ КЕТПЕС ҚҰЛАҚТАН

29.03.2019
29
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сағыныш адам баласына ата-баба өнегесімен, әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен бірге берілетін тылсымы мол қасиет.

Өлеңі сырға, махаббатқа, сағынышқа толы ақындар әлемі еріксіз жетелей жөнеледі. Мағжан Жұмабаев поэзиясымен қауышқанда елге, жерге, сүйген жарға деген сағынышқа оранғандай күй кешесің. Мағжан ақын кеудесінде бұлқынған бұла сезім сиқырлайды да тұрады.

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол елімді сүйемін!

Сарыарқа деген жерім бар,

Неге екенін білмеймін –

Сол Арқаны сүйемін!

Алабұртқан сезім. Аңсарлы сезім. Туған жерге іңкәрлік. Ұлы Мағжанның: «Қазағымды, қалың елді сағындым!..» — деуі табиғи. Кіндік қаным тамған ауылыма ынтызарлығым өлең болып құйылған ақын сырын іштей қайталаумен көкейімде жатталғаны анық.

Ал ұстазға сағыныштың жөні бөлек. Отбасылық тәрбиені іліп әкетіп, жас шәкірттің жанына нұр құятын ұстаз. Ұстаз ақылшың да, қамқоршың да. Оның әрбір сөзі, тіпті сөйлеу мақамы жүрегіңнен мәңгілікке қоныс табады. Көбірек білсем, айналадағы қым-қуыт сырларды ақтарсам, түсінсем, мүмкін, ұстазымдай болар ма екенмін деп армандайсың.

Ұстаз – оқытушы, тәрбиеші. Мектеппен қоштасып, қызу өмір жолына араласып кеткеннен соң кейде оңаша ойға қаласың. Әр ұстаздың өз орны, өз ерекшелігі, ой-өрісі, білім деңгейі, адами қасиеті, қайталанбас келбеті көз алдыңнан көлбеңдеп өтіп жатады.

Қайталанбас тұлға, аяулы ұстаздардың бірегейі — Бәтташ Сыдықұлы. Сол бір күз әлі есімде. 1958 жылдың күзі. Алғашқы қоңырау салтанатынан кейін өз кластарымызға жиналдық, әдеттегідей. Бірер бала мектептерге ауысыпты, қаладан келген екі қыз орнын толтырыпты олардың. Жаңа мұғалімдермен таныстық. Қазақ әдебиетінен Бәтташ Сыдықұлы, физика пәнінен Үміт Өмірбекқызы сабақ оқытады екен.

Ауылдың ұйытқысы, барометрі — мектеп. Қазір де тап солай. Мектеп тұрғанда ауылды жұмылған жұдырықтай ұйыстыратын басқа күштің қажеті де жоқ. Ұшар ұя да, қонар қия да мектеп болғанға не жетсін?!

Іле-шала мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын иеленген Бәтекең, «Жас келсе іске!» дегендей, жаңа үрдіс, тың серпін ала келді. Өзі ақын, журналист болғандықтан, қаламының желі бар жастарға өнеге шашып, өлең, әңгіме жазатын оқушылардың басын қосып, әдеби-көркем альманах шығарды.

Сырттан бақылаумен шектелмей, альманахтың бірінші өлеңін өзі жазды Бәтекең:

«А» әрпін алғаш рет үйреткен,

Оқушысын еркелеткен, билеткен.

Білім менен тәрбиенің ордасы,

Мектебіме бас иемін ізетпен.

Мектеп-ана қанатымды шыңдадың,

Сырын аштың сыр сандықтай шыңдардың.

Дәл осы үшін саған әлі қарыздар,

Оқып жүрген ұлдарың мен қыздарың,

Кім ұмытар алтын орда-мектепті,

Бізді қоғам құрылысшысы етпекші.

Қолыңдағы осы жинақ арқылы ол

Тағы да бір дән ұрығын сеппекші.

«Альманах» деп аталады бұл жинақ,

Келді, міне, оқушысын шын сыйлап.

Тіл ұстартып, өсірейік өркенді,

«Альманахқа» өнегелі сөз жинап.

Альманахтың не екенін ұқты оқушылар. Оқушылар ғана емес, ауыл жұртшылығы елең етті жаңалыққа. Қаламдары қарымды ғалым Нәубат Қалиев, ақындар Мағрипа Тілеубекова, Мұрат Әлин, жазушы Дәулет Сейсенұлы көктен түскен жоқ-тын. Бәр-бәрі талапты, талантты шәкірттері Бәтташ Сыдықұлының.

Жаңалық үстіне жаңалық келіп жатты өмірге. «Сөйлеп тұрған Саржал орта мектебінің радиостанциясы!». Жапа-тармағай дөңгелек қара радиоаппаратының маңайына жиналды жас пен кәрі. Аты – мектеп радиоторабы. Задында ауыл, аудан жаңалықтары, ел хабарлары тұтас қамтылды. Өлең-жыр оқылды, ән-күй шырқалды. Тек мектеп іші емес, бүкіл ауыл халқын елең еткізді.

Бәтташ – ұстаз мектеп бағдарламасына сәйкес өтілетін пәндердің ішінен қазақ тілі мен әдебиетінің дәрежесін аспандатып әкетті. Әдебиет әдемі тізілген сөздердің жиынтығы емес, ұлтты оятатын, оны тәрбиелейтін таптырмас құрал екендігін шәкірттерінің санасына құйды. Оқулықтағы жадағай, жаттанды сөздерді сырып тастап, тіл құдіретін, мәйекті сөздің қасиетін өнегеге ұсынды. Тумысынан сөз өнерінің қадір-қасиетіне мән берген Ұстаз өзі ғана шешен сөйлеп қоймай, шәкірттерінің де ойларын мүмкіндігінше шырайландырып жеткізуін қадағалайтын. Оқушы жауабынан, нәрлі оймен қатар, көрікті суретті кездестіргенде көне қазбадан алтын тапқандай қуанатын. Жауаптарымызға талдау жасағанда тауып айтқан теңеуімізді басқаларға үлгі етіп, шәкірттерін қолпаштап, көтермелеп, жаңа ізденістерге бағыттайтын. Ондаған оқушыларының әдебиетке, сөз құдіретіне бейімделіп «ауыруында» Бәтекеңнің аса мол ықпалы айқын сезілетін. Әдебиет пен ғылым саласына бой ұрып, қиыншылығы, азабы жетіп артыларлық жолға түсуім — Бәтекеңнің өнегесі. Иә, тап солай. Ұстазымыздың мектеп қабырғасындағы, кейіннен өмір сабақтарынан түйсініп, түсінгеніміз — шешендік өнердің қайталанбас қыр-сырлары. Ежелгі Римнің мемлекеттік қайраткерінен мұраға қалған өміртанымдық тәмсіл «Шешеннің ең ұлы қасиеті – қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау» екендігін шәкірттер санасына мықтап құйды.

Шешендік өнердің үлгісіндей Бәтекеңнің алыстан келген мәртебелі қонақтарға «Еңлік-Кебек» ескерткішінің жанында Абай елін таныстыруы бүгінде аңызға айналған.

Көнеден қалған көзі көп,

Абайдан қалған сөзі көп.

Сыр сандықтай құзы бар,

Батырлардың ізі бар ауыл.

Абай ауылы – шежіреге кен ауыл. Абай жұрты – мол мұралы, сырлы жұрт. Бір сәтке төңірекке көз жүгіртіңізші:

Сонау Қоңыр жотаны Қалқаманның қасы ма деп қаласыз,

Ағып жатқан бұлақты Мамырдың көз жасы ма деп қаласыз,

Селдіреп тұрған селеуді Еңлік қыздың шашы ма деп қаласыз,

Жазықта жатқан жалғыз тасты ер Кебектің басы ма деп қаласыз.

Иә, сол ер Кебек пен ару Еңліктің зираты осы.

«Бұл – шолақ байталдың құйрығындай шолтаңдаған Тобықты ұзында өшің, қысқада кегің бар ма еді, әйтпесе сал табанымның астына, қандымойын айыпкер тентегіңді, жібер жесірімді, өз қолымнан өлтіремін»,- деп қасарысып отырып алған қисық билер әлегінің құрбаны болған екі жастың моласы.

Қазақтың арқалы ақыны, марқұм Ғафу Қайырбековтің естелігінде бұл жайт өлеңмен өрілгендей әсерге бөлейді: «Дәл талма түстің кезінде той көші Еңлік-Кебек мұнарасына келіп тұмсық тіреді. Үлкен жол мен мұнара тұрған биік төбенің екі арасы әжептәуір жер болғанымен, үйіріле-үйіріле тұрып жатқан машиналар сыймай кетті, кейінгілер талай жерден жаяулап келеді. Жиырма шақты үй тігіліпті. Олар күмбезден сәл әрегіректе. Орталау бір тұсында алтыбақандар орнатылған. Халықтың түгелге жақыны жиналды деген сәтінде, мазарды кейінгі жұрт көріп жатқанда, Қарауылдың шешен жігітінің бірі солтүстікке, анау алыс көкжиекке шаншылған шыңдарға, одан бері отыз шақырымдай үлкен жазыққа асығыс бір көз жүгіртті де, заулап аға жөнелді. Құдды өлең айтып тұрғандай, небір зерлі, өрнекті, бояулы сөздерді бұлақтай ағызып, түйдек-түйдегімен тастағанда, осынау өнерлі топтың түсінген, түсінбегендері де — бәрі бірдей ауыздарын ашып, көздері шығып кете жаздады. Баяғыдан сол оқиғаның басында болып, көзімен көріп, содан бері жағы талмастан осы төбенің, осы күмбездің дәл түбіне жырлап отырған абыз болар ма? Абыз десең, жап-жас жігіт. Аты – Бәтташ. Көмекейі бүлкілдеп, жосылып тұр. Қазақтар рақаттана қопаңдап қояды. Шала да болса түсінетін Міртемір мен Қайсын қазақтардың аса шешен халық екеніне өздерінің көзі де жаңа жетіп, өзгелерге қайран қалыса түсіндіреді.

— Сонау Ақшатаудың басынан еңіреген екі ғашықты екі асаудың құйрығына байлап, бері қарай құрықтай айдағанда, осынау жазықта олардың денесін сүйіп, жыламаған жусан, сыңсымаған ши қалмаған шығар,- дейді ол, — сонда аттардың да өкпесі ұшып тоқтаған жері, екі мұңлықтың жанының да шығып болған жері осы болса керек, осы төбенің басы. Дүниедегі ең бір ұлы махаббаттың қасиетті қаны тамған жер осы, ал сонау қара жартас шыңында шырқырап қалған сәбидің ащы дауысы ылғи кеште, күн тымық шақта осы араға әлі естіліп тұрғандай болып көрінеді.

«Бәрекелді, жігітім, рақмет саған,- дейді Ғабең (Мүсірепов) қаршыға көзді, қара сұр жігітке шын ризашылықпен, сүйсіне қарап. Қонақтар – бәрі де ақындар, махаббат жыршылары әлі де сілтідей тынған қалпында, көкірек өзінше күмбір қаққандай күйде тұрып қалған еді.

— Бұл жер – Қарауыл мен Семейдің қақ ортасы.

— Түстеніп қана кетуге, екі-ақ сағат уақытқа қаншама үй тігілген, қаншама жабдық жасалған!

— Какой диапазон, какое величие щедрости, что за невероятная страсть к великолепию, что за богатырская стать? – деп грузин ақыны Карло Каладзе Қайсын Кулиевке қарап қолын жаяды. Анау:

— Да, все необыкновенно. Что за могучая любовь и такая же жестокость – обе рядом! – дейді, сабырсыздана басын шайқап.

— Иә, қонақтар көңілі даланың кешегісі мен бүгінгісін көріп, биіктеп кеткендей еді».

Иә, сұңғыла шешен Б.Сыдықұлының сөзін тыңдау бір ғанибет. Сөздің қасиеті мен құдіретін бір адамдай меңгерген, қазақта қара сөзге дес бермеген академик Рымғали Нұрғали дастарқанында өңшең ығай мен сығай бас қосыпты. «Бір кезде Бәтташқа сөз бердім. Томағасын алған қыран құстай, өңі құбылып, даусы дірілдеңкіреп барып, бойын түзеп алды. Алдымен елден, Семейден, Шыңғыстаудан келгенін термелеп, толғап айта бастады. …Бір кез Әуезов романының тұтас үзінділерін бір сөзін де бұзбай заулатты; бір кез әйгілі трагедиядағы қаһарлы билер монологын оқыды. Содан кейін барып Алматыға оралып, дастарқан басындағы адамдарды жеке-жеке қара сөзбен жырлай бастады. Отырғандардың көз алдында ескі заманның күміс көмей, жез таңдай шешені келгендей болды; бір өзі бір театр қызметін атқарғандай болып, жосыла шапқан Бәтташ импровизациясы бәріне ұнады»,- деген Ркең тебіренісін оқыған едік.

Қазақтың көрнекті жазушысы, марқұм Дүкенбай Досжан: «Не кереметінің барын білмеймін. Әйтеуір, жерді ойып жіберердей жылдам жүрісін, таудан тас домалатқандай кесек сөзін, сілкініп алып төңкеріп тастайтындай дүлей мінезін сағынам да тұрамын!

Құлағыма күңіреніп үні келеді. Сағынышым еш басылмайды. Балта тиіп, оталып, сиреп бара жатқан орман ішінен көзіме ыстық, өзіме ғана сүйікті әрі сенімді алып теректі іздеймін содан!»– деп қайталанбас дара тұлға Бәтекеңе деген ыстық ықыласын жеткізіп еді.

Иә, Бәтекеңді ұрпағы сағынады. Бала буын аңызға айналған есімін аялайды. Шәкірттері тағзым етеді. Құрбыластары есті сөзін қайталайды.

Арап ЕСПЕНБЕТОВ,

Қазақстанның еңбек  сіңірген қайраткері, профессор.{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

18.09.2025
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындау үшін жергілікті атқарушы органмен құрылған комиссия «атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деген...

Толығырақ...Details

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

18.09.2025
Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

Semeitany.kz - Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 17 қыркүйек күні...

Толығырақ...Details

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

18.09.2025
Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Semeytany.kz - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға орта...

Толығырақ...Details

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

18.09.2025
Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

Semeytany.kz - Абай облысында 79 жоба әзірленіп, оның 33-і даму жоспарына сай кезең-кезеңімен іске асады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде...

Толығырақ...Details

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

17.09.2025
Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

Semeytany.kz – Жапонияда жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» (Path to Rebirth) партиясы жетекшілік қызметті жасанды интеллектке жүктейтінін мәлімдеді. Мұндай шешім партияның...

Толығырақ...Details

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

17.09.2025
Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

Semeytany.kz - Абай облысы Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Германияның «MICHEL METALLBAU GmbH & Co. KG», «A&E NENASCHEW GMBH...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысы Түркістандағы «Орталық Азия – Корея» форумында өңір әлеуетін таныстырды

19 часов бұрын

Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады

20 часов бұрын

Қаза тапқандар бар: Қарағандыда пойыз бен Mazda соқтығысты

22 часа бұрын

Биыл 855 мыңнан аса отбасыға 404,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

22 часа бұрын

Семейге 200 орындық балалар ауруханасы, жаңа емханалар мен стадион салынады

23 часа бұрын

Жапонияда партия тізгінін жасанды интеллектке бермек

1 день бұрын

Германиямен меморандум: Абай облысының студенттері үш айлық тағылымдамаға барады

1 день бұрын

Бір аптада екі бас жүлде: Абай театры халықаралық сахналарда топ жарды

1 день бұрын

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

1 день бұрын

Киелі жерлер — өзара құрмет пен халқымыздың мәдени саналуандығының символы — Президент

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС