"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕНАТОР ДҮЙСЕНҒАЗЫ МУСИН ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ ЖОЛДАДЫ

09.04.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Дүйсенғазы Мусин облысымызда арнайы іссапармен болып, өңірдегі агросектор өкілдерімен, мал өсіруші шаруалармен жүздескен болатын. Өткен наурыз айындағы осынау сапары барысында Д.Мағауяұлы жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді толғандырып отырған өзекті мәселелер қатарына да қанықты. Айтап айтсақ, мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидия қарыздарының қалыптасуы бойынша туындаған жағдайға баса назар аударып, аталмыш мәселеге тереңнен үңілді.

Жалпы, бұл мәселе бойынша облыс әкімдігі Парламент пен Үкіметке арнайы хат жолдаған болатын. Осыны назарға алған Сенат депутаты ел шығысындағы шаруаларды толғандырып отырған жайттың өзектілігін алға тартып, ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.

Д.Мағауяұлы өз сауалында айтып өткендей, тәуелсіздік жылдары ішінде аграрлық-өнеркәсіптік кешендерді дамытуға арналған тоғыз бағдарламалық құжат әзірленген, әрі сол құжаттардың негізінде дәйекті реформалар жүргізіліп, бүгінде мемлекеттік аграрлық саясат кезеңімен іске асырылуда. Соның ішінде АӨК-ін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері бірінші кезекте айқындалған болатын. Яғни бұл саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, еңбек өнімділігін нығайта отырып, өңделген өнім экспортын ұлғайту басты меже саналуда. Осы ретте қаржыландыру көздері мен көлемдері нақтыланып, 2 трлн. 774 млрд. теңге қаржы бағытталып, Елбасының тапсырмаларына сәйкес өзектендірілген еді. Міне, соның нәтижесінде ШҚО-да аталған бағдарламаны іске асыру бағытында жан-жақты әрі белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дүйсенғазы Мусин осы бағыттағы жұмыстарды да зерделеп, көрсеткіштер көлеміне де назар аударыпты. Атап айтсақ, өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 507 млрд. теңгені құрап, 7,4%-ға артып, негізгі капиталға инвестициялар 38 пайызға және еңбек өнімділігі 17 пайызға өскен. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенін несиелеу екі есеге өсіп, 18 млрд. теңгеге жеткен.

Сондай-ақ Елбасының отандық өнімді халықаралық нарыққа шығару тапсырмасын орындау шеңберінде нақты іс-шаралар жүзеге асырылып, экспорт көлемін арттыру мақсатында өткен жылы облысымызға 5 264 бас ірі қара мал импортталған. Осы жайттарға тоқталған Сенат депутаты Д.Мағауяұлы өз депутаттық сауалында шығыс өңірінің АӨК-де экономиканың өсу драйверінің бірі мал шаруашылығы екендігін алға тартады.

Ал басты проблема — осы саладағы ауылшаруашы-лық тауарын өндірушілердің іскерлік белсенділігін арттыру өткен жылы олардың алдында мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар бойынша 5 млрд. теңге сомасында қарыздардың қалыптасуына алып келген. Осылайша, бұл жағдай облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін қаржылық қиындықтар тудыруда. Оны шешудегі мәселе сол — облыс әкімдігі тарапынан басқа бюджеттік бағдарламалардан қаражатты қайта бөлу жолымен ағымдағы жылға арналған қаражатты іздестірудің барлық ішкі резерві қазірдің өзінде пайдаланылған. Ал жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге ешқандай мүмкіндік жоқ.

Осыған орай Сенат депутаты Д.Мусин аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру мақсатында АШМ субсидиялаудың тиімді жүйесін әзірлеу барысында ережелердің тұрақтылығын, бөлінген қаржыны пайдаланудың тиімді жоспарлануын ескергені жөн деп санайды. Яғни, жоғарыда айтылғандай, Д.Мусин ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге: «Осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында ШҚО-ға 5 млрд. теңге қаржы бөлуге ықпал етуіңізді сұраймын»,- деп депутаттық сауал жолдаған.

Сенат депутатының ықпалымен ел Үкіметі тарапынан аталған мәселенің шешімі табылар болса, аймағымыздағы аграрлық-өнеркәсіптік кешендер субъектілерін қаржылық сауықтырудың негізгі талабы орындалған болар еді.

Қ.ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

16 минут бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

27 минут бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

40 минут бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

47 минут бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС