"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЙБЕК НҰҒЫМАРОВ ЕКІНШІ МӘРТЕ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» АТАНДЫ

11.06.2019
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Осымен тоғызыншы мәрте қазақ күресінен ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы – 2019» республикалық турнирінде Айбек Нұғымаров топ жарып, жеңімпаз атанды. Байрақты бәсекеден жеңіспен оралған апайтөс балуанды кеше, апта дүйсенбісінде жерлестері салтанатты түрде қарсы алды.

Жеңімпазды салтанатты түрде қарсы алу рәсіміне қала әкімі Ермак Сәлімов те қатысып, жерлестерінің атынан құттықтау лебізін білдірді. Палуанды қарсы алуға сонымен қатар қазақ күресінің ардагерлері, Айбектің туыстары мен спортты серік еткен қала жастары, жергілікті тұрғындар да келген болатын.

Салтанатты шара барысында сөз алған Айбек Нұғымаровтың өзі де барша жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, тілеулестік танытқандарға ризашылығын жеткізді.

Жалпы, осы жолы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өткізілген жалпыұлттық жобаның ақтық мәресінде 33 балуан бақ сынаған болатын. Еліміздің 17 аймағында және үш қаласында өткен іріктеу турнирлерінде жеңімпаз болған палуандар өзара жүлде қорын сарапқа салды.

Бәсекенің қорытындысы бойынша, бас бәйгенің биылғы финалдық кезеңіне ең ауыр салмақтағы палуандар, Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан қос қыран — Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев екеуі шыққан болатын.

Финалдық белдесулердің қарсаңында ресми түрде өткен салмақ өлшеу рәсімінде Айбектің салмағы 144 келі болса, Ерасыл 151 келі тартқан еді. Шешуші сында дәл осы екеуі белдесті. Екеуі алма-кезек ұпай алып, таразы басы 5 минутқа жуық уақыт бойы теңселіп тұрғанымен, белдесу соңында Нұғымаровтың бағы жанды. Тәжірибесі басым болды. Қайсарлықтың үлгісін көрсеткен Қажыбаевқа екінші орын бұйырды.

Осылайша, Айбек Нұғымаров 2019 жылғы «Қазақстан Барысы» атанды. Оған Алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқ» табыс етілді. Былтыр 3-орынға ие болған жерлесіміз Ерасыл Қажыбаев биыл күміс белбеуге қол жеткізді. Осы бетінен таймаса, келесі жылы басты мақсатына жетуі де ықтимал.

Осымен екінші мәрте «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алған Айбекті жеңісімен құттықтаймыз!

«СТ»-ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

15 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

15 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС