"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫТЫЛМАҚ

18.06.2019
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жылы Семей өңірінің ауыл-шаруашылық құрылымдары 15 мың 750 гектар көлеміндегі егістік алқаптарына егін екті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандары баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің өсімдік секторы меңгерушісі Тоқтарғажы Стамбековтің айтуынша, биылғы жылы ауылшаруашылық құрылымдары мен жеке тұлғалар тарапынан 3223 гектар жерге картоп, 1470 гектарға көкөніс дақылдары, 75 гектарға бақша дақылдары егілген.

 

— Біздің өңір мал шаруашылығымен  айналысатын болғандықтан, мақсатымыз — малдың азықтық базасын дайындау. Биылғы жылы біраз жұмыстар атқарылды. 450 гектарға сүрлемдік жүгері, 500 гектарға бір жылдық, 1400 гектарға көп жылдық шөптер егілді. Осы науқанды өткізу үшін ауылшаруашылық құрылымдарына арзандатылған бағамен 325 тонна дизель отыны бөлінді. Бүгінгі күні сәуір, мамыр, маусым айларына бөлінген жанармай толықтай игерілді. Бағасы 179-180 теңгеден. Ғылыми мекемелер берген қорытынды бойынша, егістік жұмыстарын 20 сәуір — 15 маусым аралығында аяқтадық, — деді Тоқтарғазы Стамбеков.

Өңірдегі мал шаруашылығы жайлы сектор меңгерушісі Рысгүл Рахимбаева баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша, кейбір ауыл шаруашылығы мал басының және мал шаруашылығы өнімділігінің өсу қарқыны бірқалыпты сақталуда. 2019 жылғы 1 маусымнан өңірдегі барлық шаруашылық нысандарында 65 600 бас мүйізді ірі қара, 99300 бас қой-ешкі, 800 бас шошқа, 40 200 бас жылқы және 1 млн 226 300 құс тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айында 10 мың 700 тонна ет, 10 мың 400 тонна сүт, 960 мың дана жұмыртқа, 140 тонна жүн өндірілген. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 8 пайызға, жұмыртқа көлемі 0,6 пайызға көбейген.

Өңірдегі балық шаруашылығының дамуы жайлы бөлім басшысы Нұрлан Шақабаев айтып берді. Нұрлан Нұрғалиұлының айтуынша, Знаменка тас жолы бойындағы бірнеше көлді балық аулауға жалға беру үшін конкурс жарияланбақ.

— Біз конкурс өткіземіз. Жеңіске жеткен мекеме көлдерді дамыту стратегиясымен айналысады. Бұл коммерциялық су қоймасы болуы да мүмкін. Бәлкім, сол жерде спорттық балық аулау, демалу ұйымдастырылады. Егер су қоймасына шабақтар жіберсек, олардың өсуі үшін су қоймасын жабу керек болады. Біз бәрін ескеруге тырысамыз. Қазір, негізінен, балық шаруашылығы Озерки көлінде және Мұрат саяжайындағы «Нұр» шаруа қожалығында дамытылуда,- деп атап өтті ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ Нұрлан Нұрғалиұлы «Котлован» көлі маңы енді ұйымдастырылмаған демалыс орны болмайтынын айтты. Мұнда көл маңы тазаланып, үйлер тұрғызылған.

— Енді бұл көл жай келіп шомылып, тамақтанып қайтатын орын емес. Ақысын төлеп, суға шомылып, демалып қайтамыз десеңіздер, ешқандай шектеу жоқ. Дұрыс ұйымдастыру болмағандықтан, бұдан бұрын көл маңында қайғылы оқиға орын алған еді,- деді Н.Нұрғалиұлы.

Бөлім басшысының орынбасары Ержан Сүлейменнің айтуынша, сүт өнімдерін сатып алу мен өңдеу жұмыстары толық көлемде орындалуда.

— Облыс әкімінің тапсырмасымен біз тұрғындардан сүт сатып алудамыз. Жоспар бойынша, 720 тонна сүт сатып алуымыз керек, қазір 290 тоннаға қол жеткіздік. Бүгінгі күні 7 ауылдық округ арнайы келісімшарт бойынша қайта өңдеу мекемелерімен жұмыс істеуде. Бір жарым мың отбасы сүт өткізеді. Литрі 90-100 теңге аралығында. Шикізатты үш сүт өңдейтін мекеме қабылдайды, сондай-ақ 5 сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді, — деді Ержан Сүлеймен.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

5 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

6 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

6 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

6 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

6 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС