"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДИАЛИЗ ЕМІ ЖАЙЫНДА…

10.09.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен апта соңында Семей қаласында трансплантолог және нефролог дәрігерлердің басын қосқан ІІІ  Ұлттық  конгресс болып өтті. Аталмыш шараға, отандық денсаулық сақтау саласы мамандарымен қатар, халықаралық деңгейдегі мамандар да қатысып, заманауи медицинағы соңғы жетістіктер мен тың зарттемелерді өзара сарапқа салды.

Бүгінде тек еліміз ғана емес, әлем бойынша да бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы медицина саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл орайда ағзаларды трансплантациялау оңай емес және бөгде органның жаңа ағзада «қайта жандануы» үшін аса көп қуат пен уақыт қажет екендігі белгілі. Оның үстіне бүгінгі таңда бүйрекке, бауырға немесе жүрек ауыстыруға аса мұқтаж науқастар қатары тым көп әрі жыл сайын артып келе жатыр. Ал донорлар іс жүзінде жоқ десе де болғандай.
– Бүгінгі күндері әлемде созылмалы аурулар кезінде бүйректі ауыстырудың басқа баламасы жоқ. Өмір толыққанды болу үшін бүйрек трансплантациясы қажет. Өткен жылы ШҚО-да роботтандырылған хирургия және ағзаларды трансплантациялау орталығы ашылды. Адамдар дайындалды, қаражат бөлінді, операциялар сәтті өтті. ШҚО-да адам ресурстары жеткілікті, бірегей материалдық-техникалық база болғанымен, бүкіл ел бойынша донор табу өте қиын. Бүйрек, бауыр немесе жүрек сияқты органдарын ауыстыруды қажет ететін адамдарды қолдау қажет. Адам қайтыс болғаннан кейін оның сау мүшелері басқаға донор бола алады. Бүгінде бүйрек пен бауырын ауыстыруды қажет ететін науқастардың саны аз емес. Мұндай жағдайларға жеткізбей, алдын алуымыз керек, — дейді медицина саласының білікті маманы Жақсылық Досқалиев.
Күн тақырыбында тұрған аса өзекті мәселе — трансплантацияны дамыту идеясын облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова да қолдайды.
— Бүгінгі күндері Шығыс Қазақстан облысында жалпы медицина саласы облыс әкімдігінің жіті назарында тұр. Соңғы үш жылда жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуға шамамен 23,5 млрд. теңге салыныпты. Бұл орайда біздің аймағымызда өте жақсы қалыптасқан үрдіс бар. Біз трансплантацияны дамытуымыз керек, бұл науқасқа облыстан тыс жерге шықпай-ақ көмектесуге мүмкіндік береді. Әрине, донорлық бүйрекпен өмір сүру оңай емес, бірақ науқастың қалыптасуына жағдай жасалған. Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек және тың серпіліс жасауға міндеттіміз, – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары.
Ұлттық конгресс барысында сонымен қатар халықаралық деңгейде мойындалған, ғылыми еңбектері айналымға енгізіліп, дәстүрлі нефрология саласында қолданылып жүрген бірқатар профессорлар мен зерттеушілердің баяндамалары тыңдалды. Өз сөздерінде мамандар атап көрсеткендей, қазіргі таңда созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дерті — кеңінен таралған аурулардың бірі. Гемодиализ емін қажетсінетін науқастар саны жылына 1 миллионды құрайды екен. Қынжылтарлығы сол, бұл дерт жыл өткен сайын жасара түсуде. Аталған аурудың кең таралуы гемодиализ төсегінің саны мен трансплантация көлемін арттыру сияқты мамандандырылған көмекті ұйымдастыруды қажет етеді. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі шамамен 150-200 жағдайда кездеседі және бүйректен тыс тазалау әдісімен қамтамасыз ету деңгейінің дәрежесін анықтайды. Ал гемодиализ созылмалы бүйрек жетіспеушілігі және перитонеалды диализ диагнозы қойылған науқастарды емдеуде негізгі әдістердің бірі болып табылады.
Басқосу барысында мамандар, аталмыш кеселдің алдын алумен қатар, оны кешенді түрде емдеу мәселелерін де кеңінен талқылады.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

9 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

10 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

11 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

11 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

11 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС