"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАЙ МІНГЕН ТРАМВАЙ

31.01.2020
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өтпей тұрған тауарларды жарнамалап дүкендер мен қоғамдық көліктерде өткен-кеткендерге қағаз таратып көшеде жүргендерді көрсек, таңғалмаймыз-ау. Ал Абайды осы өтпей тұрған тауардың деңгейіне түсірген сұмдықты кім көрген! Бұл бастаманың авторы — сол баяғы Өскеменнің әкімдігі.

Желіде жарық көрген мына ақпаратқа назар аударайық: «Осы аптада Өскеменде «Абай» трамвайы жолға шықты. Трамвайдың алғашқы жолаушыларымен бірге қала әкімі Жақсылық Омар көпшілікті Абай жылымен құттықтап, халықпен еркін әңгімелесіп, Абай мұрасын оқып, танысуға шақырды. Ал Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері жолаушыларға ақын-ның «Қара сөздері» кітабын және шығармаларының үзінділері жазылған күнтізбелерді тарту етті… Осылай Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойында Өскемен қаласындағы №3 әдеби трамвай жолаушыларды тасымалдап қана қоймай, рухани білімдерін байытуға да ықпал ететін болады».

Бұл апта басында әлеуметтік желіні жаулап алған жаңалықтардың қатарында болды.

Басқаларды қайдам, мына масқараны көріп, не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым. Соңғы кездері Абайды айтып «айқайлаған» әпенді «данышпандар» қаптап кетті. Олар әңгімесін «Абай айтқан ғой…» деп бастайтын болған.

Өйткені бүгін Абай — ТРЕНД!!!

Өкінішке орай, ақынның «бес дұш-паны» мен «бес асылын» оқымаған, оқыса да санасына тоқымаған «данышпандар» Абай арқылы өздерін жарнамалап қалуға асығуда.

Сонымен, облыс орталығындағы бас ақынның суреті салынған трамвайға отырып, өскемендіктердің Абай ілімін саналарына қалай сіңіріп жатқанын өз көзімізбен көру үшін бір сағаттай уақыт қоғамдық көлікпен жүріп қайттық. Ұлты қазақ емес бір қарт ана, жанында көзәйнегі жоқтықтан болар, таратып берген парақшаны көзіне жақындатып өзінің аялдамасына жеткенше ары-бері аударды да, межелі жеріне келген соң тастай салып, есікке беттеді. Қолындағы қағазы отырған жерінде қалды. Көп кешікпей трамвай салоны Абай бейнеленген қағаздармен ыбырсып, қоқысқа толып кетті…

Ақын мұрасын насихаттау мақсатында жазылған жарнама қағазды қолдарына алып түскендердің аялдамадағы қоқыс жәшігіне лақтырып бара жатқандарын байқадық. Ал біз осы көріністерге қарап тұрып: «Бір жарым ғасырдай уақыт бұрын ұрпағын «бес нәрсеге асық болуға, бес нәрседен қашық болуға» үндеген ақын баба бізден осындай жарнама күтіп пе еді?» деген ойда болдық. Абайды көлікте жарнамалау кімге керек? Науқаншылдыққа беріліп, ерекшеленудің жолында кездесетін осындай келеңсіздіктер неден туындайды? Әрине, көзге түсіп қалуға талпынған кейбір шенеуніктердің асыра сілтеуінің нәтижесі.

Басқа емес, ұлтымыздың данасы Абай хақында бірдеңе айтқымыз келгенде абайлау керектігін ұмытып кететініміз өкінішті-ақ. Науқаншылдық соңғы кездері қазақтың ұлттық мінезіне айналып кеткен сияқы. Жасыратыны жоқ, бүгінгі әңгімені Өскемен қаласының  әкімі Жақсылық Омарға ма, әлде Омар мырзаның идеология саласына жетекшілік етіп отырған  жауапты қызметкері, талантты ақын Қалқаман Сарин бауырыма арнасам ба екен деген екі ұдай күйде отырмын…

Айналайын бауырларым, Абайға табынып, одан пұт жасаудың қажеті жоқ, хакімнің іліміне терең үңіліп, естияр сезіммен қарау керек. Бүкіл көшенің лас, кірін, шаң-тозаңын жинап жолда жүретін қоғамдық көліктің сыртына қазақтың ұлы ойшылының, бас ақынының бейнесін салуды Абай рухына көрсетілген құрмет емес, мазақ деп есептеймін.

Абайға келгенде ТАЗАЛЫҚ керек… (Егер осы науқандарың ақынның мерейтой жылында Өскеменнің 60 пайызын Абайдың тілінде сөйлетіп жіберуге ықпал етсе, өздеріңнен бас иіп, кешірім сұрауға дайынмын…)

Абай мінген трамвайдың артынан қарап біраз тұрып қалдым. Ауыр қозғалып, теңселе ұзап бара жатқан трамвайдағы ақын бейнесі қанша уақыт өтсе де әлі санасы өзгермеген, мақтаншақтық пен мал шашпақтық дертінен әлі арылмаған ұрпақтарына «қайран сөзім қор болған!» деп басын шайқап бара жатқандай көрінді…

Риза АСАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

7 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

7 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

7 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

7 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

7 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

8 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

8 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС