Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтетін жыл деп белгіленгені белгілі. Бұл шараны атап өту туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жаппай қолдау тауып, елімізде осы мерейтойға дайындық шаралары басталып та кеткен еді. Тек соңғы кездері қауіпті індетке байланысты шектеу шаралары қолға алынғандықтан жылдың басты оқиғасы екінші орынға сырғып қалған сияқты көрінгенімен, дайындық тоқтаған жоқ.
Таяуда жақсылықты жаман жағынан көруге дайын тұратын бір сайт «Семей қалалық мәдениет бөлімі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны жариялаған 64 миллион 285 мың теңгеге 12 киіз үй сатып алатыны туралы хабарландыруды неше саққа жүгіртті. «Жай емес, ежелгі технологиясы сақталып қолмен басылған ақ киізбен қапталған, биіктігі 5 метр диаметрі, 8 метр ұлттық нақышта безендірілген хан үйін сатып алуға берілген конкурс талаптарын тәптіштеп жазып, елді пандемия жайлап тұрғанда бұл не керек деген сарында наразылығын білдірді. Әрине, бұл үйлер хакім Абайдың 175 жылдығына байланысты дайындық шараларының бірі екендігі баршамызға белгілі.
Ұлттық мұрамызды ұлықтайтын заманда, Тәуелсіздігімізді алған кезеңде, қазақтың Абайының тойына келген қонақтарды Қытайда дайындалған, сыртқы жабыны синтетикалық мата, ішкі қаңқасы құрастырылмалы арзан темір күркешікті ата-бабамыздың қасиетті қара шаңырағы деп қалай көрсетеміз?..
Роза ПҰШПАҚОВА, «Семей таңы»{jcomments off}