"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Нашақорлық — әлеуметке ортақ мәселе

25.04.2024
Нашақорлық — әлеуметке ортақ мәселе
45
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Есірткі қармағына бір іліндірген соң торға түскен балықтай қанша бұлқынғаныңмен қайтып құтылу екі талай — кесел. Көкнәр, апиын, наша тарту сынды әдеттер бүгінде жастарды көктей орып, жуадай солдырып жүр.

Әлемнің көп елдерінде тамырын тереңге жайған есірткі бизнесінің жолын кесу – қазіргі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Онымен күреске біздің мемлекетіміз де  үлкен көңіл бөлуде. Себебі Еуразия жолдарының қиылысында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде қолайлы.

ҚР ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» да әзірледі. Оның нәтижесінде өткен жылы еліміздегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері 81 есірткі жарнамалау, 448 интернет арқылы есірткі сату фактісін анықтаған.  Интернет және әлеуметтік желілер арқылы есірткі саудалаған 572 күдікті, сегіз чат-бот әкімшісі, 160 оператор, буып-түюші мен жасырушы, 356 есірткі курьері және  есірткі сайттарының мекенжайлары бар граффити салған 16 адам ұсталып,  есірткі және психотроптық заттардың таралуы туралы ақпаратты қамтитын контенті бар 6062 сайт пен басқа ресурстар бұғатталыпты. Ал Абай облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасы бастығы Дәулет Кенжебековтің айтуынша, есірткі саудасына қатысты жыл басынан Абай облысында 77 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Аймақта нашақорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанымен, есірткіге еліп, тәуелді болып қалушылар аз емес. Өкінішке орай, бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері де көбейген. Бұл орайда Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қырағылық танытып, есірткі саудасының алдын алуда қарқынды жұмыс істеп, есірткі бизнесімен айналысатын қылмыскерлерді құрықтауда.

Мәселен, 21 ақпан күні Абай облысының полицейлері арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары аясында есірткіні ірі көлемде сақтаған адамды ұстап, 2 келі марихуана тәркілеген болатын.
Алматы-Өскемен автотрассасының 850 шақырымында жедел уәкілдер патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторларымен бірлесіп тыйым салынған заттарды тасымалдады деген күдік бойынша УАЗ көлік құралын тоқтатып, тінту жүргізді. Нәтижесінде 30 жастағы жолаушының күртешесінің қалтасынан белгілі бір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заттың қағаз бумасы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес ер адамнан алынған зат кептірілген марихуана екені анықталды.
Аталған оқиға бойынша ҚР қылмыстық кодексінің  296-бабы бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпан айының басында Абай облысы Полиция департаменті «Тосқауыл» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, 12 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 1,5 келіден астам түрлі есірткі, соның ішінде марихуана мен гашиш тәркіленіп, қылмыстарға қатысы бар 10 адамды ұсталды.

Ал өткен жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Бесқарағай ауданының криминалдық полиция бөлімімен бірлесіп Жыланды кентінің 32 жастағы тұрғынын ұстады. Тұрғын үйді тінту барысында ерекше иісі бар қара-жасыл түсті өсімдік тектес заттары бар бес полиэтилен пакет, көміртегі бар екі пластикалық бөтелке табылған.

Сараптама нәтижелері көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 78,18 грамм болатын кептірілген марихуана екені анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Бұдан бөлек, өткен жылы Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткі заттарын бетбелгі арқылы заңсыз сатумен айналысқан жігітті ізін суытпай ұстады. 35 жастағы  Тараз қаласының тумасының ұялы телефонын зерделеу кезінде оның облыс орталығында 50-ден астам синтетикалық бетбелгі қойғаны анықталып, жалдамалы пәтерін тінту барысында  ақ түсті ұнтақ заты бар полимерлі пакет табылған. Сараптама қорытындысына сәйкес,  бұл жалпы салмағы 218,8 граммнан  асатын «Мефедрон» психотроптық заты болып шыққан.

Сондай-ақ былтыр Абай облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Алматы облысындағы есірткі зертханасын жойды. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде  «Telegram» арнасын пайдалану арқылы жерасты бизнесін ұйымдастырған 3 адам ұсталды. Ақпан айының басында сотқа дейінгі тергеу барысында полиция жеткізілім көзін анықтап, Алматы облысында марихуана өсіру бойынша фитолабораторияның қызметі тоқтатылды. 31 жастағы күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полиция қызметкерлері бөлмедегі пластикалық шелектердегі үш құмыра қарасораны, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғыларды тауып, тәркіледі.

Құқық қорғау қызметкерлері қала тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Есірткі заттарын заңсыз сақ­тағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын  үнемі ескертіп те келеді.

Аймағымызда есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың алдын алып, жолын кесу бағытындағы шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Мәселен, жыл басында Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері “Қазпошта” АҚ облыстық филиалына барып, арнайы оқытылған қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жөнелтуге дайын заттарды тексерді. Жүргізілген профилактикалық тексеру нәтижесінде “Қазпошта” АҚ филиалында күдікті заттар анықталған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар күн сайын жүргізілуде.

Осы орайда айта кетейік, жыл басында ҚР ІІМ-нің Кинологиялық орталығы  тарапынан Абай облысына бельгиялық “Малинка” тұқымының 4 қызметтік-іздестіру иті бөлінді. 1 наурыз бен 1 мамыр аралығында «Есірткі заттарын іздеу» мамандығы бойынша даярлықтан өту жоспарына сәйкес «Тор» атты қызметтік-іздестіру иттерінің бірі Абай облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологымен бірге Алматы қаласында орналасқан Кинологиялық орталығында дайындықтан өтуде. Дайындық жануарлардың есірткі іздеу дағдыларын дамытуға және жақсартуға көмектесетін әртүрлі жаттығуларды қамтиды.

— Соңғы уақытта елімізде нашақорлар айтарлықтай «жасарған». Қазіргі таңда жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігінің алдын алуға көңіл аудару аса маңызды болып отыр. Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақтағы оқу орындарында барып, жүйелі түрде дәрістер өткізеді. «Есірткіге қарсы спорт» ұранымен  спорттық шаралар да ұйымдастырылып тұрады. Біз жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттаймыз, есірткіге қарс ытүрлі акциялар өткіземіз. Мәселен, өткен жылы күз айында Семейде есірткі құралдарының жарнамасы белгілеген жазулардың жою бойынша кең ауқымды акция өтіп, оның аясында есірткі жарнамасы бар 100-ге жуық граффити жазулары жойылды,- дейді  Абай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Гаухар Еспаева.

Есірткі – әлемдік деңгейдегі проблема. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркеуде тұр.  Оның ішінде 1,5 мыңы әйел, 94-і жасөспірім екен. Бірақ бұл нақты тіркеуде тұрғандардың саны ғана.  Шынтуайтына келгенде олардың саны бұдан бірнеше артық. Ал әлемде нашақорлар саны 275 миллионға жеткен. Осылайша, жыл сайын есірткі 500 мыңнан астам адамның өліміне себеп болып отыр.

Елімізде есірткімен күреске ерекше назар аударылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есіркінің таралуы жас ұрпақтың болашағына үлкен қауіп төндіретінін атап өткен болатын.

— Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын тиым салынған химиялық зат. Ол тікелей санаға, миға әсер етеді. Әдетте, есірткі пайдалану қызығушылықтан басталады. Бірақ бір рет дәмін татып көрген адам оған бір-ақ күнде тәуелді болып қалады. Сондықтан жастар арасында нашақорлық кең тарап келеді. Себебі олар есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындығынан алыстағылары келеді.  Бірінші рет татып көргенде ләззат алып, әрі қарай тәуелді болып, соны іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналады. Жанұядағы ата-ана мен баланын арасында өзара түсініспеушілік, немқұрайлылық немесе ата-ана арасындағы жиі ұрыс-керістер — мұның бәрі есірткіге бой ұруға себеп болады. Жалпы, есірткінің адам өміріне тигізер зардабы шаш етектен — өмір жасы қысқарады, айналасындағы адамдарға кесірін тигізеді, өз ортасында да сыйы кетеді. Сондықтан қоғам мен әлеуметтік орта бұл кеселмен күресуде өз ықпалын тигізуі қажет,- дейді Гаухар Еспаева.

Нашақорлық – әлемдік трагедия, әлеуметке ортақ проблема. Миллиондаған өмірлерді жалмаған бұл ауру өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Оның қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймай отыр. Сондықтан онымен күресте баршамыз жұмыла атсалысуымыз қажет.

 

Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын тұлғалар туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Абай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефонына  8-747-877-16-69 қоңырау шалыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

12.01.2026
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз...

Толығырақ...Details

Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

12.01.2026
Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Semeytany.kz - «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлімінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі,...

Толығырақ...Details

Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

12.01.2026
Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

Semeytany.kz - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз ауданына жұмыс сапарымен барып, Аягөз қаласында, сондай-ақ...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

10.01.2026
Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

Semeytany.kz - Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли ақын, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Жанғалиевпен...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

10.01.2026
Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға...

Толығырақ...Details

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

09.01.2026
Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

Semeytany.kz - облыс әкімі Берік Уәли өңірдің дамуына еңбегі сіңген ардақты ақсақал Болат Сапорұлымен, ақын әрі мәдениеттанушы Құсмілия Нұрқасыммен және...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

6 часов бұрын

2026 жылы Абай облысында 205 шақырымнан астам жергілікті жол жөнделмек

6 часов бұрын

Нұртай Сабильянов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

6 часов бұрын

Аягөзде депутат Нұртай Сабильянов тұрғындармен кездесті

6 часов бұрын

Облыс әкімі мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері Төлеген Жанғалиевпен кездесті

3 дня бұрын

Абай облысында «Табиғатты аялайық» экологиялық акциясы өтті

3 дня бұрын

Облыс әкімі Берік Уәли Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаевпен кездесті

3 дня бұрын

Өңірдің өткені мен ертеңі сөз болды: аймақ басшысы ақсақалдар және зиялы қауыммен жүздесті

3 дня бұрын

Санитариялық-қорғаныш аймақтарына арнайы талаптар қойылды

3 дня бұрын

Ақсуатта сауда-сервис кеңейіп, бірнеше кәсіпкерлік нысандарының құрылысы жүргізілуде

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС