"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЯГӨЗДЕ 68 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

16.06.2020
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы жылдың басынан бері Аягөз ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 68 жоба нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаларға республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2 миллиард 411 миллион теңге қаражат бөлінген. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы аудан әкімі Ділдабек Оразбаевтың қадағалауында тұр. Яғни жергілікті биліктің күш салуымен қолға алынған жобалар іркіліссіз жүзеге асырылуда.

Әсіресе аудандағы елді мекендерді абаттандыруға баса мән берілген. Қазір ауылдар мен аудан орталығында әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізіліп, жолдар жөнделіп жатыр. Жарықтандыру, спорт нысандарын салу да назардан тыс қалмаған. Аудан тұрғындары өзекті мәселелердің шешім тауып жатқанына дән риза.

Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам тұрғыны бар Аягөз қаласын тура ортасынан темір жол желісі бөліп жатқаны белгілі. Шаһардың тау жақ беткейіндегі бөлігінде 13 мыңнан астам тұрғын бар. Қаланың осы бөлігінде көптен бері шешілмей келген, қордаланып қалған мәселелер бар еді. Соңғы жылдары сол мәселелердің шешімі біртіндеп табылып келеді. Жақында асфальт жол салынып, ауыз су мәселесі шешілді. Осы аумақта болашақта жаңадан спорт модулі тұрғызылатын болады. Онда бірнеше үйірме жұмыс істеп, жас жеткіншектердің бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасалмақ. Аягөздіктер қазіргі күндері әлеуметтік түйткілдерді шешу жолдарын атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп талқылайтын болған. Аудан әкімі Ділдабек Тәжібаев та мұнда арнайы келіп, тұрғындармен жиі жүздеседі.

Осыдан екі жыл бұрын Кіші Аягөз өзені тасығанда көпірлердің ескіргені әрі жетіспейтіні мәселе болып көтерілген еді. Халықтың өтінішінен кейін бұл жағдайға назар аударылып, аталған мәселе бірден шешімін тапты.

— Өткен күзде әкімшілікке барып өтінішімізді айтқанбыз, аудан басшылығы сол өтінішімізді қабыл алып, міне, жол салып берді, мың да бір рақмет! Бұған қоса автобус қатынасы да жанданып, көшелердегі шамдар іске қосылып, аумақ жарықтандырылды. Қаланың осы бөлігінде көбінесе теміржолшылар, дәрігерлер тұратындықтан, жұмыстан кеш қайтатын адамдар көп, — дейді еңбек ардагері Аманғазы Жақыпов.

Жоғарыда аталған жобалар аясында сәтті жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бірі қайта жаңғырту шаралары болып отыр. Мәселен, аудандағы білім беру мекемелері де «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы есебінен қайта жаңартылуда. Атап айтсақ, 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген Аягөз қалалық қазақ гимназиясында да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жөндеу жұмыстарына аталған бағдарлама аясында 30 миллион теңгеден артық қаражат бөлінген. Қазір білім ордасының басшылығы мердігер мекеменің жұмысын күнделікті бақылауға алған.

— Ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін құрылысшылар жұмыстың 60%-ын жүзеге асырып үлгеруге тиіс. Бірақ Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін орындарда ешқандай кедергі болмайды. Тестілеу аяқталғаннан кейін жөндеу жұмыстары қайтадан жалғастырылатын болады. Биылғы оқу жылында ҰБТ нұсқауға сай ұйымдастырылады, санитарлық талаптарға сәйкес, 3 кезеңмен өтеді, әлеуметтік арақашықтық сақталады, — дейді бұл ретте Аягөз қалалық көпсалалы қазақ гимназиясының директоры Бейбіт Шомақов.

Білім ошағын жөндеуден өткізіп жатқан мердігер компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстардың 30 пайыздайы жоспарға сай аяқталған. Қалған 70%-ын шамамен бір-бір жарым айда аяқтау көзделуде. Мекемеде қазір он бес адам жұмыс істеуде, оның жетеуі Аягөз қаласының Жұмыспен қамту орталығынан жіберілген. Жалақылары орта есеппен 85 мың теңгені құрайды.

Қазіргі таңда аудандағы 12 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар орталық аурухана ғимараты да аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жөндеуден өтеді.

— «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында тек Аягөз қаласының өзіне ғана 1 миллиард 21 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Бұл қаржы 25 нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге жұмсалатын болады. Бүгінгі күні осы нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлермен келісімшарттар жасалған. Мердігерлер қазіргі таңда жұмыстарын бастап кетті,- дейді Аягөз қаласының әкімі Қуаныш Азыханов.

Қорыта айтатын болсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандағы екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтар жұмыспен қамтылған. Аудан бойынша бүгінде бұл жобаларды жүзеге асыру үшін  700-ге жуық адам еңбекке тартылған. Осылайша, жергілікті атқарушы билік жұмыссыздық мәселесін мемлекеттік бағдарлама есебінен де шешіп отыр.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Заң және болашақ: Семейде жастармен кездесу өтті

17.04.2026
Заң және болашақ: Семейде жастармен кездесу өтті

Семей қаласында Shakarim University базасында «NEXT STEP: заң және болашақ» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Халық Конституциясының құндылықтарын...

Толығырақ...Details

«Абайға құрмет»: Семейде жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланды

17.04.2026
«Абайға құрмет»: Семейде жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланды

Бүгін Семей қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан...

Толығырақ...Details

«Самұрық-Қазына» қоры өкілдері Семейде ағаш отырғызу шарасына қатысты

17.04.2026
«Самұрық-Қазына» қоры өкілдері Семейде ағаш отырғызу шарасына қатысты

Абай облысына жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» қоры өкілдері Семей қаласында экологиялық шара өткізіп, Бейбітшілік аралындағы орман тұқымбағына ағаш көшеттерін екті....

Толығырақ...Details

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды

17.04.2026
Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды

Бүгін «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов жұмыс сапарымен Абай облысына келді. Сапар барысында ол облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Семей қаласының...

Толығырақ...Details

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

15.04.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас...

Толығырақ...Details

Абай облысында цифрлық бақылау күшейеді

15.04.2026
Абай облысында цифрлық бақылау күшейеді

Абай облысының Ақпараттық технологиялар орталығы заманауи цифрлық шешімдерді енгізіп, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және қала инфрақұрылымын бақылау арқылы қауіпсіздікті...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заң және болашақ: Семейде жастармен кездесу өтті

5 часов бұрын

«Абайға құрмет»: Семейде жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланды

5 часов бұрын

«Самұрық-Қазына» қоры өкілдері Семейде ағаш отырғызу шарасына қатысты

5 часов бұрын

Семейде үшінші жылу электр орталығының құрылысы басталды

5 часов бұрын

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

2 дня бұрын

Абай облысында цифрлық бақылау күшейеді

2 дня бұрын

Жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру тәртібіндегі өзгерістер туралы

2 дня бұрын

Абай облысында өрт қаупі жоғары маусым басталды: негізгі қауіп жаз айларына сәйкес келеді

3 дня бұрын

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

3 дня бұрын

Биыл өңірде 3 262 бас қаңғыбас жануар ауланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС