"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

COVID-19: БҮГІНГІ АХУАЛ ҚАНДАЙ?

07.10.2020
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

5 қазандағы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда індет басталғалы бері 108 236 адам коронавирус жұқтырып, 103 277-і сауығып шыққан. Қайтыс болғандар саны – 1725. 3213 адам ем алуда. Соңғы тәулікте елімізде ауру жұқтырғандар саны 59 адамға артса, оның 14-і біздің облысымызда тіркеліп отыр.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 73 жеткіншек бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,- деп жазылған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен облысымызда індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық әлдеқашан басталып кеткен. Күз бен қысқы маусымда короновирус инфекциясын жұқтырушылар саны ұлғаю қаупіне байланысты қосымша 6000 төсек-орын дайындалды. 5 ПТР-зертхана және 3 компьютерлік томография кабинеті ашылады. Індеттің ауыр түріне шалдыққан науқастар үшін иммундық плазманы дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 1484 доза дайындалды, бұл жалпы республикалық көлемнің 47% -ын құрайды.

Ал Өскемен қаласында жуырда Пульмонологиялық орталық ашылмақ. Орталық 150 орынға арналған. Қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан ғимараттың сәулеттік кейпі сақтала отырып, іші, қасбеті жаңартылды. Қазіргі уақытта жұмыс 80 пайызға орындалған.

«Бұл жерде 200-ден астам адам еңбек ететін болады. Мердігерлер қойылған міндетті жоғары жауапкершілікпен сапалы орындауда. Медициналық жабдықтар мен жиһаздардың басым бөлігі жеткізілді. Әрбір палата оттегі розеткаларымен жабдықталмақ. Орталықта, пульмонологтермен қатар, инфекционистер де жұмыс істейді. 35 орынға шақталған реанимация және интенсивті терапия бөлімі қарастырылған»,- деп жазды аймақ басшысы Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оқу жылының бірінші айындағы мәлімет бойынша, облысымызда 29 оқушы COVID-19-ға шалдыққан. Олардың 13-і кезекші сыныптарда оқыса, 16-сы қашықтан білім алады.  Осыған орай ауру шыққан мектептердегі кезекші сыныптарды қашықтан оқуға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Қазір облыстағы барлық мектептерде санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар 5 қазан күні ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулыға қол қойды. Қаулы бойынша Қазақстан азаматы болып табылмайтын адамдардың Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде 72 сағат бұрын ПТР әдісімен COVID-19 сынағынан өткендігі туралы куәлігі болмаса, оларға елге кіруге тыйым салынады.

Дипломатиялық миссиялардың, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың шетелден Қазақстанға келген отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.

Әкімдер, облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарын карантиндік ауруханаға жеткізуді қамтамасыз етуі керек.

Айта кетейік, сонымен қатар елімізде COVID-19 белгісі бар пневмония дертіне 33 571 адам шалдығып, 27 507 адам сауығып шықты. 360 науқас көз жұмды.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

20 часов бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

6 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС