"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРДЫҚҰЛ ШАҢБАЙ: «ЕЛБАСЫ – ПАССИОНАР ТҰЛҒА»

05.03.2021
62
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1991 жылғы желтоқсан айының 1-і күнгі ел азаматтарының 88,23 пайызы қатысқан Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қазақстандықтардың 98,78 пайызы дауыс берді. Бұл дәуірлер тоғысында халқымыздың Елбасының мемлекетті басқарудағы бай тәжіирибесі мен іскерлік шеберлігіне деген нық сенімі еді. Елбасының алғырлығы мен табандылығы әлем саясаткерлері мен көшбасшыларын тәнті етіп келеді. Халықаралық сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевты әлемдік саясаттағы ерекше тұлғалардың бірі деп бағалайды.

Назарларыңызға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры, әдебиеттанушы-философ Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбаймен болған сұхбатты ұсынамыз.

— Тұрдықұл Қасенұлы, сұхбат басында «пассионарлық тұлға» деген сөзге анықтама беріп кетсеңіз?

— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жаһандық саясат сардарларының бірегейі ретінде танысақ, сондай-ақ, өз елінің даңқын әлемге танытуға ерекше күш салған еңбегіне терең таныммен қарасақ, әрине, сөз жоқ, ол – пассионарлық тұлға.

Пассионар ұғымын ғылыми айналымға енгізген – Лев Гумилев. Мен Мәскеу қаласындағы атақты «Художественная литература» баспасынан алғаш 2013 жарық көрген «Лев Гумилев» тұлғалық энциклопедиясының авторымын. Сол жылы ол үздік тұлғалық энциклопедия атанды. 2017 жылы сол баспадан «Этногенез. Труды Л.Н.Гумилева» деген еңбегім жарық көрді Сондықтан, пассионар, пассионарлық тұлға деген ұғымдармен жақын таныспын.

Лев Гумилевтің «Этногенездің пассионарлық теориясы» деген ғылыми-методологиялық концепциясы бар. «Пассионар» сол теорияның метакатегориясы. Басқаша айтсақ, ол — қуат. Үлкен мақсаттарға бастар қуат. Ірі тұлғалар елін, адамзатты әр кезеңде үлкен жолға бастайды. Осы қырынан келсек, Елбасы – пассионар тұлға.

Пассионар тұлға – пассионарлық қуат әкеледі. Бұл – сән үшін қолданылған сөз емес, үлкен ұғым. Сол пассионарлық қуаттан қоғамдағы қасаң, уақыты өткен, жарамсыз факторлар өртенеді. Жаңашылдық қоғамды көктем сияқты жандандырады. Қай қоғамға, елге пассионарлық қуат келсе – сол қоғам, сол ел «қайта түлеп ұшқан» қырандай болады. Осындай пасионарлық қуаттың басында пассионар тұлғалар тұрады. Ол қоғамда, елде сапалық өзгерістер болады. Осыдан он жыл бұрын «Алаш қозғалысының пассионарлық қуаты» деген еңбек жазғанмын. Сондықтан да «пассионар» менің зерттеу жұмыстарымда жиі кездесетін ұғым.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Лев Гумилевтің ірі ғалым ретінде түркі өркениетін адамзат баласына паш еткен еңбегіне құрметпен қарап, оның идеясын қолдап, бірнеше шешімтал қадамдар жасады. Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас Ұлттық университетке Еуразия ұғымын қосып, оған Лев Гумилевтің атын берді. Ол туралы Елбасы сол университеттің студенттерімен кездескенде былай деген болатын: «Мен жаңа университет атауын «Еуразия» деп атау және оған көрнекті ғалым Л.Н.Гумилев есімін беру идеясы маған тиесілі екенін әрдайым мақтан тұтамын».

Еуразия кеңістігіндегі түркі өркениетінің атамекені, субстанциясы бүгінгі Қазақ Елі екені белгілі. Елбасы биік деңгейлі жиындарда, форумдарда, құрылтайда, съездерде, үлкен кездесулерде сөйлеген сөздерінде Қазақ Елі Еуразия кеңістігіндегі дала өркениетінің отаны екенін әрқашан мысалға келтіріп отырды. Және әлемге танытты да. Бұл – пассионарлық харекет.

— Тұрдықұл Қасенұлы, Елбасының пассионарлық еңбегі жайлы не айтар едіңіз?

— Бұл аса ауқымды сауал. Елбасының ерлікке тең еңбегін Елі біледі. Бір ғана мысал келтірейін, Қазақ Елінің астанасының «Нұр-Сұлтан» атануы сол құрметтің көрінісі.

Сондықтан бұл сұрағыңызға нақты «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры ретінде жауап берейін.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық саясат сардарларының бірегейі ретінде Абайдың бай мұрасына құрметпен қарап, оның есімін әлемге танытуға ерекше күш салды. Елбасы биік деңгейлі жиындарда, форумдарда, құрылтайда, съездерде, үлкен кездесулерде сөйлеген сөздерінде Абайдың атын атап, оның даналық сөздерін мысалға келтіріп отырды.

Алматы қаласында 1992 жылдың 30 қыркүйегінде өткен «Дүниежүзі қазақтарының 1 құрылтайында» сөйлеген сөзінде Елбасы Абайдың атын үш рет атайды, әрі әлем қазақтарына қаратып айтқан салиқалы сөзін қортындылаған кезде де Абайдың сөзін келтіріп өтеді: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз.  Халқымызда  «Бөлінгенді бөрі жейді» деген мақал бар. Осы уақытқа дейін бөлінгеннен, жіктеліп, жіліктенгеннен көрген зияннан басқа пайдамыз жоқ. Біз дүниежүзі қазағын Алматыға әділетсіздікті де, қасіретті де, қуғын-сүргінді де көп көрген халықтың енді басы қосылса екен деп жинап отырмыз. «Біріңді қазақ, бірің дос // Көрмесең істің бәрі бос, – деп Абай айтқандай, басымыздың қосылатын, ұлттық ой-сананың биіктеп, тұтасатын мезгілі жетті. Ұлы Абай айтқан өзге міндерімізден де арылатын, әсіресе ежелден қалмай, жанымызды жеп келе жатқан күншілдікті, бақастықты, жел сөзге ерушілдікті, енжарлықты қоятын кезіміз жетті. Біз бойымыздағы озығымыздан үйреніп, тозығымыздан жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз». Елбасы үлкен таныммен Абайдан мысал келтіре отырып, халқын елдік жолына шақырған. Бұл тәуелсіздіктің таңы енді атқан шақ еді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ға Абайдың 150 жылдығын әлемдік деңгейде атап өтуге ұсыныс жасады және ол жаһандық беделді ұйымнан қолдау тапты. Сөйтіп тәуелсіз Қазақ Еліне хакім Абайды әлемге танытуға мүмкіндік туды. 1995 жылдың 9 тамызында Нұрсұлтан Назарбаев Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына арналған мәжіліске қатысып, көлемді баяндама оқыды. Бүгінде осы оқылған баяндама «Абай туралы сөз» деген атпен абайтану ғылымының тарихына енді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінде нақылға айналған «Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті» деген терең ойы осы салтанатты жиындағы баяндамасында айтылған болатын.

Елбасы хакім Абайды асқақтатуын бір сәт толастатпады. Соның біразын атап өтейін: 2002 жылы Үндістан Республикасында ресми сапармен болып, осы елдің астанасы Дели қаласында Абай атындағы көшенің ашылу салтанатына; сол жылы Түркия Республикасында ресми сапармен болғанда, Ыстамбұл қаласындағы қазақтар тұратын Зейтинбурну ауданында Абай атындағы қазақ орта мектебін ашу рәсіміне; 2006 жылы 4 сәуірде РФ Президенті В.В.Путинмен бірге Мәскеудің Чистопрудный гүлзарында орнатылған қазақ халқының классик ақыны, хакім Абайдың ескерткішін ашу салтанатына қатысты.

Мен Елбасының Абайды әлемге танытудағы мың еңбегіне үш мысал ғана келтіріп отырымын. Міне, осының барлығы Елбасының пассионар тұлға ретінде хакім Абайды танытудағы еңбегінің асқақ көрінісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойында орай «Абай аманаты» деген іргелі фәлсапалық эссе-толғауы жарық көрді. Тамыры терең, көкжиегі көркем еңбекке арнап «Елбасы мақаласы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді» деген атпен пікір білдірдім.

— Биыл Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Егемендігімізді нығайтудағы Елбасының еңбегі туралы не ойлайсыз?

— Тәуелсіздік – бұл тарихи-философиялық мәні терең ұғым. Бұл сауалға философ ретінде жауап берейін. Тәуелсіздік қай елдің болмасын Мәңгілік болуының бастауы. Мәңгіліктің мәні мыңдармен өлшенсе, Тәуелсіздік сол мыңдаған жылдар мен жүздеген ғасырлардың алғашқы қадамы әрі іргетасы. Елдіктің іргетасы әлсіз болса, оның мәңгілігі де күмәнді.

Міне, осы жолдағы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан. Ол туралы көп жазылды, отыз жылда қалыптасқан Қазақ Елінде өмір сүріп, бәрін көзімізбен көріп, жанымызбен сезініп отырмыз. Оның барлығын санамалап айту оңай болмас.

Сондықтан да, сырт көздің бағасынан мысал келтіргенді жөн көріп отырмын. Белгілі халықаралық журналист-жазушы Леонид Михайлович Млечин 2015 жылы Елбасына арналған «Назарбаев: между медведом и драконом» деген кітап жазды. Сырт көздің күрделі көзқарасы болса да Елбасының пассионарлық қуатын мойындай жазған: «Нурсултан Назарбаев возглавил государство, которому ставили печальный диагноз. Многие политики и экономисты не верили в жизнеспособность республики. …Казахстану повезло. Президент Назарбаев, как умелый психотерапевт, избавил страну от ощущения несостоятельности. За эти годы Нурсултан Назарбаев превратил из мало кому в мире известной страны «где-то в Азии» в серезного партнера куда более крупных государств.». Және Л.М.Млечин өзіне риторикалық сұрақ қояды да, оған өзі жауап береді: «История меняет человека или человек делает историю? Если говорить о Назарбаее, то президент Казахстана, несомненно, из числа тех немногих, кто сам делает историю».

Ел Тәуелсіздігін сақтап, болашаққа, яғни, мәңгілікке апаратын жастар. Соны, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұмытпағанын да автор өз еңбегінде атап өтіпті: «Он платит степендии студентам, которые едут учиться за границу. Существует специальная президентская программа «Болашак» («Будущее»). Такого нет ни в одном стране СНГ. Ответное обязательство – пят леть работать на родине. Они возвращаются и образуют элиту казахстанского общества».

Млечин өз еңбегінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық еткенін айта келіп, ресей газетінен мысал келтіре келіп, ойын былай түйіндейді: «Казахстан был избран председателем ОБСЕ. В связи с данным неординарным событиям российская «Новая газета» воскликнула: «Назарбаев может все!».

Барлығыңызды Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын.

— Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

06.11.2026
Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

Мемлекет басшысы құрған комиссия Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды. Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды....

Толығырақ...Details

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

06.11.2026
Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

Абай облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірде...

Толығырақ...Details

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

05.11.2026
«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

Абай облысында жеке тұлғалардың жергілікті салықтар бойынша берешегі 557 млн теңгені құрайды. Берешекті азайту және өндіріп алу бағытында жүргізілген жұмыстардың...

Толығырақ...Details

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

20 часов бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

20 часов бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

20 часов бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

2 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

2 дня бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 дня бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

2 дня бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

3 дня бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС