"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы

29.04.2021
Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

28 сәуір күні Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқавтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» деп аталды. Сессия жұмысына алты жүзге жуық аса адам онлайн қатысты. Олардың арасында барлық өңірдегі Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылым, шығармашылық интеллигенция және БАҚ өкілдері бар.

«Биыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы. 1991 жыл еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды. Бұл – бостандық, ата-бабамыздың тарихи мекенінде еркін өмір сүру, жаңа мемлекет құру, оның тағдыры үшін жауапкершілік алу уақыты. Соның барлығын өзіміз басымыздан кешіріп, көзімізбен көрдік. Енді міне, биыл сол 30 жылдықты атап өтеміз. 30 жыл бұрын көпұлтты, көпконфессиялы халқымыз еліміздегі бірлікке, бейбітшілік пен келісімге қарай жылжу үшін тағы бір іргелі таңдау жасады.

Осы уақытқа дейін жүріп өткен жол мен ұлттық дамуға қатысты стратегиялық формуланың дұрыстығы мен тиімділігін сеніммен айта аламыз. Бұл ең алдымен мемлекеттілік құрылысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді және қазіргі заманғы Қазақстанның бет-бейнесін қалыптастыруға қуатты ресурспен қамтамасыз етті.

Осы ретте басты камертон қызметін «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы» деген сөзбен басталатын Конституциямыздың преамбуласы атқара алады. Бұл сөйлем өте маңызды. Сондықтан Конституцияны жазу барысында оған ерекше мән берген едім. Ата заң ұлтына, сеніміне немесе тіліне қарамастан барлық отандасымыздың ортақ мүддесін білдіреді. Конституциямыздың 11-бабы мемлекетіміздегі бірлікті, бейбітшілік пен келісімді бекітеді, қорғайды және нығайтады. Елімізде тіліне, дініне, ұлтына байланысты белгілер бойынша қандайда бір кемсітушіліке тыйым салынады»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы қазіргі таңда қазақ халқы полиэтникалық қоғамды шоғырландыратын интеграциялық процестердің арқауын қалыптастырғанын жеткізді. Осылайша, еліміздегі этностардың мәдениетін, тілін дамыту үшін қажетті барлық жағдай жасалды. Соның аясында қазақстандықтар ортақ мақсат пен ортақ ұмтылыстың төңірегіне топтасты.

«Еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатының артуында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Нарықтық экономика басынан бастап құрылды. Түбегейлі реформалар табысты жүргізілді. Осының арқасында Қазақстан қазір әлемде бәсекеге қабілетті 50 елдің және орташа табысы жоғары елдер қатарына қосылып отыр.

Тәуелсіздік жылдары халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім деңгейі 13 есе көтерілді. Бұл – ортақ жұмысымыздың жемісі. Ішкі жалпы өнім көлемі 10 есе көбейді. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін, 1991-1992 жылдары елімізде 1500 өндіріс тоқтап қалды. Жұмыссыз қалғандар саны 2 миллионға жетті. Халқымыздың 47,5 пайызы кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүрді. Бүгін осы көрсеткіш – 10 пайыз. Жұмыссыздық 3 есе төмендеді. Осы уақыт аралығында халық саны 2,5 миллион адамға артты.

Кеңес Одағы құлағанда адамдар не істерін білмеді. Қазақ жеріне басқа республикалардан келгендер арасында біреуі кеткісі келді, енді бірі қалғысы келді. Біз ешкімге кедергі жасаған жоқпыз, еркіндік бердік. Қазақстанды үш миллионға жуық адам тастап кетті. Сол уақытта ел халқы 14 миллионға дейін азайды. Бүгінде Қазақстан халқы 19 миллионға жақындап қалды.

Мен 2025 жылға қарай ел халқының саны 20 миллионға жетуі керек деген міндет қойдым. Өмір сүру жасының ұзақтығы 67,7 жастан 73,5 жасқа дейін ұлғайды. Халықтың табысы тоғыз есе өсті»,-  деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш Президент келтірген деректерге сүйенсек, тәуелсіздік алғалы бері елімізге 365 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылған. Сондай-ақ 90 миллиард долларға жуық халықаралық резерв жиналды.

Бұдан бөлек, егемендік алғалы бері 13 мың шақырым авто жол мен 2,5 мың шақырым темір жол салынды. Осылайша, Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғаған алтын көпірге айналды. Ақтау мен Құрықта салынған порттар бүгінде транзиттік хаб ретінде қолданылады. Енді Азиядан шыққан тауар Еуропаға екі аптада жетеді. Келешекте осы транзиттік хаб арқылы жылына 5 миллиард доллар пайда табуға мүмкіндік бар.

«Қазақстан – жаһандық халықтар отбасының беделді һәм сенімді серіктесі. Біздің туымыз БҰҰ-ның штаб-пәтерінде көкке желбіреп тұр. Өзіміздің ұлттық мүдделеріміз бен басымдықтарымызды халықаралық аренада ілгерілете береміз. Қазақстанның мемлекеттік шекарасы заңды түрде бекітілді және бүкіл әлем елдері мойындады.

Ядролық қаруды таратпау мен жою жөніндегі көшбасшылығымыз халықаралық қоғамдастыққа жаңа өнегелі стандарт саналады. Бізді ядролық қаруға қарсы күресте көшбасшы ел деп санайды. Атап айтқанда, басқа елдермен бірлесе отырып, интеграциялық жобаларға бастамашылық етіп, жүзеге асырдық. Яғни ЕАЭО, АӨСШК, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді жобалар қамтылды.

Көпвекторлы сыртқы саясат бізді ынтымақтастық пен әлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған бейбітшіл ұлт ретінде көрсетті. Бізге әлем елдері сеніммен қарайды, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктер кезінде табыстырушы, бітімгер болуға шақырады. Қазақстан мен елордамыз бітімгерлік алаңы саналады.

Тәуелсіздік біз үшін әділдік кезеңі еді. Қазақ халқы өз тағдырын өзі шешу арқылы ұлттық рухы мен ұлы тарихын қайта оятты. Біз Ұлы даланың өте құнды мәдени мұрасын әлемге танытып, қалпына келтірдік. Бұл бүкіл адамзат иігіліне берілді. Мұның бәрі дәуірлік маңызы бар оқиға», — деді Елбасы.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның барша мүшесіне ұйымның елді дамыту бағытына ұдайы қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға сәйкес менің Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқаруға құқығым бар екенін білесіздер. Бұл ретте Ассамблеяны басқарудың бірқатар өкілеттері ел Президентінің құзырында. Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Мемлекет басшысының маңына топтасып, оған тірек болуы керек. Сондықтан мен Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруді ұйғардым. Бұл шешім Ассамблеяның мүддесіне сай келіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа барлық жұмысты, сондай-ақ халқымыздың, қоғамымыз бен мемлекетіміздің болашағына қатысты барлық жоспарды жүйелі құруға көмектеседі деп кәміл сенемін», деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Ассамблеяны басқару өте жауапты жұмыс екенін атап өтіп, өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаруға уәде берді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосудағы еңбегіне, еліміздегі этностардың жарасымды татулығына тоқталып өтті. Сөз соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы» мәртебесін беруді ұсынды.

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Ассамблеяның Құрметті Төрағасы болу жөніндегі біздің ортақ ұсынысымызды қабыл алуыңызды сұраймыз. Бұл мәртебе халқымыз бен мемлекетіміздің алдындағы тарихи еңбегіңіз үшін Сізге лайық. Ассамблеяның барлық мүшесі бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ассамблея сессия соңында халыққа Үндеу қабылдап, тәуелсіздікті, елдегі татулық пен келісімді күшейтуде Елбасының бастамасымен құрылған, қызметі айрықша Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы міндетін айшықтады.

Әзірлеген Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы» 

Мақалада: XXIX сессияАссамблеяЕлбасы

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

23 часа бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

2 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

2 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

3 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

3 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

4 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

4 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

4 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС