"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Елге бай құт емес, би құт»

27.08.2021
«Елге бай құт емес, би құт»
137
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының бірнеше соттарында  судья және төраға болып 37 жылға жуық қызмет атқарған Қазақстан Республикасының Құрметті судьясы, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Кенжеш Мұқашовқа жолығып, сұхбаттасудың сәті түсті.

Кенжеш Мұқашұлы — қазір доғарыстағы судья, сот жүйесіндегі ұзақ жылғы адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» төсбелгісімен марапатталған.

«Елге бай құт емес, би құт»

— Кенжеш Мұқашұлы, Ата Заңымыздың мерекесі құтты болсын! Маңызды мереке қарсаңында өзіңізбен біраз сұхбаттасақ деп едік… Еліміздің қазіргі тәуелсіз сот жүйесінің дамуына Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының әсері болды ма?

— Рақмет! Мереке баршамызға жақсы көңіл-күй сыйласын!

Әрине, әсері болды. Конституция сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидаларын бекітіп берген құжат болды. Ата Заң бойынша, Конституцялық кеңес, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелік сот,  облыстық және бірінші сатыдағы аудандық, қалалық соттар белгіленді.  Ол уақыт біздің еліміз егемендігін енді ғана алып, етек-жеңімізді жинай қоймаған кез болатын. Бойымызда тәуелсіз елміз деген ерекше сезімнің болғанымен, көпшілігіміз оның маңызы мен мәнін жете түсіне қоймаған едік. Елдегі экономикалық қиындықтарға байланысты, еркіндікті жете сезінуден гөрі арты қалай болар екен деген күдіктің де болғаны жасырын емес. Заң шығарушы органдарымыз бұрынғы кеңестік жүйеден қалған құжаттарға өзгерістер мен түзетулер енгізуден ары аса алмады. Заңдарымыз бұрын көріп-білмеген нарықтық қатынастардан туындайтын құқықтық мән-жайларды реттеуде өзінің пәрменсіздігін байқатты.

— Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы 1995 жылы қабылданған Конституциясы несімен ерекшеленеді?

— Тәуелсіз еліміздің даму ерекшеліктері ескеріле отырып, 1995 жылы өткізілген бүкілхалықтық референдумда қазіргі қолданыстағы жаңа Конституция қабылданды. Содан бергі аралықта Ата Заң негізінде еліміздің сот жүйесі мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы болып табылатын тәуелсіз сот билігінде көптеген өзгерістер іске асты.

Сот реформасы одан әрі қарай  жедел де заманауи талаптарға сай дамуға жол ашты.

— Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы 2000 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Конституциялық заң сот-құқықтық реформаның ілгерілеуіне қандай да бір жаңалық әкелді ме? 

— Біріншіден, сот жүйесінде бұрын-соңды судьяның мәртебесін белгілейтін мұндай құжат болмаған. Осы құжаттың қабылдануы, судьяның мәртебесінен бөлек, оның әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін заңнамалық нормаларды белгілеген акт болды деуге де болады. Судьяның әділ сот төрелігін жүргізуі үшін, оны  мемлекеттік биліктің атқарушы органдарына материалдық жағынан тәуелсіз болуын қамтамасыз ете отырып, сот жүйесінің материалдық және қаржылық жағымен қоса, ұйымдастыру мәселелерін шешетін Соттар әкімшілігі құрылды. Бұл мемлекеттік орган судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Сот-құқықтық реформада қозғалған сот ісін жүргізу үрдісі қайта құру,  азаматтық-құқықтық нормаларды жетілдіру, соттарды қаржыландыру жұмыстарына ұласты. Әрбір облыста экономикалық соттар, әкімшілік істер қарайтын соттар, қылмыстық істер қарайтын соттар, жасы кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын мамандандырылған соттар құрылды.

— Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы жайлы қысқаша айта кетсеңіз…

— Аталған құжаттың қабылдануының өзі Конституцияның негізінде сот-құқықтық реформаны жетілдіре отырып, әлемдік құқық стандарттарына қарай бейімделудің жобалық нұсқасы болды деп ойлаймын. Бұл жерде ұлттық құқық нормаларына жақындау арқылы құқықтық мәдениетті көтеріп, гумандық негіздерді ұстанудың тұжырымдамасы белгіленді деп ойлаймын. Осыған орай ашық та айқын сот төрелігін жүргізуге, қаралған істердің нәтижелілігін және сапасын арттыруға, сотқа қатысушылардың құқықтық мүмкіндігін кеңейтуге  және сот жүйесінде сыбайлас-жемқорлықты болдырмауға бағытталған нормалар қабылданып, қолданысқа енгізілді. Сот залында бейнедыбыс түсірілім жүргізілетіндіктен, сотқа қатысушылар сот процесі барысында сотта іс жүргізудің заңдық нормалары шегінен шыға алмайды. Осындай инновациялық жаңашылдықтан кейін сотқа қатысушы тараптардың негізсіз шағымдануы азайды. Сонымен қатар соттың барлық актілерімен кез келген сотқа қатысушы жақ бірыңғай жүйелендірілген орталықтан өз үйінде отырып компьютер арқылы таныса алады немесе «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервис арқылы сотқа талап арыз, мәлімдеме өтініш жіберуге мүмкіншілігі бар.

— Алқа билер институты, медиация институты, жеке сот орындаушылар институтының әділ сот төрелігін жүзеге асыруда тимімділігі қандай?

— Қылмыстық заңнамалар ізгілендірілді. Ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстар үшін балама жаза түрінің белгіленуі, аса ауыр қылмыстар бойынша алқа билер институтының енгізілуі, сотта қаралатын дауларды бітімгершілік келісімге келу — медиация жолымен шешу іске қатысушы тараптар үшін де тиімді болып отыр. Медиация институты Батыс елдерінің құқықтық тәжірибесінен  алынғанымен, мұнда біздің билер институтының элементтері кездеседі, біздің менталитетіміз бен мінезімізге өте жақын құқықтық норма. Жасыратыны жоқ, бізде адвокаттық қызметке аса мән берілмейді. Полициядан немесе прокуратурадан зейнетке шыққан азаматтар адвокатураны жағалайды. Әріптестерім ренжімесін, бізге мықты білікті адвокаттар дайындау қажет деп ойлаймын. Ал жеке сот орындаушылар институты сот актілерін орындаудың жаңа тетігі немесе жүйесі десек те болады. Ол әділет органдарына қарайды.

— Сіз кеңестік дәуірде және тәуелсіз Қазақстан Республикасында, яғни екі түрлі қоғамдық формацияда сот болдыңыз, «Елге бай құт емес, би — құт» деген қазақы тәмсілдің бүгіннің билеріне қатысы бар ма?

— Бұл ұлағатты сөздің мағынасы өте терең. Судья дегеніміз — би. Судьяларды сот деп атаудың өзі дұрыс емес. Себебі «сот» сөзі «соттау» деген түсінікті береді. Егер судьяны би деп атайтын болсақ, ол өзінің билік айтуға, әділеттілікті орнатуға тиіс екенін түсінер еді, шешім қабылдарда ойланар еді.

Сот атауы бізді отарлаушы орыс империясының әкімшілік-аумақтық басқару реформасының негізінде қазақтың билер институтын жою мақсатында енгізілген. Менің ойымша, сот деген сөзді тілдік лексиконымыздан ығыстырып, сотты би деп атайтын уақыт жетті.

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл мемлекет үшін аса көп уақыт емес. Дегенмен кейбір сәттерде батыл қадам жасаудың да қажеттілігі байқалады. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Ата Заңымыз біздің бостандығымыз бен құқығымыздың кепілі бола берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

— Сұхбатыңыз үшін көп рақмет!

Әңгімелескен Ұзақбек АТАНБАЕВ

 

Мақалада: Кенжеш Мұқашовсот жүйесі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

05.11.2026
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып...

Толығырақ...Details

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

05.11.2026
Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениеті мен тарихының айнасы. Ана тілін сақтау, оны күнделікті өмірде қолдану және кейінгі ұрпаққа жеткізу...

Толығырақ...Details

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени...

Толығырақ...Details

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 часа бұрын

Ана тілі мен төл мәдениетті сақтау – конституциялық құқық

4 часа бұрын

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 часа бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

4 часа бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

19 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

21 час бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

21 час бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

21 час бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

24 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС