"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРДАГЕР ҰСТАЗ АҚҚАЙША

05.03.2022
АРДАГЕР ҰСТАЗ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлыларды дүниеге әкелген Зере, Ұлжан аналарымыздың даналығы алты алашқа аян. Абай елінде қазақы қасиеттерді бойына жиып, асыл аналардың ізін жалғап келе жатқан ақ жаулықты жандар аз емес.  Солардың бірі – ұлағатты ұстаз Аққайша  Тұрсымбекова. Ардагер ананың өмірден түйгені де, кейінгі толқынға айтары да көп.

— Қасиетті өңір Аягөз қаласында 1958 жылы қарапайым отбасында  дүниеге келдім. Әкем Ботағазы — соғыс ардагері. Көпбалалы отбасындағы үш қыздың үлкені болдым. Апам Шолпан нағыз қазақы тәрбиенің мәйегін  қанып ішкен, ұлтымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін құрметтеген, көзі ашық, көкірегі ояу, тілге шешен текті адам еді. Сол кісінің қолында өстім. Бойымда қандай да бір жақсы қасиет болса, сол апамның берген тәрбиесі деп білемін, — дейді Аққайша Ботағазықызы.

Кейіпкеріміз мектепті үздік бітіріп, Семейдің Крупская атындағы педагогикалық институтына химия-биология факультетіне оқуға түсіпті. Оқуын тамамдаған соң Саржал ауылының азаматымен отбасын құрады. Еңбек жолын осы ауылдағы мектепте бастайды. Ата-енесі елге сыйлы жандар болған екен. Аққайша апа ол кісілердің де тәлім-тәрбиесін көріпті.

Отағасы Сейфолла екеуі бауырларын қамқорлықтарына алып, тәрбиелеп өсіреді, үйлендіріп, бір-бір отау қылып шығарыпты.

1983 жылы отағасының қызметі ауысып, аудан орталығы Қарауыл ауылына көшіп келеді. Абай атындағы орта мектепте табан аудармай 32 жыл  еңбек етіп, зейнет демалысына шығыпты.

— Тәңір берген төрт перзентімізді өсіріп,  жеткіздік. Бәрі отбасылы. Қазір немерелерімнің ортасында еңбегімнің зейнетін көріп отырмын, — дейді Аққайша әжей шүкіршілігін айтып.

-Абай атындағы мектеп-лицейде химия пәнін  тереңдетіп оқытатын  сыныптарға сабақ бердім. Шәкірттерім республика, облыс бойынша өткен жарыстарда, ғылыми жобаларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Өзім 2015 жылы   зейнетке шыққаныммен  мамандығымнан қол үзген жоқпын.  Химия-биология пәні мұғалімдеріне арналған  әдістемелік көмек  құралдарын жаздым, оқушыларды ҰБТ-ға дайындауға арналған  бірнеше кітапшаларым жарыққа  шықты. «Оқу мен оқытуды бағалау химия пәні сабақтарында», «Жаңа форматтағы ҰБТ есептері»,«ҰБТ химия есептері шығару жолымен», «Химиядан  аттестацияға көмекші құрал», «Фарадей заңдары химия есептерінде», «Жаңа оқулық есептері шешуімен» және өзге де көптеген оқулықтарым республика ұстаздары арасында сұранысқа ие болды, — дейді ардагер ұстаз.

Өмірін білім саласына арнаған білікті ұстаз Аққайша Ботағазықызының еңбегі бағаланып, ШҚО білім басқармасының алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Білім беру  ісінің үздігі» атанды.

— Ұстаз боламын деген жастарға айтарым: әрбір оқушыға сенім арту керек. Сенім шәкіртке қанат бітіреді. Ұстаз тек білімімен  ғана емес, биік адамгершілігімен де  шәкіртке үлгі болуы керек. Әрбір бала табиғаттың таңғажайып құбылысы ғой, сондықтан әрқайсысына жеке тұлға деп қараған жөн, — дейді кейіпкеріміз.

Мереке қарсаңында елінің ілтипатына, шәкірттердің алғысына бөленіп жүрген ұлағатты ұстазды құттықтап, сарқылмайтын жігер, таусылмайтын қуаныш тілейміз!

Нұрқыз МЫРЗАҚАНОВА,

«Семей таңы»

Мақалада: АРДАГЕР ҰСТАЗ

Ұқсас жаңалықтар

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

32 секунды бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

23 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

23 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

23 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС