"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНУЫ ТИІС

19.04.2022
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНУЫ ТИІС
288
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапты. Бұл айтулы оқиға жерімізге сансыз қайғы-қасірет әкелген ядролық жарылыстарды тоқтатып, тәуелсіз Қазақстан Республикасын бейбітсүйгіш ел ретінде әлемге танытты. Осыдан бері аттай отыз жылдан астам уақыт өтсе де сол атом бомбасының зардабын бастан өткерген және әлі күнге дейін радиация аумағында тұратын Абыралы өңірінің халқы лайықты қолдауды сезіне алмай отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың сәуір айында Семейге келген сапарында полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет екенін айтқан болатын.

«Полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы керек. Үкіметке полигон аумағындағы халыққа берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Жыл соңына дейін полигон аймағындағы тұрғындар мен олардың ұрпақтарына ядролық сынақтардың тигізген зиянын нақтылап, әлеуметтік көмектердің көлемін анықтаймыз”,- деген еді.

Мемлекет басшысы осы мәселені Үкімет деңгейінде қарауды тапсырған. Алайда Семей халқы әлі де лайықты қолдауды ала алмай келеді.

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау туралы» Заңда аймақтағы жұмыс істейтін азаматтардың жалақысына ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш 4597 теңге ғана экологиялық үстеме қосылады. Бірақ оның өзіне барлық азаматтардың қолы жете бермейді. Жеке бизнеске жалданып жұмыс істейтіндер сол азын-аулақ төлемнің өзін ала алмайды. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, көршілес Ресей мемлекетінде азаматтарды қолдау тетіктері әлдеқашан жолға қойылған. Зейнеткерлікке белгіленген мерзімнен 10 жыл бұрын шығады. Жалақысына қомақты үстеме ақы қосылады. Мұнымен қоса, дәрігерге қаралуға жеңілдіктер мен жылына 1 рет курорттық демалыс қарастырылған.

Алысқа бармай ақ өзіміздің Арал өңірін алып қарасақ. Мұнда экологиялық зардап шеккен азаматтардың айлық еңбекақысына 50 пайыз қосымша есептеліп тиісті төлемдер жүргізіледі. Ал дағдарыс аймағы бойынша, Қызылорда қаласы мен Байқоңыр қаласы бойынша, сонымен қатар аудандарға 1,3 коэффициент, яғни 30 пайыз еңбекақыға қосымша төлемдер беріледі. Демек жалақысы орташа есеппен 100 мың теңге болса, қосымша 50 мың теңге экологиялық төлем ретінде жүргізіледі. Сонымен қатар қосымша еңбек демалысын берумен бірге, бір айдағы орташа жалақы есебінен материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ дәрi-дәрмектердi тегiн және 30 пайыз жеңілдікпен сатып алуға, санаторий-курорт жолдамаларымен тегiн қамтамасыз етуге, мүгедектерге сауықтыруға арнап берiлетiн жыл сайынғы жәрдемақыға, коммуналдық қызмет, электр қуаты, газ, жылу үшiн төленетiн ақыны 50 және 25 пайызға кемiтуге; жеке немесе кооперативтiк тұрғын үй салуға процентсiз несие алып, оның 50 процентiн өтеу тұрғысынан көмек ала алады. Ал біздегі жағдай көңіл көншітпейді.

Жуырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заң жобасы мақұлданды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов мырза полигонның шартты таза және нормативтен тыс ластанған жерлерінің шекаралары айқындалатынын айтты. Заң жобасын қабылдау тұтастай алғанда экология, халықтың радиациялық қауіпсіздігі мәселелеріне оң әсер етпек. Мұнымен қоса полигон аумағындағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалануға мүмкіндік тумақ. Осыған қатысты «Ақшың» корпорациясының президенті, «Абыралы-Дегелең» қорының президенті Марат Құрманбай пікір білдірді. Ол өз сөзінде қырық жыл атом бомбасының зардабын көрген Абыралы халқының әлеуметтік қолдау мәселесі әлі күнге дейін шешілмегенін тілге тиек етті.

— Жалпы алғанда министр мырзамен келісуге болады. Дегенмен, сол полигонның тікелей зардабын көрген халықтың жағдайы тағы да назардан тыс қалып қойды. Абыралы өңірі тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, құқықтық, мәдени сауықтыру, экологиялық мәселелерін шешуге ықпал етуге қатысты мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келеміз. Өкінішке орай халықтың үні естір құлаққа жетпей қалып жатыр. Осы орайда полигоннан зардап шеккендер туралы заң нормаларына өзгерістер енгізу керек немесе мүлде жаңа заң қабылдау қажет.

Өткен жылдың қазан айында Семей ядролық-сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған конференцияда қатысушылардың талаптарын іске асыру мақсатында қалада «Полигон 21» қоғамдық комитеті құрылған болатын. Оның құрамына Семей қаласында ғана емес, сонымен қатар өзге де өңірлерде тұратын әр салада қызмет ететін азаматтар кіреді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы қарарын және Қазақстан Республикасының Конституциясын басшылыққа ала отырып, жаңадан құрылатын Абай облысында полигонға қатысты кешенді іс-шаралар әзірлеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды ұсынып отырмыз. Ол комиссияның құрамына жергілікті мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет пен азаматтық қоғам өкілдері кіруі тиіс. Сонымен қатар заманауи талаптарды ескере отырып, полигон туралы жаңа заң қабылдануы қажет деп есептейміз, — деді Марат Серікжанұлы.

Семей ядролық полигонынан зардап шегіп, радиацияның уын жұтқан халықты қолдау тетіктерін жетілдіретін кез келді. Бұл басқару жүйесі жаңғыра бастаған Жаңа Қазақстанда іске асса игі.

Б.ҚАРЫНБАЙ

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

 

Мақалада: СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАНУЫ ТИІС

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

13 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

13 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

14 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

14 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС