"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Депутат әскерге бармаған жастарды дрон операторы ретінде оқытуды ұсынды

08.12.2025
Депутат әскерге бармаған жастарды дрон операторы ретінде оқытуды ұсынды

Қорғаныс министрлігі

444
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Semeytany.kz – Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев әскерге шақырылуға жарамды жастардың жартысынан азы ғана қызметке алынатынын айтып, әскери борышын өтемегендерді дрон және пилотсыз технологиялармен жұмыс істеуге міндетті түрде оқытуды ұсынды, деп жазды Arasha.kz.

«Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңсесінде пилотсыз авиациялық жүйелерді дамыту мәселесіне арналған кездесу өтті. Жиынға Қорғаныс министрлігі өкілдері, салалық мамандар және дрон технологиясын өндіретін компаниялар қатысты. Кездесу жайлы партия төрағасы Азат Перуашев өзінің Telegram-арнасында жазды.

«БАС құзыреттілік орталығы» ЖШС директоры Абзал Ерубаевтың айтуынша, Қазақстанда 10 мыңнан астам дрон бар, алайда ресми сертификатталған операторлардың саны шамамен мыңның төңірегінде ғана. Дрондардың бақылаусыз әрі реттелмеген қолданылуы азаматтық авиацияға, электр желілеріне, өнеркәсіптік және тұрғын үй нысандарының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Жастар арасында дрон технологиясына қызығушылық жоғары болғанымен, оларды жүйелі оқытуға бөлінетін қаражат жеткіліксіз. Бұл білім беру, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, өнеркәсіп, құрылыс, энергетика, мәдениет пен спорт, цифрлық даму және ішкі істер ведомстволары тарапынан қаржыландырудың шектеулі болуымен байланысты.

Осыған орай депутат Серік Ерубаев балама ұсыныс айтты. Оның сөзінше:
– әскерге жарамды жастардың тек аз бөлігі ғана әскер қатарына шақырылады;
– алайда олардың елеулі бөлігі компьютерлік ойындар мен технологияға әуес.

Сондықтан депутат әскери қызметке алынбаған жастарға өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қолданылатын дрондармен және басқа да пилотсыз жүйелермен жұмыс істеуді міндетті түрде үйретуді қарастыру керек деп санайды. Ұсынысқа сәйкес, мұндай курс ақысы жастардың өз есебінен төленуі мүмкін, ал оқу бағдарламасына ұшқышсыз ұшу аппараттарынан бөлек өндірістік бағыттағы заманауи пилотсыз технологиялар да енгізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

06.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытындағы...

Толығырақ...Details

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

06.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас...

Толығырақ...Details

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

04.07.2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Әділет» партиясы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға толықтай дайын екенін мәлімдейді. Біз бұл сайлауды жаңа Конституцияны іске асырудың және Қазақстандағы демократиялық...

Толығырақ...Details

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

04.07.2026
Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен өткен республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы өз жұмысын аяқтады. Алты айға жуық уақытқа созылған...

Толығырақ...Details

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

04.07.2026
Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра...

Толығырақ...Details

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

03.07.2026
Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

Бүгін Курчатов қаласында қуаты 700 Мегаватт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті. Маңызды шараға облыс әкімі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

5 часов бұрын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

6 часов бұрын

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

2 дня бұрын

Абай облысында 4 мыңға жуық адам «Халықтық бухгалтер» акциясынан тегін кеңес алды

2 дня бұрын

Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

2 дня бұрын

Курчатов қаласында конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

3 дня бұрын

Бизнестен түскен ұсыныстар «Әділет» партиясының өнеркәсіптік саясатына енгізіледі

3 дня бұрын

Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады

3 дня бұрын

Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды

4 дня бұрын

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС