"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ

29.04.2022
     Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ
120
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

     «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ»

Халық даналығы

 

     Иа, расында да  ,татулықсыз, бірлік-берекесіз, ынтымақсыз ештеңенің де өнбесі анық. Еткен еңбектің де жемісі бекер болмақ. Ауызбірлігі жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды. Сондықтан бірлік пен береке домбыраның қос ішегі іспеттес.

Ата-бабамыздың бірлік жайлы айтып кеткен даналық сөздері бүгінгі ұрпақ үшін мәңгі мұра болып қалғаны рас. Мәселен, «Іргесі берік елді жау алмас, аузы бір елді дау алмас”, «Бірлік қайда болса, ынтымақ сонда”, «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді”, «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп”. Қандай мағыналы, мәнді асыл сөздер десеңізші!

Қазақ тарихына көз жүгіртіп қарасақ, ата-бабаларымыз бірлік пен татулықтың үлгісін көрсете білген. Қазақ қазақ болғалы тәуелсіз ел атанып, күллі әлемге ұлан-ғайыр жерімен, өзіндік салт-дәстүрімен, ғасырлар бойы атадан балаға аманатқа қалған діні, дала тарихынан сыр шертетін тілі арқылы қазақ деген ел бар екенін әлемге танытты. Алайда осының бәріне оңай қолымыз жеткен жоқ. Бұл еркіндікке бабаларымыздың қаны, аналарымыздың көз жасы, сонымен қатар ауызбіршіліктің, ыңтымақтың мықтылығымен қол жеткіздік. Көпұлтты ел болсақ та, ынтымақтастық пен татулықтың арқасында бүкіл дүние жүзі мойындаған іргелі мемлекетке айналдық.

Қазіргі жаһандану дәуірінде Қазақстанның ірі мемлекеттер жетегінде кетпей, өзінің ұстанымын айқын көрсететін мүмкіндіктері мол. Атам қазақ «Бөлінгенді бөрі жейді” деп текке айтпаған. Тек қазіргі заманғы білім мен техника талабына сай болғанда ғана әлем елдерінің алдыңғы сапынан орын аламыз. Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітудің жолы 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламада нақты көрсетілген. Бізде орташа еңбекақы, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер Әзірбайжан, Түркімен, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. елдерге қарағанда әлденеше көп.

Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз” деп Қазақстандағы ұлттар достастығын қоғамымыздың басты табысы ретінде атап көрсетті. Қазақ еліндегі ұлттар ынтымақты ұран етті. Нәтижесінде Қазақстан көп елден көш ілгері.

Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, терең кемеңгерлікпен еліміздің құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.

Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздегі халықтардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Біз қазіргі күні экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырмыз. Елдің қол жеткен табыстарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызығушылық танытуда. Осының өзі көңілді марқайтып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміңді арттыра түседі. Әрине, дос сүйсініп, дұшпан қызғана қарайтын жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Бұл – ең алдымен қазақ халқының өз ішіндегі ауызбіршіліктің, жалпы, қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында жетіп отырған игілікті нәтижелер. Біздің міндетіміз – осы бірлікті алдағы уақытта да нығайта беру, күшейте түсу. Төле би бабамыз «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін” деп ұрпақтарына өсиет қалдырса, Қаз дауысты Қазыбек би «Біз үш жүз қазақ керіспейік, асылы бізге керіскен жөн емес” деп төңірегіндегілерді бір-бірін сыйлап, құрметтеуге шақырды. Әйтеке бидің мына сөзі де күнделікті өмірде басшылыққа алып жүретін негізгі қағидамыз болуы тиіс. «Егер де үш жүздің билікке таласуы тоқтамайтын болса, қазақ елі күйреуге ұшырап, басқа халықтың езгісіне түсіп, жуандардың жұдырығына жем болады”. Ата-баба аманатына адал болу, өсиет-ақылдарын іске асыру – басты парызымыз.

Сөз жоқ, дәл қазіргі күні Қазақстан экономикасы қарқынды дамып, мәдениеті өсіп-өркендеп келе жатқан әлемдегі танымал да беделді мемлекеттердің біріне айналып келеді.Сан ұлттың басын қосқан қоғамдық институт ретінде бүгінде өзінің маңыздылығын дәлелдеген Қазақстан халқы Ассамблеясы. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған Ассамблея біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлшегіне айналды. Иә, елдің иесі – қазақ ұлтына өзінің өткеніне, қазіргісіне және болашағына патриоттық қарым-қатынас қалыптастыруға септесетін жалпыұлттық тарихи сананы дамыту қажет. Қазақстан Президенті толеранттылықты қалыптастыратын өзіне тән әлеуметтік-мәдени ережелерін, салттары мен дәстүрлерін жалпыадамзаттық мақсаттағы материалдық емес мәдени мұралардың белгі-нышаны ретінде қарастыратын қазақ қоғамының ішкі бірлігін нығайтқан жөн екенін атап өтті.

1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні болып есептеледі. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді деп білемін.

 

 

Ақылбекова Балжан Алтынбекқызы

Семей қаласы «Әлихан Бөкейхан атындағы

№39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Мақалада: БІРЛІК КҮНІ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

11.02.2025
Абай облысында «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті

Абай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Солтүстік Арал қалпына келуде

10.02.2025
Солтүстік Арал қалпына келуде

«Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

07.02.2025
Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен...

Толығырақ...Details

Бюрократиядан қолайлылыққа: цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қалай жақсартады

07.02.2025

"Цифрлық технологиялар арқылы біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлығына тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз. Ол үшін мемлекеттік басқаруды...

Толығырақ...Details

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді

07.02.2025
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Енді, АӘК 12 айға емес, тек тоқсанға тағайындалатын болды. Бұл туралы Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы...

Толығырақ...Details

ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

06.02.2025
ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

Көбінесе ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бағаның күрт қымбаттауына әсер етеді. Бірақ елімізде олай болуы мүмкін бе? Жауап: тұтынушылар үшін бағаның айтарлықтай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

4 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

5 дней бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

5 дней бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

5 дней бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

6 дней бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

6 дней бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

6 дней бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

6 дней бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС