"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Тоқаев үндеуі, Кеосаян дауы. 5 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?

06.05.2022
Тоқаев үндеуі, Кеосаян дауы. 5 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?
287
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар туралы бейнеүндеу жасады. Қазақстанда Конституциялық сот құрылады. Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады, — деп хабарлайды Semeytany.kz

Сенат Қазақстан бюджетіне түзетулерді қабылдады 

Сенат депутаттары «Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдады. Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістерінің болжамы нақтыланды. 2022 жылы республикалық бюджет кірістері 10,2 триллион теңгеге бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 955 миллиард теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 4 030 миллиард теңгеге дейін немесе 1 630 миллиард теңгеге ұлғайтылады. Қаражат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталады. Республикалық бюджет шығыстарын нақтыланған көлемге қатысты 2,7 триллион теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 триллион теңге сомасында анықтау ұсынылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Қазақстанда утильалым мөлшерлемесі қашан өзгереді? 

Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындап, енгізді. Бұйрық 2022 жылғы 3 мамырда жарияланған және «ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң» қолданысқа енгізіледі. Осылайша, Қазақстанда утильалымның жаңа төмендетілген мөлшерлемесі 2022 жылдың 14 мамырында күшіне енеді. Еске салайық, қолданыстағы есептеу формуласына сәйкес кәдеге жарату төлемі көлік құралының қозғалтқышының көлеміне тікелей байланысты болады.

Сенат референдум туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды 

Сенат депутаты Андрей Лукин Комитет атынан салыстырмалы кестені қарауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 5-1-тармағына сәйкес Сенатқа «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына өзгерістерді Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынды. Құжаттың алдыңғы нұсқасына сәйкес, Тұңғыш Президент мәртебесіне байланысты мәселелер республикалық референдум нысанасы бола алмайды. Сенаторлардың ұсынысы — бұл норманы заң жобасынан алып тастау. Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарап, келіскен жағдайда құжат одан әрі Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Қазақстандағы референдум: түзетулерді қабылдау үшін қанша дауыс қажет? 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов шешім қабылдануы үшін референдумда қанша қазақстандық дауыс беру керек екенін айтты. Референдумға қатысқандардың 50 пайыздан астамы жақтап дауыс берсе, түзетулер қабылданады. Еске салайық, 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды.

Тоқаев референдум туралы конституциялық заңға енгізілген түзетулерге қол қойды 

Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар туралы бейнеүндеу жасады

Президент өз үндеуінде конституциялық реформаның маңызын атап өтті. Осыған орай  арнаулы жұмыс тобы құрылды. Оған белгілі құқықтанушы ғалымдар, тәжірибелі сарапшылар және құзырлы органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы негізгі заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірледі. Жоба зерттеліп, Конституциялық кеңеске жолданды. Мемлекет басшысы «Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту» деп атап өтіп, Конституциялық реформа не үшін қажет екенін түсіндірді.

Қазақстанда Конституциялық сот құрылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде Конституциялық сот құрылатынын айтты. Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады.

Қазақстандықтар ХҚКО-да құжатқа суретті өзі таңдай алады 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Сүйеніш Әбділдин Қазақстандық ХҚКО-лар үшін қандай жаңалықтар дайындалып жатқанын айтты. Оның сөзінше, «Азаматтарға арналған үкімет» Қазақстан ІІМ-мен бірлесіп ХҚКО-ларда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жоба әзірледі. Олар биометриялық жүйемен және түсінікті интерфейспен жабдықталған.2021 жылы елімізде 2,4 миллион жеке куәлік пен төлқұжат рәсімделген.

Тигран Кеосаянға нон грата персонасы статусын беру ісі басталды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянға нон грата персонасы статусын беру процесін бастады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. 24 сәуірде Кеосаян YouTube-арнасында видео жариялаған. Онда ол қазақстандықтар «Украинаға қарағаны жөн» екенін, ал ресейлік жауапты тұлғалар «қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек» деп мәлімдейді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-дағы реформа қалай жүріп жатыр?

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Президентке «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалаудың екінші кезеңінің жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Бұл кезеңде негізінен портфельдік компаниялардың тиімділігін арттыруға, олардың шығындарын оңтайландыра отырып, нарықтағы құнын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру да аса маңызды. Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына Қордың стратегиялық активтердегі бақылаушылық үлесін сақтай отырып, активтерді жекешелендіру бағдарламасын іске асыруды жалғастыратынын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Президент Қорға қарасты компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыруға, соның ішінде жобаларды іске асырудың нақты мерзімдеріне және халық алдындағы ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Тоқаев үндеуі, Кеосаян дауы. 5 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?
Фото: Ақорда

Президент Тоқаев Әлихан Байменовті қабылдады 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік басқарудағы жаһандық үдерістер туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы Жарлығын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Саладағы жемқорлықпен күрес тәсілдерін және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты

Тоқаев үндеуі, Кеосаян дауы. 5 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?
Фото: Ақорда
Мақалада: Кеосаян дауы. 5 мамырда Қазақстанда және әлемде не болды?Тоқаев үндеуі

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

05.10.2026
Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қарттар күніне орай және Мұғалімдер күні қарсаңында Семей қаласында тұратын ардагерлердің үйлеріне барып, қос мерекемен...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

3 дня бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

3 дня бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

4 дня бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

4 дня бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

1 неделя бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

1 неделя бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

1 неделя бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

1 неделя бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

1 неделя бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС