"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

02.11.2025
Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды
66
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Абай облысында үш мектеп салынды. Бүгін, міне, сол игі бастаманың жалғасы ретінде Аягөз қаласында 600 орындық төртінші мектептің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызына жерлестеріміздің атынан айрықша алғыс білдіреміз. Министр ретіндегі бірінші мектебін осы Абай елінде ашып жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Бұл мектеп Аягөз қаласындағы мектеп тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді. Шеткері аудан тұрғындарына арналған, барлық жағдай жасалған заманауи білім ордасы. Президенттің қолдауымен ашылып жатқан мектепте білім алған оқушылар алдағы уақытта республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетеді деп ойлаймыз. Жаңа мектеп құтты болсын», – деді аймақ басшысы.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған мектептердің өңірдің білім саласына тың серпін беретінін атап өтті.

«Халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жоба жарыстары бойынша 20 өңірдің ішінде Абай облысының оқушылары көш бастап тұр. Бұл Абай облысының жас өрендерінің ғылым мен білімге құштар екенін көрсетеді. Алдағы уақытта бюджет мүмкіндіктеріне қарай Ақсуат, Мақаншы, Үржар аудандарына «Келешек мектептерін» салуды қарастыратын боламыз. Жаңа мектеп құтты болсын! Осы мектептен білім алған оқушылар еліміздің ертеңіне үлес қосатын азаматтар болсын», — деді ол.

Оқу-ағарту министрі мектептің пәндік оқу кабинеттерін, зертханаларды, спорт залды аралап, оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен пікірлесті. Мектеп оқушыларының өнерін тамашалады. Облыс әкімімен бірге мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Жаңа мектеп үш қабатты, заманауи талаптарға сай салынған үш ғимараттан тұрады. Жалпы аумағы 9 992,8 шаршы метр. 600 оқушыға арналған білім ордасында 35 оқу кабинеті бар. Оның ішінде физика, химия, биология, информатика, STEM және робототехника зертханалары толық жабдықталған. Сондай-ақ спорт және акт залдары, медициналық пункт, асхана мен алғашқы әскери дайындық кабинеті бар. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейді. Мұнда 42 педагог қызмет етеді, олардың арасында 10 педагог-зерттеуші, 8 педагог-сарапшы және 11 педагог-модератор бар. Оқыту толық қазақ тілінде жүргізіледі.

Бұл – биыл Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған төртінші білім ордасы. Бұған дейін Бесқарағай ауданында 300 орындық, Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық мектептер пайдалануға берілген болатын.

Қазіргі уақытта облыс орталығындағы Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында 100 орындық мектептің құрылысы басталды. Ақсуат ауданының Екпін ауылында 300 орындық мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жолданған. Сондай-ақ Семей қаласындағы №11 орта мектепке жаңа ғимарат салу үшін жобалық құжаттар дайындалуда. Екі нысан да апатты деп танылған болатын. Бұл жобалар толық іске асқанда мыңға жуық баланың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды Аягөзде 600 орындық заманауи мектеп ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 дня бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

4 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

6 дней бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

6 дней бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

6 дней бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС