"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделіміз — Эрдоған

11.05.2022
Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделіміз — Эрдоған
113
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Түркияға іс-сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Мемлекет басшысы ең алдымен өзін қасиетті Анадолы жеріне мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға зор ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әлі ілгерілетуге дайын екенін атап өтті.

«Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделі екенімізді және сауда-экономикалық, мәдениет, қауіпсіздік салаларында бірге болатынымызды айтқым келеді. Біз екіжақты және көпжақты қатынастарымызды нығайта береміз деп келістік. БҰҰ, Ислам ынтымақтастық ұйымдарындағы бірлігімізді арттырамыз. Атамекенімізден келіп отырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырза мен оның құрметті делегациясының келгеніне аса қуаныштымыз», – деді Түркия президенті.

«Түрік халқына және президент мырзаға қонақжайлығы үшін алғыс айтамын. Біз бүгін бірқатар аса маңызды мәселелер туралы кең ауқымды келіссөздер өткіздік. Пікір алмасу мазмұнды, мағыналы болды. Президент Режеп Тайып Ердоған білімді, аса беделді саясаткер. Оның көзқарасы кең, сондықтан бұл кісінің пікірлері өте құнды. Түркия – біздің тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған ел. Оны қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Қазақстан –Түркиядан ешқашан да, ешқандай да зиян шекпеген ел. Әлі де солай жалғасып келеді. Қазақстан мен Түркия – тамырлас, бауырлас, достас мемлекеттер. Біздің шетелдегі алғашқы елшілігіміз Анкарада ашылған. Мұның символдық мәні зор. Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына биыл 30 жыл толды. Осы кезеңде біздің ынтымақтастығымыз нығайып, стратегиялық серіктестікке айналды. Ауқымды шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс, жаһандық және өңірлік құрылымдар аясындағы ықпалдастық ойдағыдай дамып келе жатыр», – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтайдан басталған қазақ көшінің қасиетті Анадолы топырағына жеткеніне биыл 70 жыл толғанын атап өтіп, қандастарымызды сол кездегі Түркия Премьер-Министрі Аднан Мендерес құшақ жая қарсы алғанын еске алды. Сондай-ақ жақында Алматы қаласындағы көшеге Түркияның осы бір аса көрнекті саясаткерінің есімі берілгенін айтты.

«Түрік жұрты Қазақстанға әрдайым тілектес әрі жанашыр екенін білеміз. Мұны ұдайы сезінеміз. Бүгінгі екіжақты кездесудің нәтижесінде маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, әскери-техникалық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Әсіресе, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін толық пайдалануға екі ел де мүдделі», – деді мемлекет басшысы.

Президент геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде мұның мән-маңызы айрықша екенін айтып, қазақ-түрік ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру үшін Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдағандарын жеткізді. Сонымен қатар түрлі саладағы байланысты жаңа белеске көтеретін маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойылды.

«Бұл – бауырластығымызды бекемдеп, ықпалдастығымызды нығайта түсетін маңызды қадам. Қазақстан мен Түркия Еуразия құрлығында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Осы ретте, екі ел халықаралық және аймақтық деңгейде тығыз ықпалдастық орнатқан», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымынша, үкіметаралық экономикалық комиссия сауда-экономикалық серіктестікті нығайтуға зор септігін тигізеді. Сондай-ақ, Түркі мемлекеттері ұйымы маңызды рөл атқарады.

“Былтыр Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі толыққанды ұйым болып қайта құрылғаны қуантарлық жайт. Бұл – бәрімізге ортақ жетістік. Біз осы ұйымның аясындағы жұмысты жалғастыра беруге мүдделіміз. Сонымен қатар, білім және мәдениет саласындағы байланысты одан әрі дамытамыз деп келістік. Бұл ұйым Қазақстан үшін аса маңызды, сондықтан біз оны үнемі қолдаймыз. Жалпы, Қазақстан мен Түркияның жан-жақты қарым-қатынасын нығайтуға мол мүмкіндік бар. Бүгінгі маңызды уағдаластықтар – соның айқын көрінісі. Менің мемлекеттік сапарым Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретініне кәміл сенемін», – деді мемлекет басшысы.

Президент осы байланысты одан әрі нығайту үшін Қазақстанда жоғары деңгейде екіжақты кездесу өткізу аса маңызды деп атап, Түркия Президенті, Режеп Тайип Ердоғанды елімізге сапармен келуге шақырғанын жеткізді. Сол кезде Нұр-Сұлтан қаласында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші отырысы өткізілмек.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында екі елдің әрдайым бір-біріне қолдау көрсете отырып, табысқа бірге жететініне сенім білдірді.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

 "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Мақалада: Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделіміз - Эрдоған

Ұқсас жаңалықтар

Халық Ердоғанды кінәлі деп таныды

09.02.2023
Халық Ердоғанды кінәлі деп таныды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында және көршілес Сирияда болған мұндай жойқын жер сілкінісіне дайындалу мүмкін емес болғанын айтты,...

Толығырақ...Details

Сеулде хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам көз жұмған

30.10.2022
Сеулде хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам көз жұмған

Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі....

Толығырақ...Details

Ресей тұрғындары елін тастап, жаппай Қазақстан мен жақын елдерге ұшып жатыр

21.09.2022
Ресей тұрғындары елін тастап, жаппай Қазақстан мен жақын елдерге ұшып жатыр

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Ресейге жақын елдерге сатылатын әуе билеттері бірнеше сағат ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 21...

Толығырақ...Details

Путин елде мобилизация жариялаған соң Ресейде қор нарығы құлдырап кетті

21.08.2022
Путин елде мобилизация жариялаған соң Ресейде қор нарығы құлдырап кетті

Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау шешімін жариялағаннан кейін Ресей нарығы қайта құлдырай бастады. Екінші күн қатарынан көрсеткіші түскен нарықта...

Толығырақ...Details

Путин дағыстандар мен буряттарды соғысқа айдап салуда – сарапшы

14.06.2022
Путин дағыстандар мен буряттарды соғысқа айдап салуда – сарапшы

Путин ірі қалалардың тұрғындарын соғысқа жөнелтуден қаймығады. Саясаттанушы Дмитрий Орешкиннің айтуынша Ресей диктаторы үшін буряттар мен дағыстандар қан төгіп жүр. ...

Толығырақ...Details

«Путин қатты қателеседі!». Байден Украианаға тікұшақтан бастап, зымыранның неше түрін жіберетінін айтты

01.06.2022
«Путин қатты қателеседі!». Байден Украианаға тікұшақтан бастап, зымыранның неше түрін жіберетінін айтты

Америка президенті Джо Байден окупанттармен кескілескен ұрыс жүргізіп жатқан Украина әскеріне замануи әскери техникалар мен жетілдірілген зымырандар, оқ-дәрі беретінін ашып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде Абай мен Омбы облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қандай мәселелер көтерілді?

15 часов бұрын

Бесқарағайда Шипалы көлінің жағасы тазартылды: экологиялық акция өтті

15 часов бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтар

15 часов бұрын

Ақсуатта жол қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бағдаршамдар орнатылды

2 дня бұрын

Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

2 дня бұрын

Облыс әкімі: Бірінші кезекте апатты мектептердің мәселесін шешуіміз керек

3 дня бұрын

Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын кешіктірмеуді тапсырды

3 дня бұрын

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

3 дня бұрын

Облыс әкімі Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесті

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС