"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАРМА ТӨРІНДЕГІ МЕРЕКЕ

21.05.2014
ЖАРМА ТӨРІНДЕГІ МЕРЕКЕ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада әншіні де, ақынды да, батырды да дүниеге әкелген киелі өлкеде дүбірлеген мереке өтті. ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың қолдауымен, аудан әкімі      Әнуарбек Мұхтархановтың арнайы шақыруымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген Семейдің өнер ұжымы  облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында концерт қойды. Еліміздегі ірі облыс-тардың бірі болып саналатын Шығыс Қазақстанның дәл ортасында орналасқан Жарма өлкесі Әди Шарипов, Әзілхан Нұршайықов сынды жазушылар мен ҚР Халық әртісі, Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева және ҚР мәдениет қайраткері, әнші Салтанат Сыбанбаева сынды өнер майталмандарын және ел игілігі үшін туған жерінің төріне спорт кешенін салып берген, қазақтың даңқты палуаны Дәулет Тұрлыханов сынды спорт сайыпқырандарын, сол сияқты ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов, ҚР мәдениет қайраткері, Моңғолияның Құрметті азаматы Адай Азаматов сынды азаматтарды және басқа да, жалпы, қай салада да болмасын асығы алшысынан түскен талай тарланды түлеткені белгілі. Осындай талант иелерін тудырған мекендегі мерекені жоғары дәрежеде өтті деуге болады. Жарма ауданына үлкен шығармашылық кеш өткізіп, сонымен қатар, туған жерге тағзым жасап, өнер иелерін жұртпен қауыштыруға ықпал еткен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Адай Азаматовтың еңбегінің ерекше екенін айта кеткен жөн болар.

 

{jcomments on}Аталмыш өнер ұжымының Қалбатау орталық алаңынан бастау алған концерті аудандық мәде-ниет үйінде жалғасты. Концерт барысында Адай Азаматовтың сөзіне жазылған әндер де орындалды. Мысалы, «Асыл Жарма» атты Тұрсынғазы Рахимовтың әнін Салтанат Сыбанбаева орындаса, «Жан жарым» атты Мәуліт Рахымбаевтың әнін Қадылбек пен Маржан Омаровтар орындады. Толғанбай Сембаев, Мапруза Өтеленова, Айдын Өмірбеков, Гүлдана Ноғайбаева сынды күміс көмей, жезтаңдай әншілер мен Айнұр Асқар сияқты мың бұралған бишілердің өнеріне жұрт тәнті болып, ерекше қошемет көрсетіп, ыстық ықыластарын аямады. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында концерт қойған өнер ұжымы жергілікті жұрттың ақ батасын алып қайтты.

 

Мерей ҚАРТОВ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

08.04.2026
Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі...

Толығырақ...Details

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

08.04.2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының базасында Қазақстан тарапының төрағалығымен Орталық Кеңестің он сегізінші отырысы өтті. Отырыс жұмысына...

Толығырақ...Details

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

08.04.2026
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы облысындағы туристік...

Толығырақ...Details

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

08.04.2026
Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

Абай облысында террористік тұрғыдан осал объектілер қатарына жатқызылған діни ғимараттардың қорғалу деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілді. Кезекті жұмыс кездесуіне...

Толығырақ...Details

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

08.04.2026
Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 4-тармағына сәйкес, жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) оны орындау (көрсету) барысында табылған кемшіліктер және...

Толығырақ...Details

Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

08.04.2026
Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

Жаңасемей ауданында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Нұржан Әбдікәрімов...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

1 час бұрын

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

2 часа бұрын

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

2 часа бұрын

Абай облысында діни ғимараттардың қорғалуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды

7 часов бұрын

Балконды жөндеуден кейін анықталған кемшіліктер жойылмағанына байланысты Абай облысында соттың қаулысы шықты

8 часов бұрын

Жаңасемей ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасып келеді

8 часов бұрын

Жаңасемей ауданында ауыз су жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

8 часов бұрын

Жаңасемей ауданында көшелер жарықтандырылып, абаттандыру жұмыстары күшейді

8 часов бұрын

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітім туралы келісімді құптады

8 часов бұрын

Абай облысында туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығы пысықталды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС