"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕР АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗІЛЕДІ

19.05.2022
ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕР АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗІЛЕДІ
91
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Новобаженов ауылдық округінде өсімдік және мал шаруашылығы салалары жақсы дамыған. 13 шаруашылық субъектілері ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен айналысады. Егіс алқаптары 5320,5 гектар аумақты алып жатыр, 1055 гектар алқапқа дәнді дақылдар, 1950 гектарға майлы дақылдар, 30 гектарға картоп, 128,5 гектар алқапқа көкөніс және бақша дақылдары, 2147 гектарға жем-шөп дақылдары егілуде.

Жуырда Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов ауылдық округтегі көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысып қайтты.

Аталған округтегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 63,4 мың гектарды құрайды. Оның 51,7 гектары — жайылымдық, 7,3 гектары — егістік, 0,6  гектары — шабындық және 3,8 гектары —  тыңайған жерлер.

Округте Қазіргі таңда округтегі кейбір шаруашылық субъектілері 1230 гектар алаңда бөлінген суармалы жер учаскелерін пайдаланбай отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілген 5288 гектар жердің тек 415 гектары ғана суарылады, яғни суару әдістері қолданылады.

Қала әкімі пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға енгізу және суару жүйелерін қолдану қажеттігіне ерекше назар аударды. Ол үшін осы бос жер учаскелерін игеру және пайдалану бойынша инвесторларды тарту қажет. Қазіргі таңда инвесторлар тарапынан қызығушылықтар бар. Олар өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға және суару жүйелерін қалпына келтіруге қаражат салуға дайын.

Биылғы жылы ірі «BA Agro Invest Group» агрокомпаниясы 2,0 млрд теңге қаражат бөліп, майлы, дәнді, жем-шөп дақылдарын өсіру және іске асыру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бастады. Новобаженов ауылдық округі аумағында 7022,9 гектар суармалы егістік бар. Ағымдағы жылы 2500 гектар ауыл шаруашылығы алқаптары игеріліп, 1500 гектар майлы (күнбағыс) және 1000 гектар дәнді дақылдар (бидай) егіледі. Жақын арада суармалы жерлердің ауданы 7000 гектарға дейін жеткізіледі және осы мақсаттар үшін қосымша 2,0 млрд теңге меншікті қаражат салынады.

Жергілікті атқарушы биліктің басты міндеті — суармалы жерлер мен жайылымдық жерлерге жер телімдерін әділ бөлу.

— Аумақты аралау барысында біз бір кездері жақсы суару жүйесі, арналар мен арықтар, сорғы станциялары болған үлкен жер телімдерін көрдік. Бүгінде мұның бәрі жарамсыз жағдайда. Бізге бұрынғы инженерлік инфрақұрылымды қалпына келтіріп, инвесторларды тарту үшін барлық жағдайды жасау керек. Ол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануды жете түсіну қажет: мал жаюға, егістікке, шабындыққа қандай жерлер бөлінгендігін анықтап, мақсаты бойынша пайдаланылмайтын учаскелерге тексеру жүргізу қажет, — деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Қала басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Екі айдан кейін мұнда жобалау институттарының мамандарын шақыру жоспарлануда. Сондай–ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарына «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасына қатысуға қолдау көрсетілетін болады. Бұл үшін кәсіпкерлердің өздері жобалық-сметалық құжатты және дамудың бизнес-жоспарларын уақтылы дайындауы тиіс.

Бақытжан Байахметов азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ауыл кәсіпкерлерін қолдау нәтижесінде сапалы табиғи өнім алуға және жергілікті нарықтарды өз көкөністерімізбен қолайлы бағамен толтыруға болады.

Новобаженов ауылдық округінде өткен әкімнің есептік кездесуінде тұрғындар жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Кездесу қорытындысы бойынша арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Жер телімдерін дұрыс бөлуге қатысты қажетті мәліметтер бар.  Қала әкімі Бақытжан Байахметов округте жеткілікті әлеует бар екендігін мәлімдеді.

Көктемгі егіс жұмыстарына келетін болсақ, көптеген шаруа қожалықтары озық технологияларды қолданады. Өнімділікті арттыру үшін минералды тыңайтқыштар мен заманауи ауылшаруашылық техникалары және жаңа жабдықтар қолданылады. Сұраныс ескеріле отырып, егіс алқаптарының құрылымы да өзгеруде. Мысалы, «Лаура» шаруа қожалығы 30 гектар алқапта ТL жаңбырлатқыш агрегатын орнатып, картоп пен көкөніс дақылдары (бұрыш, қызанақ, қияр, қырыққабат, баялды) өсірілетін 43 гектар алқапта тамшылатып суару әдісін қолданады.

Қабылданған шаралардың барлығы әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы тауарлары бағасын тұрақтандыруға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімін ішкі нарыққа жеткізуге және күзгі-қысқы кезеңде қаланың қолда бар көкөніс қоймаларын азық-түлікпен толтыруға септігін тигізеді.

 

Анар АХМЕТҚАЛИЕВА,

«Семей таңы»

Мақалада: ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕР АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

12.10.2026
СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Адалдық марафоны: Әділетті қоғам – менің таңдауым!» атты марафон ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

12.10.2026
Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар...

Толығырақ...Details

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

6 часов бұрын

Абай облысында жол және балалар қауіпсіздігін күшейту тапсырылды

6 часов бұрын

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС