"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – КЕЛЕШЕКТІ ОЙЛАУ

30.12.2024
ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – КЕЛЕШЕКТІ ОЙЛАУ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«ЖасStar» Сo-working орталығында «Әрекет арқылы даму» тақырыбымен Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесудің тікелей көрсетілімі университеттің Youtube арнасы арқылы жүргізілді. Ректор өзінің есеп беру кездесуінде университеттің дамуы, оның сапалы өзгерістері мен жетістіктері туралы баяндады, оқу ордасының академиялық білім беру, ғылыми-зерттеу, халықаралық қатынас, әлеуметтік қызметіне кеңінен тоқталды.

Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары, қоғам қайраткерлері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, саяси партия өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, білім алушылар, жұмыс берушілер, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Білім ордасының басшысы Shakarim University-дің негізгі мақсаты еліміздегі білім мен ғылым саласының өркендеуіне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына үлес қосу екенін атап өтті.

90 жылдық тарихы бар Биыл Shakarim University Халықаралық рейтингтерде біршама жетістіктерге қол жеткізді. QS Stars Rating System халықаралық рейтингісінде бірнеше бағыт бойынша «Бес жұлдыз» артықшылығына ие болды. Алғаш рет QS Sustainability Rankings беделді рейтингіне еніп, көптеген көрсеткіштер бойынша аймақтағы көшбасшыға айналды. Сонымен қатар, университет дамуындағы ең айтулы оқиғалардың бірі – QS Asia University Rankings 2025 рейтингісінде (Азияның 25 елінен 984 университетті бағалаған) Shakarim University 501-520 орынға тұрақтап, өткен жылмен салыстырғанда 100 сатыға жоғарылады.

UI GreenMetric World University Ranking қорытындысы бойынша: әлемдегі экологиялық таза университеттер рейтингінде 662-орын (өткен жылмен салыстырғанда 150 орынға жоғары), қазақстандық жоғары оқу орындары арасында — 8-ші орыннан көрінді. Бұл жетістіктер университет ұжымының қажырлы еңбегі мен сапалы білім беру жүйесінің жемісі екені анық.

Биылғы жыл университет инфрақұрылымын дамытудың бетбұрысты жылы болды. Ұзақ жылдар бойы консервацияда тұрған бұрынғы «Юность» асханасы қазір заманауи және жайлы «ЖасStar» Сo-working орталығына айналды. Ескі бекіністегі оқу базасы, Агробиолаборатория,Спорт кешені, Инжиниринг орталығы және Агротехнопарк ерекше өзгерістерге ұшырады. Бірнеше арнаулы кабинет ашылып, студенттер игілігіне берілді.

Ректордың есебінде жиі қолданылған «алғаш рет» деген сөздер оқу ғимараттары мен студенттер үйлерінде орнатылған дабыл жүйесі, бейнебақылау және дыбыстық хабарлама жүйесіне қатысты айтылды. Алғаш рет №1 жатақхананың 3-ші подъезіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, үш подъездің екеуіндегі лифт толық жаңартылды. Үшінші блоктағы 32 бөлме толық жөндеуден өтті: жылыту жүйесі, сантехника, жуынатын бөлмелержаңартылды, электромонтаж және әрлеу жұмыстары жүргізілді, ас үй және киім шкафтары орнатылды. Бұл бөлмелерді жас оқытушылар мен ғалымдарға жалға берілетін тұрғын үй ретінде пайдалануға шешім қабылданды.

«ЖасStar» Co-working-тің де жылыту жүйесі, электр кабельдері мен рубильниктер толық ауыстырылды. Өртке қарсы дабыл жүйесі мен бейнебақылау жүйелері орнатылды. Қабырға, төбе, едені толық жөндеуден өтті. Терезелер мен санитарлық тораптар жаңартылды. Универсиеттің жиһаз жасау цехында арнайы дайындалған үстелдер, орындықтар және шкафтар орнатылды.

№2 Спорттық кешеннің барлық төрт залына, шахмат кабинетінің шешіну бөлмелеріне, атриумдарға, баспалдақтарға толық жөндеу жүргізілді. Ішкі есіктер мен жиһаздар жаңартылды. Спорттық жабдықтар алмастырылып, заманауи тренажерлар орнатылды.

Өзгерістер әрбір оқу ғимараты мен студенттер үйін әртүрлі деңгейде қамтыды десе де болады. Мысалы, бас ғимараттың кіреберісі қайта жаңғыртылды, автотұрақ аймағы жөнделді (алғаш рет), сондай-ақ алғаш рет бас ғимаратқа келетін су құбыры алмастырылып, кабинеттер, фойе, жаяу жүргіншілер жолы, кәріз жүйелері, шатыр жабыны т.б. қалыпқа келтірілді.

2024 жылдың көктемінде жасалған трансформация нәтижесінде 5 факультет 3 – Зерттеу мектебі және 6 Жоғары мектеп болып өзгертілді.

Сапалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында биылдан бастап университетте профессорлық-оқытушы құрам үшін KPI жүйесі енгізілді.

Science Professor лауазымына шетелде білім алып келген 5 жас ғалым тартылды.

76 білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтсе, халықаралық жоғары оқу орындарымен 36 серіктестік келісімге қол қойылды.

Қазіргі уақытта университетте жалпы сомасы 4,9 млрд теңге болатын 52 ғылыми жоба жүзеге асырылу үстінде. Соның арқасында ғылыммен айналысып отырған PhD, жас оқытушылардың жалақылары әжептәуір артып отыр.

Қаржыландырылатын ғылыми зерттеу жұмыстары шеңберінде ұлттық өнім – құрт және жартылай фабрикаттарды өндіру цехтары, микробиологиялық және ПЦР лабораториялары ашылды.

Биыл университте алғаш рет жүзеге асырылып жатқан коммерциаландыру жобасы шеңберінде «MetPro инжиниринг компаниясы» ЖШС құрылды. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының «ХЭТУ» компаниясы машина жасау саласын дамытуға 15 млн теңге көлемінде инвестиция жасады.

Ректор есебі барысында жетістіктермен қатар ғылым саласындағы мәселелер де қозғалды. Атап айтсақ, кадр тапшылығы, ғылыми кадрлардың қартаюы, дарынды жастардың кетуі, пәнаралық зерттеулердің жоқтығы, студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға ынталанбауы, ғылым мен облыс экономикасы байланысының аздығы т.б.

Баяндамасында университет стратегиясында бекітілген 5 негізгі бағыттың әрқайсысына жеке тоқталып, 2023-2024 оқу жылының қорытындысын жасаған Думан Рымғалиұлы: « Қазақстанның стратегиялық мақсаттары мен жаһандық сын-тегеуріндерін ескерсек, жоғары білім беру мен ғылым саласындағы трансформация міндеттерін шешу жас кадрлық әлеуетсіз мүмкін емес. Бұл туралы Президентіміз де ерекше атап өткен болатын. Бұл фактор біздің университетіміздің дамуы үшін ең маңызды, ең салмақты және басым бағыт болып қала береді»- деп жастарға басымдық беруді басты назарда ұстап отырғанын жеткізді.

Осы мәселені негізге ала отырып, 2025 жылға үш негізгі міндет нақтыланды.

Жаңа ғылыми элита қалыптастыру.
Кадрларды жаңарту және интеграциялау.
Әлеуметтік және қаржылық ынталандыру.

Сонымен қатар, 2025-2026 оқу жылына ағылшын тілінде 3 білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Олар:

1. Digital Process Engineering (Цифрлық процесс инженериясы)

2. Safety of food raw materials and food products (Азық-түлік шикізаты мен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі)

3. Nuclear reactors and power plants (Ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғылар)

Университет бұл бағытта шетелдік студенттер үшін стипендиялық бағдарламаларды енгізуді, оқытушылар құрамының ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруды, ағылшын тілді аудиторияға бағытталған материалдар әзірлеуді, Erasmus+, Horizon халықаралық бағдарламаларына қатысуды да көздеп отыр.

«Бүгінгі есеп беру кездесуі – ондаған жылдар бойы қордаланған мәселелерді ашық талқылау. Оның дәл осы коворкинг-орталығында өткізілуі символикалық мәнге ие. Бұл жер – өзгерістер мен жаңғырудың символы. Мұнда ескі кезеңнің парағы жабылды. Осы жерден жаңа дәуірдің қадамдары басталады. Біз жаңашылдықты қабылдап, алға жылжуға дайынбыз. Дәл осы орынды өзгерткеніміздей, әрқайсымыз өз ойымызды, көзқарасымызды, өзгертіп, өзімізді жаңа, өзекті, сұранысқа ие бағытқа бейімдеуді үйренуіміз қажет»- деп түйіндеді Думан Орынбеков.

Жиынға қатысушылар өз сауалдарын қойып, университет басшылығы мен ұжым еңбегіне оң бағаларын берді.

2025 жыл «Shakarim University-дің жас ғалымдары, студенттері, серпінді технологиялар мен инновациялары жылы» деп жарияланды!

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

11.09.2026
Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық жүріп жатыр. 1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмау бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, медициналық...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

10.09.2026
2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

Мүлік салығын Салық кодексінде көрсетілген салық салу объектілері бар жеке тұлғалар төлейді. Оларға пәтерлер, тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, автотұрақтар және...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

4 дня бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

4 дня бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

4 дня бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

5 дней бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

5 дней бұрын

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын

Жаңа мүмкіндіктер: Абай облысында мерзімді әскери қызмет қалай өзгерді

6 дней бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 дней бұрын

Абай облысында алғаш рет жаңа форматта әскерге шығарып салу рәсімі өтті

1 неделя бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС